Қарағандыдағы Каритас

Қарағандыдағы Каритас

«Каритас» католиктік қайырымдылық ұйымы Қазақстанда мұқтаж адамдарға жиырма жылдан астам уақыт бойы көмек көрсетіп келеді.

Бірінші Ұлттық Каритас 1997 жылдың 22 қыркүйегіндегі Декретке сәйкес Қарағанды қаласында Архиепископ Ян Павел Ленганың жарлығымен құрылды. 1998 жылдың 11 тамызында Ұлттық Каритас Қоғамдық Қор ретінде ресми түрде тіркелді. 2001 жылдың 13 маусымында Каритас Астанада ашылды.

Ұлттық Каритастың бірінші директоры болып Аделио Делл’Оро әкей тағайындалды. Басқа жылдары директордың міндетін Януш Вольни әкей мен Януш Марек Поток әкей атқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағандыдағы Каритасты Збигнев Грыгорцевич әкей басқарады.

Біз кімге көмектесеміз?

Жыл сайын жүздеген Қарағанды тұрғындары Каритастың қолдауына ие болады. Көмек мұқтаж адамдарға, ұлты мен діни сенімдеріне қарамастан көрсетіледі.

Қарағандыдағы Каритас күшімен жүзеге асырылатын қайырымдылық бағдарламалар арасында әлеуметтік көмекке ерекше маңыз аударылады. Кедейлерге киім-кешек пен азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетіліп, қарттарға қолдау көрсету мақсатында қаражат жинау ұйымдастырылады, емделушілерге дәрі-дәрмектерді сатып алу және емделу үшін ақшалай көмек жүзеге асырылады, сондай-ақ мүгедектерге мүгедек арбалары мен балдақтары беріледі.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған демалыс лагерлері жұмыс істейді, демалыс кезінде сабақ өткізіледі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін мектепке арналған тауарларды сатып алуға ақша жиналады.

Әлеуметтік бейімделу бағдарламалары аясында тегін компьютерлік сауаттылық курстары, ағылшын тілі курстары бар, «Кинестетикс» –   қимыл-қозғалысы бұзылуылары бар адамдарға қамқорлық жасау, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, еріктілермен жұмыс жүргізу ұйымдастырылған.

Мигранттарға арналған негізгі бағдарлама – ол поляк халқынан шыққан мұқтаж адамдарға Польша елшілігінің қаржылай көмегі, сондай-ақ репатрианттардың отанына оралуына көмек көрсетілуі.

Бізге кім көмектеседі

Қазақстандағы Каритас  COR UNUM, CRS, Renovabis, Kirche in not, Италия, Словакия, Бельгия және Нидерландыдағы Ұлттық Каритас, Тарновский поляк шіркеуі, Polpharma Польша фармацевтикалық компаниясы, ASA (Астанадағы елшілердің жұбайлары) сияқты ұйымдармен және Қазақстандағы түрлі елдердің елшіліктерімен қызмет істеп келеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан құрылған Калькутталық Тереза ананың қайтыс болған күнінің еске алуға арналған халықаралық қайырымдылық күні 5 қыркүйекте бүкіл әлемде жыл сайын атап өтілетінін еске саламыз. Қазақстан да  осыған ұқсас мереке бар – Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарғысымен  Алғыс айту күні жарияланды және ол Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күн 1 наурыз күні атап өтіледі.

Қарағандыдағы Каритас туралы толығырақ ақпаратты  https://www.caritaskaraganda.com/ ресми сайтынан оқуға болады.

Scroll to Top