Қайтыс болды, бірақ тірі

Умерла, но жива

Биылғы жылы әйелдер мерекесі қарсаңында, аты тек бас әріппен жазылатын әйел ғана емес, сонымен қатар, өмірі мыңдаған әйелдердің тағдырларымен тығыз байланыста болған әйел, бәріне Мила ретінде таныс болған Людмила Иннокентьевна Баракова көз жұмды.                     

Мила – жоғары санатты акушер-гинеколог. Ол 40 жыл бойы перзентханада жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққан соң ол өзі үшін жаңа әлем – ерлі-зайыптылар экологиясының әлемін ашты. 2005 жылдан бастап ол ерлі-зайыптыларға контрацептивтер мен технологияларды  пайдаланбай қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін табиғи әдістер мәселелерімен айналыса бастады. Ол өз өмірінің соңғы жылдарын осы тақырып бойынша білімді таратуға арнады, семинарлар мен вебинарлар, ұрықталуды зерттеу әдістері бойынша онлайн курстар өткізді. Дәл осылай ол қазақстандықтар үшін де “өз” адамы болды. Ұрықталу әдістерін оқыту бойынша семинарлар өткізу мақсатында ол бұл жерде бірнеше рет болған. Бірақ оның өміріндегі ең үлкен жетістік ретінде, әрине, ерлі-зайыптылардың көпшілігіне қойылған бедеулік диагнозына қарамастан Милаға бет бұрып, дүниеге келген балалар мен олардың отбасылары болып табылады.                   

Ұрықталуды зерттеу әдістері әйел организмін және онда болып жатқан өзгерістерді бақылауға негізделген. Ол үшін құрылған графикте деректерді бекіту және ұсынылған алгоритмге сәйкес интерпретациялау арқылы осы немесе басқа күні ұрықталу мүмкіндігі бар екендігі туралы хабардар бола аласыз. Бұл әдісті тегін деп айтуға болады. Оны пайдалану үшін сізге тек қызуөлшегіш пен кесте қажет, басып шығарылған немесе электрондық нұсқада. Егер кестенің қағаз нұсқасын қолдансаңыз, онда көк және қызыл түсті пастасы бар қалам, сондай-ақ сызғыш қажет болады. Шынында, тек осы қажет. Сондықтан, егер шығындарды есептеп жатсаңыз, ең қымбат заттарды сатып алсаңыз да, сізге 3 мың теңгеден артық қаржы қажет емес. Және бұл шығындар бір айға немесе бір жылға емес, көп жылға созылатыны анық. Біз бұл жерде контрацепция құралдарының бағасын айтып жатпаймыз, өкінішке орай, қазір біздің еліміздің тұрғындарының басым бөлігі оларды пайдаланады. Ал бір қарапайым себеппен оны жасаймыз: біз нақты шығындарды есептей алмаймыз, себебі мұнда презервативтердің немесе гормоналды препараттардың құны ғана емес, сондай-ақ осы құралдарды пайдалану нәтижесінде көмекке келетін медицина қызметкерлерінің қызметтерінің құны мен дәрі-дәрмектердің құны да кіретін болады.        

ҰЗӘ маманы ретінде Мила Баракова екі абсолютті артықшылыққа ие болды. Біріншісі  – ол қарапайым тілмен түсіндіре білді. Екіншісі  – ол гинекология саласында да кәсіпқой маман болды және бұл әйел ағзасына қалай әсер ететінін жақсы түсінді.                     

Қайтыс болды, бірақ тірі
Людмила Баракова

Бұған көз жеткізу үшін, сіздердің назарларыңызға 2011 жылы Астана қаласында, қазіргі Нұр-сұлтанда, болған Human Life International Asia Халықаралық Өмірді қорғау конгресінде Миланың жасаған баяндамасын ұсынамыз. Соңғы 8 жылда Мила айтқан мәселелер әлі де өзекті болып қалуда.

Мила, өкінішке орай, жоқ, ВК-дағы өз статусында көрсеткеніндей, енді біздің хабарламаларымызға жауап бере алмайды, бірақ Христостың екінші келуіне дейін ол көптеген, сондай-ақ, оның бұрын берген білімдерінің арқасында дүниеге келген, кішкентай немесе ересек адамдардың ойларында өмір сүруді жалғастырады.

Католическая информационная служба Казахстана

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top