Католиктер Абай облысындағы өрттен зардап шеккендер үшін дұға етуде

8 маусымнан бастап Абай облысының аумағында 60 000 гектардан астам аумақты қамтыған орман өртіне қарсы күрес жүріп жатыр. 12 маусымда ел өртті сөндіру кезінде қаза тапқан құрбандар үшін Жалпыұлттық аза тұту күнін жарияланды. Еліміздің католиктері осы табиғи апаттан зардап шеккендер мен оны тез арада тоқтату туралы дұға етуде.
Католики объединяются в молитве о жертвах пожара в Абайской области
Сурет: ҚР ТЖМ

Қазақстанның католиктік қауымдастығы Абай облысында болып жатқан табиғи апат туралы жаңалықтарды қатты қайғырып қабылдады. Барлық католиктік қауымдастықтарда шын жүректен көңіл айтумен және ынтымақтастықпен Абай облысында болған жан түршігерлік өрттің құрбандары  мен зардап шеккендер үшін дұғалар жасалуда. Дұғаларда еліміздің сенушілері осы қорқынышты апатта жақындарынан, үйлерінен және басқа да мүліктерінен айырылғандармен бірге қайғырып,жан-тәнімен бірге болуға ниет білдіреді.

Көптеген адамдар үйлерінен кетуге мәжбүр болып және сұрапыл қауіппен бетпе-бет қалған кезде, үлкен қалалар мен шағын ауылдардың католиктері өршіп тұрған отқа жақын жүрген адамдар мен өртті сөндіруге қатысушылардың қауіпсіздігі мен қал-жағдайы үшін Тәңіріміз оларды нығайтып, осы сынақтарды жеңуге күш берсін деп дұға етуде.

Қазақстан Католик Шіркеуінің ординарилері барлығын табиғат пен қоршаған орта қалпына келуі және адамдар мүмкіндігінше тезірек қалыпты жағдайға оралуы үшін, осы экологиялық апаттың тоқтауы  үшін дұға етуге шақырады. Олар сондай-ақ осы өрттен зардап шеккендерді қолдау үшін бірігуге шақырады. Жалпыға ортақ ынтымақтастық пен рухани бірлік қиындықтарды тез арада еңсеруге, Абай облысын қалпына келтіруге және бүкіл елдің өркендеуіне ықпал етсін деп тілейміз.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top