Неокатехуменат пен Владислав Буковинский: байланыс неде?

Қарағанды қаласы тек «Где-где?! – В Караганде!» деген сөйлеммен ғана танымал емес. Бұл қаланы Қазақстандағы Католик шіркеуінің пайда болуының басты орталықтарының бірі деп санауға болады. Өзіңіз ойлаңыз, Қазақстанда 4 католик шіркеуі бар елді мекенді қай жерден кездестіресіз? Солтүстік және Оңтүстік астаналарда олардың саны екі-екіден.                                                                    

Бір аптаның ішінде бұл қаланың католиктері 3 маңызды шараны бастан кешірді. Мұның барлығы сенбіде, 15 маусымда, Қасиетті Иосифтің шіркеуінде, неокатехуменалдық қауымдастықтар өздерінің 25-жылдық мерейтойларын атап өткен кезден басталды. Осыған орай қаланың неокатехуменалдық жолындағы барлық қауымдастықтардың өкілдері жиналды. Бұл шараға олардың негізін қалаушы Анджей Ченсны қатысты. Мұнда неокатехуменалдық жолды бастаған алғашқы миссионерлер де жиналды.

Кейін, 19 маусымда, сәрсенбі күні Фатималық  Мәриям Бике кафедралды соборында, Рақымға бөленген Владислав Буковинскийдің беатификациясы күні ашылған криптінде Қазақстан Католик шіркеуінің рақымға бөленген атағына ие болған жалғыз католикті еске алу Месса рәсімі өткізілді. Бір қызығы, оның реликвиясы Құдайға құлшылық еткен алтарьдің астында орналастырылған. Мұнда Әулиенің реликвиясы тек үш жыл бұрын орналастырылған. 

Бастапқыда Қазақстан Апостолы Қарағандының ескі бөлігінде, қазір жабық тұрған зираттағы Ескі саябақ деп аталатын ауданда жерленді. Дәл осы жерде өткен аптаның үшінші оқиғасы болды. 22 маусымда оның алғашқы жерлеу орнында Владислав Буковинскийге арналған ескерткіш қойылды. Ескерткішке епископ Аделио Дель Оро мен пірадар Евгений Зинковский өз рақымдарын берді.

Ескерткіш орнатылған жердің жанында  Владислав Буковинский әкенің өмір сүрген кезінде көп көмек көрсеткен және өлер алдында оны әулие әкенің жанында жерлеуді өсиет еткен әйелдің қабірі орналасқан.                                                              

Қасиетті рәсімде әулие әкемен жеке таныс болған көптеген адамдар жиналды. Олар ескерткіштің ашылу рәсімі аясында Владислав әке туралы естеліктерімен бөлісті. Ол осы адамдардың көпшілігіне суға шомылдыру рәсімін, «алғаш рет еухаристия құпиясын қабылдау» рәсімін жүргізген.

Scroll to Top