РИМ ПАПАСЫ ФРАНЦИСКТІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫНЫҢ БІРЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН ВАТИКАН АРАСЫНДАҒЫ КОНКОРДАТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛУЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ

2023 жылғы 17 қыркүйекте Астанадағы Кафедралды Соборда мерейтойдың қалай өткені туралы осы материал (+фото және видео) әңгімелейді
Годовщина Визита Папы Франциска

2023 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстандағы Католик Шіркеуі бірден екі маңызды оқиғаны атап өтті: Рим Папасы Францисктің Қазақстанға тарихи сапарының біржылдығы және Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы Келісімге қол қойылуының 25 жылдығы.

Астанадағы іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың арасында Қазақстандағы Католик Шіркеуінің епископтары мен ординарийлері, Ватикан өкілі, сондай-ақ мемлекеттік билік органдары мен мемлекеттік мекемелердің көрнекті қайраткерлері болды. Олардың қатысуы іс-шараның маңыздылығын және Католик Шіркеуі мен Қазақстан арасындағы берік байланысты білдіреді.

Астанадағы Кафедралды Соборда өткен іс-шараның тікелей көрсетілімінің толық бейнежазбасы

Іс-шараның фотоальбомын сілтеме бойынша көруге болады

Бұл іс — шараның бағдарламасы Астанадағы Әулие Мәриям архиепархиясының архиепископ-митрополиті және оның епископ-көмекшісі Атаназиус Шнайдермен, Қарағанды епархиясының епископ-көмекшісі Евгений Зинковскиймен, Атыраудағы Апостолдық администраторы Петер Сакмар әкемен және Апостолдық Нунциатураның хатшысы Монсиньор Микеле Тутало және басқа діни қызметкерлермен бірге Астанадағы Құдай Анасының Қалтқысыз Көмегі Кафедралды Соборындағы Мессадан басталды.

Архиепископ кіріспе сөзінде тура бір жыл бұрын, 2022 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және шіркеу билігінің шақыруымен біздің елімізге мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен, жұртшылықпен және еліміздің католиктерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізген Қасиетті Әке Франциск келгенін еске салды. Сонымен қатар, ол әртүрлі діндер мен конфессиялардың көшбасшылары мен өкілдері қазіргі әлем алдында тұрған сын-қатерлерге қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына-халықаралық іс-шараға тікелей қатысты.

Микеле Тутало

Өз кезегінде, Ватиканның Қазақстандағы елшілігінің өкілі монсеньор Мишель Тутало Евангелиеден кейінгі уағызында 1998 жылғы 24 қыркүйекте қол қойылған Конкордатта бекітілген Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Қазақстан мен Ватикан арасында қалыптасқан дипломатиялық байланыстар тақырыбына, сондай-ақ бұл жалпы қоғамда және халықаралық деңгейде бейбітшілік пен келісімге қол жеткізу мақсаттарын жүзеге асыруға қалай ықпал ететініне ерекше назар аударды.

«Дамуын жалғастырып келе жатқан мейірімді, құрметке толы қарым-қатынастар мемлекетке де, Католик Шіркеуіне де олардың нақты миссияларын орындауға көмектеседі. Жиырма бес жыл бұрын қол қойылған Келісім, сондай-ақ өткен жылы Астанада Апостолдық сапар кезінде қол қойылған қосымша келісім өзара таным мен өзара көмекке негізгі қадамдар болып табылады», – деп атап өтті нунциатура хатшысы және католиктерді «Евангелиенің жаңалығын жариялаудың осы жолын барлығымен диалогта, дұғада тұрақты , қайырымдылықта шығармашыл, қарым-қатынаста табанды, барлығында және бәрімен қуанышты және кішіпейіл бола отырып, жалғастыруға шақырды» (уағыздың толық мәтінін мына жерден оқуға болады >>>)

Іс-шараның рухани аспектісінен басқа, қатысушылар Рим Папасы Францисктің сапары туралы, сол маңызды оқиғаны еске түсіретін бейнефильмді тамашалай алды

Евгений Зинковский

Астана католиктерінің қауымы мен іс-шара қонақтары Орталық Азияның католиктік епископтары конференциясының хатшысы Епископ Евгений Зинковскийдің сөзін аса қызығушылықпен тыңдады, ол өз сөзінде Рим Папасының сапарымен байланысты кейбір жайттарды еске түсірді және қыркүйек айының басында Моңғолияда кездескен кездегі Қасиетті Әкенің барлық Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді.

Досбол Касымов

Астанадағы Кафедралды Собор қауымының келушісі , EXPO аумағында Папаның қатысуымен өткен  Қасиетті Мессаға қатысқан Г. С. Нугужинова ханым,  сондай-ақ «Ұлы Дала Анасы» – «Матерь Великой Степи» иконасын салған  белгілі қазақстандық суретші Д. М. Қасымов мырза бөліскен жеке куәліктер де ешкімді бей-жай қалдырмады .Лариса Латышова

Лариса Латышова

Бағдарламаның жарқын тұстарының бірі Қазақ ұлттық өнер университеті өкілдерінің өнер көрсетуі болды. ҚазҰӨУ «Вокалдық өнер және хор дирижерлығы» кафедрасының ПЦК меңгерушісі Тамашагүл Гюнтер ханым «Ave Maria» музыкалық шығармасын орындады, оны көрнекті органист Лариса Латышова ханым, ҚазҰӨУ фортепиано және орган кафедрасының доценті сүйемелдеді. Бұл керемет ән мен музыка жиналғандарға 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Кафедралды Соборға келген уақытында Рим Папасы қасиеттеген  Құдай Анасының сәбиімен тұрған иконаның сұлулығы туралы  ой түюге  көмектесті деп ойлаймыз.

Нукежанов Ержан Болатканович

Іс-шара мемлекет өкілдерінің шабыттандыратын сөздерімен жалғасты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Болатқанұлы Нүкежанов мырза сенушілерді құттықтап, діндер арасындағы диалог пен түрлі этностар арасындағы достық Қазақстан тарихы мен саясатында аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сарсенбаев Булат Сергазиевич

Ал Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев мырза өз үндеуінде өзі басқаратын орталық ұйымдастырған 2022 жылы Діни лидерлер конгресінің қалай өткені туралы айтып берді. Мемлекет тарихында Қазақстан халқы түрлі себептермен ел аумағына келген және көмекке мұқтаж адамдарға үнемі жанашырлық танытқанына назар аударды. Сондай-ақ, Католик Шіркеуінің қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кафедральный Собор Астана

Іс-шараның қорытынды бөлімінде жоғары дәрежелі қонақтар Рим Папасының Қазақстанға сапарымен байланысты маңызды оқиғаларды фотосурет түрінде бейнелейтін бірегей көрмені ашуға шақырылды.

17 қыркүйекте өткен іс-шара Рим Папасы Францисктің біздің Республикаға тарихи сапары мен оның елдегі католиктерге берген ізгі тілектерін ғана  еске түсіріп  қоймайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Католик Шіркеуі арасындағы диалогты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытуға деген тұрақты ұмтылыстың символын білдіреді. Бұл католиктік қауымдастық пен мемлекетті бейбітшілікке, бірлік пен келісімге ұмтылуда байланыстыратын берік достық пен ортақ құндылықтардың көрінісі.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top