Тәңірдің Туылуы мерекесі – 2022 орай құттықтаулар

Рождественские поздравления епископов и ординариев Казахстана
Сурет: Алевтина Самусева

Архиепископ Томаш Пэта және епсикоп Атаназиус Шнайдер

Иса мадақталсын! Қымбатты бауырлар мен әпке-қарындастар!

Отбасында баланың дүниеге келуін күткен кезде, біз оның жақын арада туылуы керек екенін білеміз, үлкен үміт, күту, уайымдау және қуаныш бар.

Ал Иса Мәсіхтің, біздің Құдайымыз бен Құтқарушымыздың дүниеге келуі туралы не айта аламыз?

Көптеген ғасырлар бойы адамдар мұны күтті, кейбіреулері саналы түрде күтті, таңдаулы халық Құтқарушының келетінін білген еді. Кейбіреулері бейсаналы түрде күтті,  олар тек қазір ғана Құдайдың 2000 жыл бұрын дүниеге келгенін біліп жатыр. Сондықтан, Тәңірдің Туылуы біз үшін әрқашан өте үлкен оқиға.

Бұл 2000 жыл бұрын болған нәрсе, бірақ ол бүгін болып жатқан сияқты, өйткені 2000 жыл бұрын Иса Мәсіхтің дүниеге келуі-бұл әр адамға шақыру. «Мені қабылдаңдар, Мені жүрекпен қабыл алыңдар» деген шақыру.Ол: «Мені Құдайың және Құтқарушың деп мойында»-дейді.

Баршамызды Тәңірдің Туылуы мерекесімен құттықтай отырып, Астанада болған оқиға туралы еске алғым келеді.

15 қыркүйекте Қасиетті Әке Франциск  Астанадағы Кафедралды Соборда Ұлы Дала Анасы  атты иконаны қасиеттеді. Бұл иконаға , кішкентай Исаға,Оның Құдай Анасына қараған кезде  бұл оқиғаның ұлылығы жайлы одан да жақсырақ ойлана аламыз. Құдай Мәриям Бике арқылы адам болып келді, ал Мәриям жай ғана адам, бірақ  Құдайға ең жақын адам.  Алматыда Қазақстан үшін жасалған бұл иконаға Рим Папасы Францисктің батасын беруг е келіскенін зор ризашылықпен еске аламыз.

Болашақта бұл икона Озерноедан, Ұлттық Қасиетті Ордадан орын алады. Ұлы Дала Анасының  иконасы Рим Папасы Францисктің Қазақстандағы сапарын еске салушы болып табылады.

Құрметтілерім, Сіздерге барлық игіліктерді тілеймін.

Иса мен Мәриямға қарап, біздің әрқайсымызды Құдайдың не нәрсеге шақыратынын бұдан да жақсырақ түсінетін болайық.

Құдай адамға айналды, әулиелердің бірі айтқандай, адамдар  Құдайға одан сайын жақынырақ  болуы үшін Құдай адам болды.

Мәсіх туылуда! Бұл Тәңірдің Туылына орай құттықтауларды менің және епископ Атаназиустың  атынан  баршаңызға  жолдаймын , біздің бүкіл Әулие Мәриям Архиепархиясы атынан Сіздерді Тәңірдің Туылуымен  құттықтаймыз.

Мәсіх туылуда! Оған зор мадақ болсын!

Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының епископы
Хосе Луис Мумбиелла Сиерра

Тәңірдің Туылуы құтты болсын!

Мүмкін, менің сүйікті жақындарым, сіздердің үйлеріңізде Бетлехемде, Мәсіх дүниеге келген шағын ауылда  болған оқиғаны еске түсіретін мұндай мүсіншелер жоқ шығар. БІрақ әрине үйлеріңізде шырша бар деп ойлаймын.

Шыршалар.. өзінің мәңгілік жапырақтары сияқты осы мәңгілік құндылықтарды біздің есімізге салады. Дәл осы  Сәбидің бізге әкелген құндылықтарын еске салады. Бейбітшілік,махаббат, татулық құндылықтары…біз жыл сайын,күн сайын бізде болғанын қалайтын құндылықтар. Өйткені біздің жүрегіміз соған ұмтылады. Сіздер  міне енді ғана   басталғалы тұрған Жаңа Жылда Құдай бізге арамыздағы осы Сәбидің болуының арқасында сыйлайтын  құндылықтарды сұрайсыздар.

Рим Папасы Францисктің біздің арамызда болғанын қуанышпен еске алғанда  оның жолдауы үшін, оның бәріміз бейбітшілік пен бірліктің елшісі болымуыз керек деген үндеуі үшін Құдайға алғыс айтамыз. Естеріңізде болса, бұл бауырластық рухы адамдарға таралуы керек деген еді.

Сонымен қатар ,  бұл туралы тек адам ғана айтып қоймай,Құдайдың Өзі,Бейбітшіліктің Өзі, Махаббаттың Өзі бізге деген сүйіспеншілікпен келетінін білгенде шексіз қуанамыз. Ол бізге тек сөзбен емес, Өзінің біздің арамызда болуымен жеткізеді.Құдай біздің арамызда. Махаббат, Бейбітшілік біздің арамызда . Мәңгілік мына жердің бетінде  қарапайымдылықпен өмір сүруде.

Менің сүйікті бауырларым мен әпке-қарындастарым, жүрегімізді, үйлерімізді,отбасыларымызды, елімізді, халқымызды, мәдениетімізді осы қайырымды Сәбидің бізге кішіпейілділікпен,қарапайымдылықпен, кедейлікте әкелген  құндылықтарына ашайық.

Ол сіздердің үйлеріңізге, отбасыларыңызға және әрқайсыңызға рақымын төксін. Соғыс болған жерде бейбітшілік орнасын,қақтығыстар болған жерде мейірімділік пен татулық барлығына тиесілі болсын.

Тәңір осы Сәби арқылы рақымын төгіп, әрқайсымызға Оның бейбітшілігін, Оның Сүйіспеншілігін берсін.

Әке, және Ұл, және Қасиетті Рухтың атына. Аумин

Тәңірдің Туылуы құтты болсын!

Атырау Апостолдық Администратурасының апостолдық администраторы 
Петер Сакмар әке

Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол-Иеміз Мәсіх!(Лк 2,11 ).

Құрметті бауырлар мен әпке-қарындастар, осы жарқын мерекеде Құдай бізге, біздің әлсіздігімізге, бақытсыздығымызға, адами бақытсыздыққа басын бұрып , Өзінің тыныштығын, бейбітшілігін сыйлауға келеді.

Біз өте қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз, бірақ Құдай бізді тастамайды.

Ол біздің еңсемізді көтеру үшін, Өз бейбітшілгін сыйлау үшін осы жерге келеді.

Мәсіх және Құтқарушы…Ол әрқайсымыздың Тәңіріміз.

Біз тойлап жатқан осы жарқын мереке, яғни Тәңірдің Туылуы  біздің жүрегімізде орнасын.

Бұл мереке бізді үлкен қуанышқа толтырсын, біздің арамызда Тәңіріміз,Эммануиль-Құдай бізбен бірге .

Тәңірдің Туылуы құтты болсын!

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top