ТЕРРОРИЗМДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУ КЕРЕК. ИОАНН ПАВЛА II КЕҢЕСТЕРІ

20 жыл бұрын, АҚШ-тағы 11 қыркүйекте болған қайғылы оқиғадан соң және Ауғанстандағы соғыс басталғаннан кейін, Рим Папасы Иоанн Павел II барша әлемге терроризмді түбірімен жоюдың кілтін ұсынған жолдауын жария етті. Көптеген жылдар өтті, бірақ бұл кеңестер әлі де өзекті.
Иоанн Павел II как победить терроризм

Әулие Иоанн Павел II 2002 жылы Дүниежүзілік бейбітшілік күніне өзінің жыл сайынғы жолдауын жазды, сол кезде ғаламшарымыз АҚШ-тағы бірқатар ірі террорлық шабуылдардан зардап шегіп, Ауғанстанда тағы бір соғыс басталған еді. Жолдауда Рим Папасы елді терроризмнен қорғау және оған жауапты адамдарды жазалау құқығын мойындады.

«Әрине, терроризмнен қорғану құқығы бар, ол әрдайым мақсаттар мен құралдарды таңдауда моральдық және құқықтық шектеулерді сақтай отырып жүзеге асырылуы керек. Кінәлілер дұрыс анықталуы керек, өйткені қылмыстық жауапкершілік әрқашан жеке сипатқа ие және ол террористердің белгілі бір ұлтқа, этникалық топқа немесе дінге жатуына тәуелді емес».

Алайда, ол сонымен бірге бәрі тек әскери шешімге  тірелмеуі керек деп есептеді. Иоанн Павел II терроризмнің түпкі себептерін жоюды жақтады. Оның пікірінше, әділетсіздік, қысымшылық және кедейлік үмітін жоғалтқан адамдарды терроризмге итермелеуі мүмкін:

«Террористік қауіпке қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық сонымен бірге террористердің ниетіне ықпал ететін жергілікті халықтың езгісі мен маргиналдану жағдайларын жеңілдетуге батыл және шешуші саяси, дипломатиялық және экономикалық міндеттемелерді қамтуы керек. Олардың жаңа ізбасарларын жалдау іс жүзінде адамдардың құқықтары бұзылған және әділетсіздікке ұзақ уақыт төзуге тура келетін жағдайларда жеңілдейді».

Террористік ұйымдар кедейлік, білімнің болмауы және адамның негізгі құқықтарының сақталмауы жағдайында көбейеді. Егер терроризмге ықпал ететін жағдайларды жоймаса, ол одан да күшейе түседі.

«Алайда, әлемдегі әділетсіздік ешқашан террористік актілерді ақтау үшін пайдаланылмайтынын нақты айту керек», — деп атап өтті Иоанн Павел II.

Сонымен қатар, терроризм белгілі бір дін немесе моральдық көшбасшымен мақұлданбауы керек.

«Бірде-бір діни көшбасшы терроризмді мойындамайды және  уағыздай алмайды. Өзін Құдай үшін террорист деп жариялау, Оның атынан басқаларға зорлық — зомбылық жасау-бұл діннің қадірін кетіру. Террористік зорлық-зомбылық-бұл адамға қамқор болатын және оны жақсы көретін, адамды Жаратушы Құдайға деген сенімге қайшы келеді…

Түрлі христиандық конфессиялар, сондай-ақ ірі әлемдік діндер терроризмнің әлеуметтік және мәдени себептерін жою үшін бірлесіп жұмыс істеулері тиіс. Олар мұны адамның ұлылығы мен қадір-қасиеті жайлы үйрету және адами отбасының бірлігін сезінуге ықпал ету арқылы жасай алады. Бұл экумендік және дінаралық диалог пен ынтымақтастықтың ерекше саласы, діннің бүкіл әлемде бейбітшілік орнауы үшін  көрсететін маңызды және өзекті қызметі.

Атап айтқанда, мен иудаизм, христиан және ислам дінбасылары бүгінде терроризмді көпшілік алдында айыптауда және террористерді діни немесе моральдық заңдылықтың кез-келген түрінде қабылдамауда жетекші рөл атқаруы керек деп санаймын».

