Епископтар Қазақстанның жаңа Бас мүфтиін тағайындалуымен құттықтайды

Епископы поздравляют с назначением нового Верховного муфтия Казахстана

Қазақстанның Бас мүфтиі

Наурызбай қажы Тағанұлына

                          Нұр-Сұлтан

                   07 ақпан 2020 ж.

Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы,

Қазақстан Католик Епископтары Конференциясының епископтары мен ординарийлері, сонымен бірге еліміздің барлық католиктері атынан Сіздің Қазақстанның Бас мүфтиі атануыңызбен құттықтауға ниет білдіреді.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының кезектен тыс IX құрылтайының 300 делегаты бірауыздан Сіздің үміткерлігіңізді қолдап дауыс бергені туралы жаңалық бізді зор қуанышқа бөледі,сіздің жемісті рухани қызметіңіздің жылдарында дінаралық диалогты дамытуда бірлесе талай іс атқарылған еді. Сізбен қарым-қатынас жасау барысында тұлғаңыздың дана,сеніміңіздің берік екендігіне көзіміз жетті,сол себептен де жүктелген жаңа, жауапты қызметті лайықты атқаратыныңызға кәміл сенімдіміз.

Сіздің еңбегіңіз көпұлтты және көпдінді Қазақстан халқына тек жақсы жеміс беруін тілейміз. Барлық игі бастамаларыңыз адамдардың жүрегіне жол тартсын!

Қазақстан Католик епископтары мен ординарийлері

+Хосе Луис Мумбиела Сиерра, Алматыдағы Аса Қасиетті Үштік Епархиясының епископы, Қазақстан Католик Епископтары Конференциясының Төрағасы.

+Томаш Пэта, Астанадағы Қасиетті Мәриям архиепархиясының архиепископ митрополиті.

+Атаназиус Шнайдер, Астанадағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясының епископ-көмекшісі.

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top