ҚАЗАҚСТАН ЕПИСКОПТАРЫ МЕН ОРДИНАРИЙЛЕРІНІҢ УКРАИНА КАТОЛИКТЕРІНЕ ХАТЫ

Украинаның Рим-католиктік епископтары конференциясының төрағасы архиепископ Мечислав Мокшицкийдің және Украина Грек-католиктік Шіркеуінің Жоғарғы Архиепископы Святослав Шевчуктың атына Қазақстан епископтары мен ординарийлерінің хаты жіберілді.м
Письмо епископов и ординариев Казахстана католикам Украины

Епископаттағы қымбатты бауырластар,

Біз Украинаның егемен мемлекетінің аумағындағы қайғылы соғыс туралы көп уайымдаудамыз. Өкінішке орай,  Рим Папасы Францисктің жақында жасаған «соғыстың емес, бейбітшіліктің Құдайы болып табылатын Құдай алдындағы ар-ожданның ауыр сынағын өткізу үшін саяси жауапкершілік жүктелген адамдарға» шақыруы қабылданбады. Соғыс ешқашан жақсы жеміс бермейді. Рим Папасы айтқандай, қазіргі уақытта «жалпыға ортақ әлемге жеке мүдделер қаупі төніп тұр».

Біз  Украина халқы барлық жағынан қолдауды қажет ететін уақытта жалғыз қалмайды, соғыс қимылдары тоқтатылып, қақтығысты шешудің дипломатиялық жолдарын табу үшін қажетті қадамдар жалғасады деп үміттенеміз.

Қазақстандағы Католик Шіркеуі бүкіл әлемдегі католик қауымымен бірге украин халқын рухани  қолдайды.Қазақстан католиктері  Оның Қасиеттілігі Папа Францисктің үндеуіне екінші наурызда, Ұлы Посттың бірінші күні Украинадағы бейбітшілік үшін дұға мен постқа қосылады. Бүкіл әлемдегі христиандар Украина аумағында соғыс қимылдарын тоқтатуды талап ету арқылы  бірігуі керек.

Еуропадағы толықмасштабты соғыс Украина мен Еуропа үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орны толмас және апатты салдарға әкеледі. Сондықтан, біз осы күндері Сіздермен және бүкіл Католик Шіркеуімен бірге ғибадатпен дұға етуді жалғастырамыз және соғыс емес, бейбітшіліктің Құдайы болып табылатын Құдай украин халқын қиын сынақтар кезінде қалдырмайды деп үміттенеміз.

Құдай Тәңірімізден Бейбітшілік Патшайымы Мәриям Бикенің қолдауы арқылы Украина үшін рақым мен бейбітшілік сұраймыз!

+ Хосе Луис Мумбиела Сиерра
Қазақстанның Католик Епископтары Конференциясының Төрағасы

+ Томаш Пета
Астанадағы Әулие Мариям Архиепархиясының Митрополит Архиепископы

+ Аделио Дель Оро
Қарағанды Епископы

+ Атаназиус Шнайдер
Астанадағы Әулие Мария Архиепархиясының көмекші Епископы
Қазақстанның Католик Епископтары Конференциясының Бас хатшысы

+ Евгений Зинковский
Епископ Қарағанды епархиясының көмекші Епископы

Қасиеткер Петер Сакмар
Атырау Апостолдық Администратурасының Апостолдық Администраторы

Митрофорлы Протоиерей Василий Говера
Қазақстан мен Орта Азиядадағы византиялық рәсім католиктерінің Апостолдық Администраторы

Қазақстанның Католиктік ақпарат қызметі
Аударған: Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top