Ең алдымен, бейбітшілікке жол тек кешірім мен мейірімділік арқылы ғана жасалуы мүмкін:

«Керісінше, кешіре алмау, әсіресе бұл  қақтығысты созуға қызмет ететін болса, адамзаттың дамуы тұрғысынан өте қымбатқа түседі. Бұл жағдайда ресурстар даму, бейбітшілік және әділеттілік үшін емес, қару жасау үшін қолданылады. Татуласуға қабілетсіздіктен адамзат қаншама азап шегеді! Кешіргісі келмегендіктен прогресте қаншама кідірістер бар! Әділдіксіз шынайы бейбітшілік жоқ, кешірімсіз әділеттілік жоқ. Кешіру қабілеті әділетті және ынтымақты қоғамның болашағы  жайлы кез-келген идеяның негізінде жатыр. Зорлық-зомбылыққа дәл солай жауап қайтару тек шексіз қақтығыстардың шиыршығын нәрлендіруге ғана қабілетті».

Рим Папасы бейбітшілік туралы дұға жасау екінші ретте тұратын нәрсе емес деп санайды:

«Бұл-бейбітшілік, әділеттілік пен еркіндікті құрудың өзегі. Бейбітшілік үшін дұға ету дегеніміз-адамның жүрегін Құдайдың құдіреті келіп құйылуы үшін ашу, ол барлық жаратылысты жаңарта алады. Құдай Өзінің рақымының өмір беретін күшімен тек кедергілер мен тығырық айқын көрінетін жағдайлардан бейбітшілік үшін мүмкіндіктер тудыра алады; Ол біздің бөлінушілік мен қақтығыстардың шексіз тарихына қарамастан, адами отбасының ынтымағын нығайта және кеңейте алады. Бейбітшілік үшін дұға ету дегеніміз-әділеттілік, елдер мен халықтар арасындағы және олардың арасындағы қатынастардың дұрыс құрылымы туралы дұға ету. Әр адамның негізгі адами және азаматтық құқығы болып табылатын бостандық, әсіресе діни бостандық туралы дұға ету. Бейбітшілік үшін дұға ету-Құдайдан кешірім сұрау және бізге қарсы күнә жасағандарды кешіруге батылдық сұрау».

Иоанн Павел II осыдан соң да  бұл тақырыпқа бірнеше рет оралды, оның ішінде мақсаттарға жету немесе мәселерді шешу тәсілі ретінде  терроризмді таңдағандар үшін жолдауын жеткізді:

«Мен зорлық-зомбылық пен терроризмге жүгінетіндер мені естиді деп үміттене аламын ба? Сіздерден, ең болмағанда, менің дауысымды тыңдағысы келетіндерден, мен тағы да жалына сұраймын — бұрын сұрағанымдай — мақсаттарыңызды зорлық жолын пайдалану арқылы іске асырудан бас тартыңыздар, тіпті бұл мақсаттар өздігінен  әділетті болып көрінсе де.  Сіздерден бейкүнә жандарға зиян келтіру мен өлтіруден бас тартуды жалына сұраймын.  Мен сіздерден қоғамның негізін бұзуды тоқтатуды сұраймын. Зорлық-зомбылық арқылы сіздер өзіңіз үшін де, басқалар үшін де шынайы әділеттілікке қол жеткізе алмайсыздар. Егер қаласаңыздар, сіздер әлі де өзгере аласыздар. Сіздер өзіңіздің адамгершілігіңізді көрсете аласыздар және адамдар арасындағы ынтымақты мойындай аласыздар».

Әлбетте, ондаған жылдар өтсе де, бүгінгі таңда бұл кеңестер өзектілігін жоғалтқан жоқ. Террористік ұйымдар қарсыластар қақтығысқа емес, диалогқа ұмтыла бастағанға дейін әлемде пайда болып, кеңейе береді, терроризмнің түпкі себептері жойылмайды және адамдар зорлық-зомбылық пен жеккөрушілік шиыршығын кек алу тоқтатпайтынын , тек кешірім мен мейірімділіктің кереметі тоқтата алатынын түсінбейді.

Тәңірім, бізге бейбітшілік тарту ете гөр!

Қазақстанның Католиктік ақпарат қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top