Редакцияға келген хат: “Менің сөздерім оқылатын болады деп үміттенемін…”

Озерное мекеніне ғибадат сапары қарсанында біздің редакцияға «Бейбітшілік Патшайымы – Мәриям»  шіркеуінің басшысы Войчех Матушевский  әкеден хат келді, ол өзі ғибадат сапарына дейін оның қатысушылары хаттың мазмұнымен танысып қана қоймайды деген үмітін білдірді.Сонымен қатар бір шарты бар екенін жазды. Егер сіз осы материалды оқысаңыз, онда мереке ұйымдастырушыларының, ғибадат сапарына барған адамдардың және Озерное мекенінде өткізілетін мерекеге келетіндердің ниеттеріне бір “Сәлем Саған, Мәриям”  дұғасын оқыңыз.                                                                               

Мереке сенбі күні басталады. Биыл оған шамамен 100 жаяу ғибадат сапаршылары келу керек, олар Келлеровкадан, дала бойымен, 30 шақырым жер жүріп келеді. Топ құрамына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ғибадат сапаршылары ғана емес, сонымен бірге Ресейден келген бірнеше адам да қосылмақ. Олар келген соң, Озерное ауылының маңында дәстүрлі түрде марқұмдарға арналған  сенбілік Қасиетті Месса рәсімі өткізілетін болады. Осы Құдайға құлшылық ету рәсімінің уағыздаушысы ретінде Междугорье мекенінен келетін пірадар болады, ол да  кішігірім топпен келеді. Ал жексенбілік Месса рәсімінде соғыс ұзақ жылдары бойы жалғасып келе жатқан еліне бейбітшілік сұрап дұға ету үшін Ауғанстаннан арнайы келген ординарий қызмет етеді.

10 маусым күні Польшадан келген еріктілер Волынская шоқысында
Еріктілердің  бірі шіркеу балабақшасындағы балалардың бірімен

Осындай ауқымды іс-шараны жарты мыңға жуық тұрғындар тұратын ауылда ұйымдастыру оңай шаруа емес. Бұл күндері оларға бірнеше жүз адамды тамақтандырып, түнейтін жермен қамтамасыз ету керек. Сондықтан,  Войчех әке өз хатында жазғандай: “Еден үстінде барлық жерде төсеніш өте тығыз төселген”. Ал бірінші жыл емес, бірнеше жыл қатарынан көптеген адамдарды тамақтандырып келе жатқан бірнеше тұрақты шіркеудегі аспазшы әйелдер туралы айтарға  сөз жоқ.

Сол себепті шіркеудің басшысы ауыл тұрғындары мен ұйымдастырушыларға, сондай-ақ барша ғибадат сапаршылары мен  қатысушылардың әрқайсысы үшін Құдайдың рақымы туралы және алда келе жатқан салтанаттың әрбір ғибадат сапар үшін дұға етуді сұрайды.

Ауыл тұрғындарының қуанышына орай, соңғы күндері оларға көптеген қонақтар келді.

Теміртаудан оқушыларымен бірге келген  Тереза Ана әпкелері
“Санкт Лоренц” мектебінен келген бір топ мүғалімдер Корнеевка мекенінде
Пірадарі мен Общины Блаженств ұйымынан келген әпкелер Польшалық еріктілермен бірге
Польшадан бір айлық тәжірибеге келген семинаристтер

Ал мерекеге дайындықпен қатар, оны Иоанн Павел II атындағы Ғибадат сапаршылары үйіне айналдыру мақсатында ескі балабақшада қайта құру жұмыстарын бастады.                                           

“Бейбітшілік Патшайымы бізге дұға ететін барлық адамдарға қажетті рақымды сұрасын!”,-  деген сөздермен  Войчех әке өз хатын аяқтады.

Фотомұқабалар Алевтина Самусеванікі

Scroll to Top