Астана және Қазақстан митрополиті Александр Католик соборына барды

Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр посетил Католический собор

2019 жылы 20 сәуірде Нұр-сұлтан қаласындағы «Құдай Ананың Қалтқысыз Көмегі» кафедралды соборында Әулие Мәриям Архиепархиясының ординарийлері Қазақстандық митрополиттік аймақтың басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті.

Кездесуге христиан шіркеулерінің қазіргі кездегі литургиялық жылының маңызды оқиғалары себеп болды. 21 сәуірде Орыс Православ Шіркеуі Пальма Жексенбісі (Тәңірдің Иерусалимге кіруі) мейрамын атап өтеді. Ал Рим-католиктік Шіркеуінің сенушілері бұл түнде Христостың Қайта Тірілуі салтанатты литургиясы – Пасха мейрамын өткізеді.

Православ Шіркеуінің сенуші адамдары биылғы жылы Пасха мейрамын бір аптадан кейін – 28 сәуір күні атап өтеді.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Католик соборына барды

Бауырластық кездесу барысында астана атауының ауысуына байланысты Католик архиепархиясының атауына өзгерістер енгізу мәселесі сияқты ағымдағы мәселелер достық жағдайда талқыланды. Митрополит Александр католик ординарийлеріне “Ұлы архиерей” атты иконаны сыйға тартты.

Париж Құдай Анасы Кафедралды Соборындағы қайғылы өрт талқыланды. Митрополит Александр Ұлы Апта  уақытындағы бұл жаңалықпен таң қалған ағалары мен әпкелерімен ынтымақтастықты білдірді. Бірлескен күш-жігермен соборды қалпына келтіруге болады деген үміт айтылды.

Митрополит Александр «Мәриям – Шіркеудің Анасы» Епархияаралық Жоғары Діни Семинарияның семинаристтарына міндетін орындауда адалдық тіледі, Исамен бірге осы жолды соңына дейін өтуді және толығымен берілуге тілек білдірді.

Әулие Мәриям Архиепархиясының өкілдерімен кездесуден кейін Митрополит Александр Қазақстандағы Апостолдық Нунций – архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесу үшін Ватикан елшілігіне барды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Католик соборына барды

Пасха мейрамы түнінің қарсаңында митрополит Александр Қазақстандағы Католик Шіркеуінің барлық адалдарына Қайта Тірілген Мәсіхпен, біздің Тәңіріміз және Құтқарушымызбен рақымға толы уақытты тіледі. Христостың  Қайта Тірілуі туралы Ақиқат біздің өміріміз арқылы Ол туралы куәлік етуге мүмкіндік беруі үшін!

Христос Қайта Тірілді! Шын тірілді!

Кездесу қорытындысы бойынша хабарлама дайындаған:семинарист Судак Сергей

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top