ҚАСИЕТТІ МЕССАНЫ ПАЙДАМЕН КӨРУГЕ АРНАЛҒАН 6 КЕҢЕС

6 советов, чтобы смотреть онлайн Святую Мессу с пользой
Сурет: Алевтина Самусева

Карантин және оқшаулану қажеттілігі күн сайын Қасиетті Мессаға қатысуға мүмкіндік беруі мүмкін. Десек те, адамдардың көбінде шіркеуге бару мүмкіндігі жоқ,бізде Ғаламтор арқылы Месса трансляцияларын күн сайын көруге мүмкіндік көбірек бар. Заманауи технологиялар  тағы да көмекке келуде,алайда бізге зейінді әрі құдайшыл болу бұл жағдайда қиынырақ. Сізге онлайн-Мессаны мұқият көруге көмектесетін кеңестерді ұсынамыз.

6 советов, чтобы смотреть онлайн Святую Мессу с пользой

1. Дұрысы Мессаны жалғыз тыңдамау. Қолдан келгенше мұны отбасыңызбен,аға-әпкелеріңізбен немесе балаларыңызбен жасаңыз. Бірлік күш тудырады, және сіздің зейініңізді Мессаға бағыттау оңайырақ бола түседі. Сіздің күн тәртібіңізге сай келетін Мессаны таңдап, оны отбасымен бірге өткізетін сәтке айналдырыңыз.

2. Бөлмедегі жабдықтар мен жағдайға көңіл бөліңіз:теледидар жанына немесе компьютер мониторы алдына айқыш белгісін, Құдай Анасының бейнесін қойып қойсаңыз болады.

3. … және киіміңіз: Месса үшін жақсы киіну маңызды. Пижаманы ұйқтағанда киюге, ал спорттық костюмді спортпен айналысу үшін қалдырыңыз.

6 советов, чтобы смотреть онлайн Святую Мессу с пользой

4. Қасиетті Мессаға шіркеудегідей қатысыңыз: Евангелие оқу кезінде орныңыздан тұрыңыз, Сыйларды Қасиеттендіру сәтінде тізерлеп тұрыңыз және т.б.  Қимыл-әрекеттер өте маңызды.

5. Қатынасу жорасы кезінде рухани қатынасу дұғасын оқыңыз, Әулие Хосемарияның дұғасын қайталасаңыз да болады:  (Тәңірім, Сені Аса Қасиетті Анаң тазалықпен,мойынсұнушылықпен, және кемел адалдықпен қабылдағандай, әулиелердің рухы және құштарлығымен қабылдауды қалаймын)немесе одан басқа  дұға.

Месса—бұл Құдайдан қалағаныңды сұрай алатын керемет уақыт. Барлық науқастар үшін, қайтыс болғандар, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері,үкімет, отбасы мүшелері, Шіркеу, Папа үшін сұрауға болады..

6.Асықпаңыз: Мессаның ғаламат құндылығы бар, дәл осы уақытта дұға жасауға тұрарлық көптеген нәрсе бар. Мессадан соң бірнеше уақытқа кідіріңіз, Құдайдан қайтыс болғандар, науқастар, медициналық персонал,үкімет, Шркеу,Папа, епископтарымыз бен приход үшін дұға жасауға қалыңыз.

Opus Dei
aýdarý: Раушан Таупикова
Bastapqy kózi: https://opusdei.org/ru-kz/

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top
Катология

Катология

Новый медиа-проект о том, что значит быть верующим в современном мире

За нами можно следить здесь (переходите по ссылкам):