Қазақстан Католиктері

Кім боламыз және неге сенеміз

Иса Мәсіх құрған Католиктік Шіркеуі жер шеттеріне дейін Ізгі хабарды таратып, Құтқарушы оған тапсырған миссиясын жалғастырады.

Қазақстан Католиктері

Немен айналысамыз

Өз қызметімізді адам өмірінің әртүрлі салаларында жүзеге асырамыз: рухани қамқор, қайырымдылық, мәдениет, білім.

Қазақстан Католиктері

Бізді қалай табуға болады

Біздің махаллаларымыз Қазақстанның барлық қалаларында бар деп айтуға болады. Католиктік пресбүтерлер тіпті ең қашық кенттерде тұрған сенімділердің қамын ойлайды.

Папа Римский в Казахстане

“Қазақстан, сіздердің бір миссияларыңыз бар – діндер мен ұлттар және құрлықтар арасындағы көпір болу. Құдай сіздерге батасын берсін!”

ПАПА Жохан Пауыл II

2001 жылғы 22-25 қыркүйектегі Қазақстанға сапары кезінде

Қазақстан – әлемнің екі бөлігінде, Еуропа мен Азия шекараларында орналасқан мемлекет. Ол Каспий теңізінен батыста Қытаймен шекарасындажататын Алтай тауларға дейін шығыста созылып жатыр. Солтүстігінде Ресеймен, ал оңтүстігінде – Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шектеседі. Бұрын КСРО құрамына кіретін. Ел Конституциясы Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет деп анықтайды. Қазақстандағы негізгі діндер ислам (ел халқының 70%-ге жуық) және христиандық (26%-ге жуық) болып табылады, сондай-ақ басқа діндер де бар. Кеңес заманында Қазақстан көптеген қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың (этникалық немістердің, батыс украиндардың, поляктартардың және т.б.) қамау және айдалу орыны болған, олардың арасында католиктердің елеулі үлесі болды. Босатылғаннан кейін олардың көбі республикада қалып, католиктік сенімінің Қазақстанда таралуына жағдай жасады.

Scroll to Top