Алғыс айтамыз…

Благодарим...

Қазақстанда төртінші көктем қатар Алғыс айту күнімен басталады, осыған байланысты ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетіне Католик шіркеуінің атынан алғыс хат жіберілді.

Католик Шіркеуінің атынан Алғыс Хат

Жаңа, бірақ Алғыс күні сияқты маңызды мереке қарсаңында поляк ақыны және этнограф Адольф Янушкевичтің досы Густав Зелинскийге қазақтар туралы жазған хатындағы сөздері еске түседі: «…Жаратқан бойларына керемет дарын сыйлаған халық өркениеттен  тыс қала алмайды: оның рухы бір күні қырғыз шөлдеріне еніп, мұнда жарықтың ұшқындарын таратады және бүгінгі көшпелі номад басқа халықтар арасында құрметті орынға ие болатын уақыт келеді…». Бұл болжам біздің көз алдымызда орындалып жатыр.

Жыл сайын Қазақстан осында өмір сүріп, дана саясат жүргізетін адамдардың арқасында әлемдік ауқымда тұрақты және тиімді позицияларды алып келеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жетістіктері Декларациясына сәйкес, Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіреді, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты ұйымдардың бастамашысы болып табылады. Біздің мемлекетіміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына және әлемдегі ең спорттық 30 елдің қатарына кіреді. Бірақ ең маңызды жетістіктердің бірі – «бейбітшілік пен келісім әлеуметтің адамгершілік және этикалық нормаларына, жалпы мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған қоғамның бірегей түрін қалыптастыру».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Рим Папасы Иоанн Павел II-ні қарсы алу рәсімінде өзінің құттықтау сөзінде: “Қазақстандағы Католицизмнің ұзақ тарихы бар… бұрыннан бері дамып жатқан мәдени және рухани қарым-қатынастарды жалғастырып және жаңартып келе жатыр”, – деп атап өтті. Осының барлығы біздің Мемлекет басшысы саясатын азаматтардың толық колдауының арқасында жүзеге асады. Қазақстандағы Католик шіркеуінің тарихында, ең алдымен, Жаратушыға, бірақ айтарлықтай өз жерінде түрлі ұлттар мен дін өкілдерін паналаған халыққа алғыс айту үшін сансыз себептер бар. Бұл қуғын-сүргіннің уақыты, жергілікті тұрғындардың жер аударғандарды суық өлімнен құтқарғаны, қуғынға ұшыраған уақыт, Гертруда Платайстың айтуынша, лагерьге қамалғандарды құрттың тастарын лақтырып жергілікті тұрғындар тамақтандырған. Мұндай кең пейілділік мысалдары соншалық, оларды атап өту мүмкін емес.  Және бұл мереке – барлығымыз үшін, еліміз келген жетістіктер үшін, алға жылжу үшін күш-қуат алу үшін, тағы да назар аударуды талап еткен істерді  жалғастыру үшін, Құдайға және адамдарға алғыс айту мүмкіндігі.

Папа Иоанн Павел ІІ-нің сапарының соңында осылай айтқан: «Құрметті Қазақстан, Шіркеу сенімен бірге болатынына сендіргім келеді. Басқа діни қауымдастықтармен және кез-келген адаммен  тығыз ынтымақтастықта болып,католиктер ортақ, кең және қонақжай үй салу үшін сені өз қолдауынсыз қалдырмайды».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз кезегінде халыққа құттықтау сөзінде былай деді: “Алғыс айту күні – біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің белгісі, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі”.

Католическая информационная служба Казахстана

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top