ӨМІРДІҢ ҚАСИЕТТІЛІГІН ДӘРІПТЕУ ДҰҒАСЫ АПТАЛЫҒЫ

Қасиетті Иосиф Мерекесінен бастап Исаның Бейкүнә ұрықталуы Мерекесіне дейін Астанадағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясында Өмірдің қасиеттілігін дәріптеу дұғасы апталығы өтеді.
Неделя молитв о святости жизни

Астанадағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясы 2021 жылдың 19 наурызынан  бастап 25 наурызы аралығында дәстүрлі түрде Өмірдің қасиеттілігін дәріптеу дұғасы апталығын ұйымдастырады. Бұл бастаманың ерекшелігі пандемия Қазақстанды да айналып өтпегенінің арқасында,жаңа мүмкіндіктердің ашылуында:апталықты ұйымдастыруға тек Қасиетті Мәриям Архиепархиясының приходтары ғана емес, басқа епархиялар да қатыса алады. Аптаның әр күні белгілі бір тақырыпқа бағышталады: отбасы, медициналық қызметкерлер,шіркеу,әйелдер,ер адамдар,заңдар, сәбиді дүниеге әкелу сыйы. Бұның барлығы өмірдің қасиеттілігі туралы тақырыпқа қатыстылығына сай қарастырылады.

 Аталған апталыққа тек жергілікті түрде Астанадағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясына қатыстылар ғана емес,барлық ниет білдірушілер, тіпті Қазақстанда тұрмайтындар да қатыса алады, өйткені күн сайын «Католики Казахстана»  ютуб-каналында ой түюлерді тыңдап,сұхбаттар мен сенім жайлы куәлік берулермен таныс болуға, Литаний арқылы Қасиетті Иосифке, Evangelium vitae  энцикликасынан Қасиетті Иоанн Павел II-ге дұға етуге және Құдайға Құлшылық ету трансляцияларын көруге мүмкіндік бар. Апталық жайлы толығырақ ақпаратты  кітапшадан таба аласыз.

Апталық аясында балалар мен жастарға арналған «Ең басында махаббат-менің отбасым»  атты сурет байқауы ұйымдастырылған,ол екі жас дәрежесі бойынша өткізіледі: 10 жасқа дейінгі балалар және 18 жасқа дейінгі жастар арасында. Байқаудың мақсаты және шарттарымен байқауды өткізу Ережесінен таныса аласыздар.

Қазақстанның Католиктік ақпарат қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top