«РАҚМЕТ», ҚАЗАҚСТАН! МЕРЕКЕ ТАМЫРЫН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

"Спасибо", Казахстан! Праздник прижился

Осы жылы қазақстандықтар бесінші рет Алғыс айту күнін атап өтті,бұл мерекені халық өте жақсы қыбылдады. Негізі елімізде айдың басын айтулы мерекемен бастау жақсы дәстүрге айналған: 1 қаңтар, 1 наурыз,1 мамыр, 1 желтоқсан…ал бұл жылы 1 наурызға,көктемнің басталуы және алғыс айту күнімен қоса, православтықтардың кешірімді жексенбісі де тұспа-тұс келіп тұр. Алайда әлеуметтік желідегі қаптаған статустардың арасында алғыс айту сөздері де осы күні жиі кездесті. Бұл мерекенің тамыр жая орнығып қалғанының нағыз дәлелі емес пе?! Еліміздің әр бөлігінде тойлануының өзі осыны айтып тұр.

Осыған орай Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Түймебаев Жансеит Кансеитұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы салтанатты жиынды басқарды. Іс-шара елордалық Достық үйінде мемлекеттік орган қызметкерлері, республикалық және елордалық ҚХА этномәдени бірлестіктер өкілдері,дипкорпус өкілдері, қоғам қайраткерлері мен діни көшбасшылардың қатысуымен өткізілді.

"Спасибо", Казахстан! Праздник прижился

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен өз сөзінде айтып кетті: «Көктемнің алғашқы күні қазақстандықтар жас бірақ терең мағыналы мереке-Алғыс айту күнін тойлауда! Біз барлығымыздың бар екенімізіге, бір-бірімізді құрметтеп, бір шаңырақтың астында, бір ел-Қазақстан Репсубликасы болып отырғанмызға алғыс айтамыз. Алғыс айту күні-біздің ортақ тарихымызға деген құрмет көрсету,еліміздің барлық азаматтары үшін туған үй болып отырған қасиетті қазақ жеріне деген ризашылық».

ҚХА төрағасының орныбасары Жансеит Түймебаев айтып өткендей: «Алғыс айту күні- бұл Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім саясатының символы. Осының арқасында бізде қоғамдық келісім мен бірыңғай ұлттық бірліктің бірегей үлгісі қалыптасты».

Қазақстанның Рим-Католиктік Шіркеуінің ресми өкілі ретінде салтанатты іс-шарада Астанадағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясының ординариі, архиепископ-митрополит Томаш Пэта қатысты.  

"Спасибо", Казахстан! Праздник прижился

2020 жылы « еріктілер жылы»  деп жарияланды. Сонымен қатар осы жылы  тарихи мерейтойлар мен еске алу күндері қатарымен келуде: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Конституцяимыздың 25 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл, бұл мерекелер туралы ұйымдастырушылар да атап өтті.

Тараз қаласында, Жамбыл облысының орталығында, Дін істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бастамасымен алғыс айту күніне орай, салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік кездесу дін өкілдері -ислам, православ, католицизм, протестантизм және қаланың басқа да діни бірлестіктері басшыларының қатысуымен өтті.

"Спасибо", Казахстан! Праздник прижился

2020 жылы басқаша формат таңдалды- «Шахристан» тарихи-туристік орталығына экскурсия жасалып, тарихи-өлкетану мұражайының павильондарында өткізілді.

Бұл күні тарих, мәдениет және әр аймақтың даму дәуіріне тереңдей еніп, Таразда мыңдаған жылдар бойы әртүрлі ұлт және дін өкілдерінің бірге келісім мен ынтымақта өмір сүргені туралы білуге керемет мүмкіндік туды: несториандар( христиандық бағыты),мұсылмандар, зороастршылар, буддашылдар.

Археологиялық қазбалар  нәтижесінде, Тараз қаласы мен Жамбыл облысында Ұлы Жібек жолы дәуірінде қаланың қандай маңызды рөл атқарғанын көрсететін тарихи затар табылды. Қазіргі сәтте,облыс орталығы өзінің тарихи,мәдени және діни мұрасына шынайы берілгендігін көрсетуде.

«РАҚМЕТ», ҚАЗАҚСТАН!  МЕРЕКЕ ТАМЫРЫН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

Діни бірлестік өкілдері  тарихты ұмытпау өте маңызды екендігін, XX ғасырдағы  тоталитарлық режим кезінде,саяси репрессия, жер айдау, ұлттық белгі бойынша депортация жасау салдарынан орын алған көптеген ұлтатр мен ұлыстарға көрсетілген қорлық пен сұмдыққа жол берілмеуі керек екендігін баса айтты.

Алғыс айта білетін ұрпақ- бұл барлығы қалай болғанын білетін, және жоғары моралға,этика,мәдениет, руханилық және өзара құрметке толы қоғамды құратындар. Жалпы адамзат құндылықтарын сақтау және көбейту-біздің ортақ миссиямыз.

Сергей Судак
aýdarý: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top