Қазақстан епископтарының кардинал Ранджитқа көңіл айту хаты

Письмо соболезнования кардиналу Ранджиту от епископов Казахстана

Аса жоғары мәртебелі

Кардинал Альберт Малкольм Ранджит Патабендиге Дон

Коломбо Митрополит Архиепископқа, Архиепископ Үйіне

976 Гнанартха Прадипая Мавата Коломбо 08, Шри-Ланка

Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 22 сәуір.

Аса жоғары мәртебелі, қымбатты кардинал Ранджит,

Қазақстанның епископтары мен католик діндарлары атынан біз Сіздің осы күндері Шри-Ланкадағы шіркеулер мен басқа да жерлерде болған үрейлі террорлық шабуылдардан туындаған қайғылы жағдайға шын жүректен көңіл айтамыз және рухани жақындығымызды білдіреміз.

Осы күні Қазақстанның астанасы-Нұр-сұлтан (бұрынғы Астана) қаласындағы Құдай Ананың қалтқысыз көмегі кафедралды соборында осы шабуылдан зардап шеккендердің отбасылары мен туыстарының жұбануы үшін,  құрбан болғандардың рухы үшін, сондай-ақ зардап шеккендерді сауықтыру үшін арналған Қасиетті Месса рәсімі өтті.       

Біз Тәңір Аса жоғары мәртебелі Сіздің және Шри-Ланкадағы барлық католиктік қоғамдастыққа осы қорқынышты және жеккөрушілік әрекеттерімен сіздің халқыңызға келтірілген зиянды өтеу үшін қажетті рухани және адами көмек берілуіне дұға етеміз.

Біздің Қайта Тірілген Тәңіріміз Иса Мәсіхтің даңқты жараларынан шыққан өлім мен күнәға қарсы билік, жазықсыз құрбандардың азабын Шри-Ланкадағы Католик шіркеуін рухани күшейту үшін және сіздің сүйікті еліңіздің барлық тұрғындары берік бейбітшілікте болуы үшін жаңартылсын.

Біз Сізге “Христос тірілді! Шын тірілді!” – деген христиан пасхалық құттықтау сөзін жолдаймыз және сіздермен бірге дұғада болып, Мәсіхке деген бауырластық махаббатында қаламыз,

+ Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының епископы, Қазақстан Католик Епископтары Конференциясының Төрағасы Хосе Луис Мумбиела Сьерра

+ Астанадағы Әулие Мария архиепархиясының Архиепископ Митрополиты, Қазақстан Католик Епископтары Конференциясының Вице-төрағасы Томаш Пета

+ Астанадағы Әулие Мария архиепархиясының епископ-көмекшісі Атаназиус Шнайдер, Қазақстан Католик Епископтары Конференциясының Бас хатшысы

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top