Ватикан фитнес-білезік функциялары және қосымшасы бар «ақылды» розарий шығарды

Ватикан выпустил «умный» розарий с функциями фитнес-браслета и приложением

Розарий арқылы бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін дұға жасаудың инновациялық жолы.

15 қазан 2019 жыл. Рим Папасының Бүкіләлемдік дұға жасау желісі Ватиканда баспасөз конференциясында «ClicktoPrayeRosary» өнімін таныстырды.

Бұл қандай зат?

ERosaryClickToPray- бұл GadgeTekInc. (GTI) / Acer компаниясымен бірлесе жасалған интерактивті,ақылды және қосмышамен басқарылатын құрылғы, Розарий арқылы бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін дұға жасауға үйрететін құрал. Оны білезік ретінде тағып жүруге және крест белгісін жасау арқылы қосуға болады. Ол дәл солай аталатын тегін қосымшамен синхрондалады, iOS және Android-да  қолжетімді,аудиогид,эсклюзивті сурет және Розарий дұғасы жайлы дербес контент бар.

Ватикан фитнес-білезік функциялары және қосымшасы бар «ақылды» розарий шығарды

Жастардың мекеніне айналған сандық әлемнің шекарасына бағытталған ClicktoPrayeRosary ғылыми-технологиялық жол арқылы жастарға Евангелие жайлы ойлануға және дұға жасауға көмектесуі керек. Жоба Шіркеудің үздік рухани дәстүрлері мен технология әлемінің соңғы жетістіктерін біріктіреді.

Құрылғыға тапсырысты 110$ бағасында беруге болады, он қара агат және гематиттен жасалған моншақтан,сонымен қатар «ақылды»кресттен тұрады,крестте мәліметтер сақталады.Мобильді қосымшаны қосу үшін смартфон экранына жақын крест белгісін жасасаңыз болды. Құрылғыны қосқаннан кейін қолданушы таңдау жасай алады-дәстүрлі розариймен,танымдық розарий,немесе жыл сайын жаңартылып отыратын басқа да тақырыптық розарийлермен дұға жасауды таңдай алады. Дұға басталғаннан кейін ақылды розарий қолданушының құпиялармен дұға етудегі жетістіктерін көрсетіп,әр розарийдің аяқталуын қадағалайды.

Тек қана санауыш моншақ емес!

Күнделікті дұғамен бірге,құрылғыда фитнес-білезік функциясы бар-сіздің жақсырақ өмір сүруіңіз үшін денсаулығыңыз жайлы мәліметтерді жазып,көрсетіп тұарды. Қосымшада қанша калория тастағаныңыз,қадамдар саны,жүріп өткен шақырымдар және басқа да параметрлер көрсетіліп тұрады.

Ватикан фитнес-білезік функциялары және қосымшасы бар «ақылды» розарий шығарды

Бұл ақылды розарий әр күн сайын әлемдегі мыңдаған адамдарды дұғада біріктіретін,Рим Папасының «ClickToPray» атты Бүкіләлемдік ресми дұғалық желісінің (Франциск Папаның жеке профилі бар)бір бөлігі болып табылады. ClicktoPrayeRosary Понтификтің күнделікті және ай сайынғы дұғаларында болады,және де Папа бұны басқа да сенушілерге ұсынады.

Жоба сайты және онлайн-дүкен Acer 

VaticanNews және Engadget материалдары бойынша

Аударма- “Католично”

Фотосуреттер  Жоба сайтынан

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top