РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН  КОНФЕРЕНЦИЯДА ЕПИСКОП АТАНАЗИУС ШНАЙДЕРДІҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Выступление Епископа Атаназиуса Шнайдера на конференции ко Дню духовного согласия

Құрметті «Рухани келісім-бейбітшіліктің бастауы» Халықаралық конференцияның қатысушылары! Бейбітшілік тәрізді елеулі және өмірлік маңызы бар тақырып туралы әңгіме қозғағанда,бейбітшіліктің бастауы мен іргетасы туралы ойланған жөн.Бейбітшілік-түптеп келгенде Құдайдың сыйы,себебі бұл туралы Қасиетті Жазба былай дейді; «Әрбір қайырымды іс және әрбір сый жоғарыдан, Құдайдан,жарықтардың Әкесінен келеді» (Иак. 1, 17). Әулие Августиннің айтуынша, бейбітшілік сөзі «тәртіп тыныштығы»дегенді білдіреді,ал тәртіп өз кезегінде «барлық бөліктердің бір мақсатқа ұмтылуын» білдіреді. Жаратушы Құдай әлемнің тәртібін, адамның жеке және әлеуметтік өміріндегі тәртіпті берген. Кез-келген дәрі-дәрмектің бұзылуы немесе техникалық жабдықтарда кедергілердің пайда болуы немесе істен шығуы жасаушының нұсқаулығын орындамағандықтан болады.Барлық бар нәрсенің жасаушысы және суретшісі Жаратушы Құдай. Ол табиғатқа,әсіресе адамның жүрегіне Өзінің тәртіп пен жақсылыққа бағытталған ғаламат заңын жазып қалдырған,ол заң адам өміріндегі және қоғамдағы нағыз және берік тәртіпке кепілдік береді.Бұл заң жаратылыс заңы деп аталады. Бұл жаратылыс заңының ішінде адамгершіліктің алтын ережесі бар. Бұл ортақ этикалық ереже,Иса Мәсіх Евангелиеде мына сөздермен ашып көрсеткен: «Сонымен,сендермен қалай жасағанын қаласаңдар,дәл солай басқа адамдармен де жасаңдар;себебі заңның да,пайғамбарлардың да айтқаны осы» (Мф. 7, 12). 

Жаратушы Құдайдың өмірлік маңызы бар нұсқаулығы ол-адамзатқа берген Он Өсиеті.Олардың ішінде бізге белгілісі ,мысалға: «өтірік айтпау», «ұрлық жасамау».  Алайда,қоғамдағы бейбітшілікті қамтамасыз етуде адам өміріне тікелей қатысты өсиеттердің маңызы зор. Шын мәнінде,адам өмірінің ұрықталу сәтінде пайда болуы және мына дүниемен қош айтысып бара жатқан кезіндегі өлім сәті,құпия мен қасиетке толы.  Және де адам өмірі мына үш Құдай өсиеттерімен үздіксіз байланыста: «өз әкеңді және өз анаңды құрметте», «опасыздық жасама», яғни жарыңның көзіне шөп салма,және «өлтірме» яғни пәк және әлсіз  өмірді тартып алма. Әсіресе,осы отбасы мен өмірге қатысты үш Құдай өсиеттерін бұзу қоғамдық және әлеуметтік өмір тәртібінің негізіне балта шауып,тиісінше қоғам мен халықтың рухани келісімі және бейбіт тіршілігіне үлкен қауіп төндіреді. Егер белгілі бір қоғамда заң түрінде ең әлсіз адам өміріне зорлық жасалса,мысалы әлі туылмаған сәбилердің өмірін тартып алу,қатты науқас жандар мен қарттардың өліміне жол беру-бұл соғыстың бір түрі,азаматтық соғыс түрі,тіпті белгілі бір елде әскери жағынан алғанда соғыс әрекеттері жоқ болса да. Әлі туылмаған сәбилер,қатты науқас жандар мен қарттарға жасалатын зорлық адамның жақын әрі қасиетке толы қарым-қатынастарына сызат түсіреді. Калькутталық Тереза Ана,Нобель сыйлығының лауреаты,1997 жылы Вашингтондағы Президент және Бірінші Ледидің қатысуымен өткен  дұға жасау Ұлттық таңғы асында,егер қандай да бір ұлт ана құрсағындағы өз балаларын өлтіре беретін болса,онда біз басқа адамдарға бір-біріңді өлтірмеңдер,бейбітшілік пен келісімде өмір сүріңдер деп қалай айта аламыз деді.

Құдайымыз және Тәңіріміз біздің сүйікті елімізге және Қазақстан халқына,еліміз біз үшін,ең нәзік әрі әлсіз адам өмірін  қорғайтын және жақсы көретін ортақ үй бола түсуін сыйласын,өйткені тек сонда ғана ұрпақтар арасында және қоғамның өзінде мықты бейбітшілік патшалық етпек.Қазақстан біздің ортақ үйіміз, ол бүкіл адам өмірін қорғап сақтаушы ортақ үйге айналсын,міне сол кезде ол мәңгі бейбітшілік үйі атанады,және Құдай бейбітшіліктің Тәңірі Қазақстанды бейбітшілік пен тыныштықта сақтайды.    Қазақстан — біздің ортақ үйіміз. Қазақстан бейбітшілік үйі. Рахмет.

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top