АЛМАТЫЛЫҚ ЕПИСКОП ОРТА АЗИЯНЫҢ КАТОЛИКТІК ЕПИСКОПТАРЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ватиканнан келген кардинал, Қазақстан Президенті және Республика Парламенті Сенатының Төрағасы жаңа епископтық конференция қатысушыларына ерекше үндеу жасады.
Пленарное заседание Конференции католических епископов Центральной Азии

27 сәуір күні таңертең Орта Азия Католиктік Епископтар Конференциясының алғашқы пленарлық отырысының ресми ашылуы өтті. Салтанатты шараға Конференцияға енетін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Монғолия епископтары мен ординарийлары, қонақ ретінде келген апостолдық нунцийлар мен епископтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Қуанышұлы Омаров қатысты.

Қатысушы иерархтар Шіркеу мен адамзаттың ортақ игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуге ұмтылуға шақырылған құттықтау сөзінен кейін жаңа құрылымның төрағасын сайлау нәтижелері жарияланды. Орта Азияның Католиктік Епископтарының Конференциясын келесі төрт жылдағы жасырын дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, бұған дейін Қазақстанның Католиктік Епископтарының Конференциясына төрағалық еткен Алматыдағы Аса Қасиетті Үштік епархиясының ординарийі, Епископ Хосе Луис Мумбиела Сиерра басқарды. Вице-төраға болып Өзбекстанның Апостолдық администраторы Епископ Ежи Мацулевич сайланды. Бас хатшы болып Қарағанды епархиясының Епископ көмекшісі Евгений Зинковский тағайындалды. Олар барлық епископтармен, ординарийлермен және қасиеткерлермен бірлесе отырып, Орта Азия аймағындағы католиктер атынан ел мемлекеттеріне сай шығып және Католик Шіркеуінің миссиясын тиімді жүзеге асыру және сенушілерді рухани азықтандыру үшін ортақ әрекеттерді үйлестіруге ат салысады.

Халықтар арасында Евангелиені тарату Апостолдық Тағы Конгрегациясының  Префектісі  кардинал Луис Антонио Гоким Тагле қатысушыларға тиісті өсиетсөзін арнады. Дәл осы Ватикан ведомствосының жүргізген реформасының арқасында епископтардың осындай халықаралық бірлестігінің пайда болуы мүмкін болды. Оның Жоғары Мәртебесі  қатысушыларды Орта Азия елдерінің аумақтарындағы Шіркеудің өмірі мен қызметінде ерекше рөл атқаратын айтулы оқиғамен құттықтады. Ол бұл аймақтағы Католик Шіркеуі азшылық есепте болса да, бұл оның қоғам өміріндегі рөлін төмендетпейтінін атап өтті. Осы аймақтағы католиктердің тарихына назар аудара отырып, әсіресе барлық сенушілер үшін қасиетті өмірдің үлгісі болып табылатын адамдарды ерекше бөліп көрсете отырып, ол жаңа конференция жұмысына бірнеше сілтеме жасады. Олардың ішінде: басқа діндермен достық қарым-қатынасты дамыту, приходтарда катехизациялауды жүзеге асыратын қасиеткерлерді, монахтар мен дүнияуи жандарды тұрақты түрде қалыптастыру және тиісті даярлау, сонымен қатар  Ватиканның арнайы гранттарын пайдалана отырып, католик кітаптарын, дұға кітаптарын және оқу құралдарын қазақ тіліне аудару және басып шығару бар, өйткені бұл қоғамның түрлі салаларына, синодтық процеске, жастармен және отбасылармен жұмыс істеу шараларына, Каритас жобаларын жүзеге асыруға Інжілдің енуіне ықпал етуі мүмкін. Ол сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының қатысып отырған өкілдеріне осы оқиғаның қуанышын бөлісуге келгендері үшін алғысын білдірді, елдегі қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер трагедиясының құрбандарына көңіл айтты, сондай-ақ Республика үкіметінің түрлі халықтар, конфессиялар мен діндер арасындағы бейбітшілік пен диалогты дамыту мақсаттарына адалдығын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Әшімбаев жаңадан құрылған конференцияның алғашқы пленарлық отырысының ашылуына шақырылғаны үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқып, «Қазақстан Парламенті Сенаты конфессияаралық диалогты, мәдениетаралық өзара түсіністік пен бүкіл әлемде бейбітшілікке қол жеткізу үшін өзара сыйластықты дамытуға барынша қолдау көрсетуге ұмтылады» деп сендірді, сондай-ақ «Католик Шіркеуі мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынас  керемет және жылдан жылға әр түрлі деңгейдегі тығыз ынтымақтастықтың , сондай-ақ «әр түрлі біліми, мәдени,әлеуметтік және гуманитарлық бастамалар мен жобалар» арқасында нығайып келеді»деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Иоанн Павел II-нің  2001 жылы Қазақстанға келген кезінде қазақстандықтарға арнаған «бітімгер болуымыз қажет, өйткені бейбітшілікке  берік негізделген қоғам — болашағы бар қоғам» деген ортақ мақсат туралы сөздерін мысалға  келтіре отырып, бүкіл әлем бойынша, әсіресе Украинада орын алып жатқан қақтығыстардың қасіретіне назар аударды. Ол Қазақстан «қақтығысушы тараптарды, екі елдің  бауырлас халықтары үшін үміт күттіретін болашақты қамтамасыз ететін келіссөздер, диалог жолымен жанжалды реттеу әдістерін табуға табандылықпен шақыратынын»атап өтті.
Оның айтуынша, Рим Понтифигінің екінші тарихи сапары және оның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуы «шын мәнінде Қазақстанның әлемдегі дінаралық және өркениетаралық диалог пен ынтымақтастық үшін сенімді тұғырнаманы қамтамасыз етудегі рөлін растайтын бірегей оқиға болуы мүмкін».

АЛМАТЫЛЫҚ ЕПИСКОП ОРТА АЗИЯНЫҢ КАТОЛИКТІК ЕПИСКОПТАРЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Кездесуге қатысушылардың ортақ фотосуреті

Ол сонымен қатар Епископтық Конференцияның барлық мүшелерін және ол біріктіретін елдердің католиктік қауымдастықтарын қатысуға және Конгрестің табысқа жетуіне  үлес қосуға шақырды. Қазақстан мен Ватиканның түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеуеті мен көптеген мүмкіндіктері бар екендігіне сенім білдіре отырып, Әшімбаев қатысушыларға игі рухани миссиясын орындауда табыс және Конференцияда жемісті жұмыс тіледі.

Конференцияның өзі бірнеше күнге созылады, оның барысында 7 елдің епископтары мен ординарийлері  жандарға бақташылық қамқорлық жасау іс-шараларына және  Шіркеудің аймақтағы әртүрлі жобаларына қатысты мәселелерді талқылайды. Кездесу 1 мамырда, Озерноедағы Бейбітшілік Патшайымының  Ұлттық Қасиетті Ордасында қатысушылардың Орта Азияны Құдай Анасы Мәриямға  бағыштауымен аяқталады.

 Оқиға орнында түсірілген фотосуреттерді  сілтемеде >> көруге болады

ОАКЕК қатысушыларының Қарағандыға сапары >>

 ОАКЕК жұмысы және Орта Азия елдерін Құдай Анасы Мәриямға бағыштау туралы шолу материалы >>

Католическая информационная служба Казахстана

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top