Аз ғана таза болу мүмкін емес

Невозможно быть чистым чуть-чуть

Сол уақытта мен өзімді кез-келген қыз үшін күйеу жігіт ретінде керемет үміткер санадым: зиянды әдеттерім жоқ (мен ішімдік ішпедім және темекі шекпедім), тек бір “аз ғана” тазалық мәселесі болды…   

Менің шіркеуімде мені болашақ пірадар деп санады. Адамдар мені өз балалары мен немерелеріне үлгі етті. Қандай да бір ана ұлына осылай айтып жатқанын еститін едім: “Сен сол сияқты болғың келмейді ме?” немесе “Одан үлгі ал!”немесе “Ұлымның осындай болғанын қалаймын…”. Мен Розарийда, Крест жолы және Қасиетті Сыйлар рәсімдерінде жиі жүргізуші болдым. Адамдар маған жазатын және өз проблемалары туралы айтып беретін, ал мен оларға көмектесуге тырыстым, бірақ өзіме  көмектесе алмадым…

Әр жексенбі күні мен Қасиетті Месса рәсіміне қатысып, пірадардың жанында тұрдым, және ол маған ұнайтын: адамдар мені құрметтейтін, ата-анам мені мақтан тұтатын, мектепте жақсы оқыдым. Бірақ егер олар менде өзімді-өзім қанағаттандыруға байланысты проблемалар туындағанын білсе, олар мені бір шақырым жерден айналып өтетін еді… 

Менің шіркеуімдегі пірадар ешкім көрмеген кезде мен не істеп жатқанымды білсе, бұл оның маған деген көзқарасын өзгертетін еді.  Сондықтан мен әрдайым басқа шіркеулерде күнәларымды мойындап жүрдім. Менің тіпті өзімнің тұрақты пірадарым болды, бірақ жарты жылдан кейін ол басқа қалаға қызмет етуге көшті. Мен жаңа тәлімгерді іздедім, бірақ маған көмектесетін тиісті пірадарды таба алмадым. Мен тазалық үшін дұға жасадым, бірақ ол шын жүректен жасаған дұға болған жоқ.

Сол уақытта мен кез-келген қыз үшін күйеу жігіт ретінде керемет үміткер болдым: зиянды әдеттерім жоқ (мен ішімдік ішпедім және темекі шекпедім), тек бір “аз ғана” тазалық мәселесі болды, ал ол туралы ешкім білмеді. Мен бұл әдетті соншалықты қауіпті деп ойламадым және дереу емдеуге асықпадым, оны жиі-жиі қайталап тұрдым. Алайда бұл менің психикама жаман әсер ететінін байқадым және болашақта қиындықтар пайда болуы мүмкін екенін білдім, сондықтан мен өзіме: “Бұл соңғы рет, содан кейін мен осыдан бас тартамын” дедім. Жалпы, мен өзімді бақытты адам сияқты сезіндім, бірақ маған әрдайым бір нәрсе жетпеді: сүйікті адамымның мейірімділігі.

Ақырында мен оны кездестірдім. Алғашқыда бәрі керемет болды: біз күн сайын кездестік және бір-бірімізсіз қалай өмір сүретінімізді елестете алмадық. Содан кейін мен өзімнің тәуелділігімнен құтылатын уақыт келді деп ойладым, өйткені қазір сол үшін өмір сүргім келетін бір жан бар еді.  Бірақ бұл жолы мен оны іске асыра алмадым… Сонымен қатар, біз петтингпен айналыса бастадық. Мен өзіме: “Бұл секс емес, сондықтан ол біздің махаббатымыздан айырмайды”дедім. Кейін мен: “Егер мен оны қанағаттандырмасам, ол басқаны тауып алады”деп ойладым, және бұл ой менің ар-ұжданымның дауысын толығымен басып тастады… Бір кездері біз екеуміз тазалықты қалпына келтіруге тырыстық, бірақ мен бір апта да шыдай алмадым. Демалыс кезінде мен күн сайын қызыма қонаққа келіп тұрдым, бәрі де қайталанды. Уақыт өте келе, мен оған тек осы үшін барып жүргенімді түсіндім… Мен мұны бұдан әрі жасамайтындығым туралы дұға жасадым, бірақ физикалық рахат алусыз бір күнімді де елестету мүмкін емес екенін білдім.                                                    

Біраз уақыттан кейін біз аз сөйлесетінімізді байқадық, жиі-жиі ұрысып жатқанымызды да байқадық. Біз әлі де бір-бірімізді жақсы көрдік, бірақ менің оған деген сезімім жоғалып,мен өз-өзіммен болдым. Мен достарыммен де сөйлесуді тоқтаттым, таңертең дұға жасауды да қойдым, тіпті дұға жасағанда да, мен оны формальды түрде жасадым.

Көп ұзамай мен алтарьда қызмет етуді тоқтатып, тіпті жексенбіде шіркеуге бармадым, себебі осы уақытты маған қызыммен “көңілді” уақыт өткізу қызық болды…Мен содан кейін оның өзгеру керектігін талап еттім, себебі ол өз-өзін дұрыс ұстай алмайды деп ойладым.Сол уақыттан бері мен болып жатқан оқиғадан ешқандай рахат алған жоқпын. Бір күні тым артық кеттім, содан ол мені тастап кетті… Мен жақында маған қайта оралады деп ойладым, бірақ  қателестім. Тек сонда ғана мен оның қаншалықты тамаша адам болғанын түсіндім. Бұрын мен оны байқамадым, өйткені әрдайым оның алдында “жұлдыз” болдым. Өкініштісі, менің көзім тым кеш ашылды…

Мен Құдайға және Месса рәсіміне оралдым. Мен тағы бір мүмкіндік алу үшін күн сайын дұға жасаймын. Бірнеше апта бойы таза өмір сүріп жүрмін. Егер маған азғырушы ойлар келіп жатса, мен онымен қалай күресуге болатынын білемін. Өз ойларымды дереу басқа бір нәрсеге бағыттауға тырысамын (тәуелділікті басу туралы нақты шешім-осы күрестің алғы шарттарының бірі болып табылады).                    

Мен петтинг шын мәнінде психикаға, сондай-ақ болашақта жыныстық қатынасқа әсер ететінін түсіндім – ол әдеттенуді тудырады және сіздің болашақ серіктесіңізбен қарым-қатынасыңызда бақытқа үлкен кедергі болуы мүмкін… Енді мен мұндай жағдайларға жол беруге болмайтынын түсіндім, себебі олар қатты азап тудырады. Болашақта менің қандай да бір қолдау тобым болғанын қалаймын, себебі менің проблемам кез- келген сәтте қайтып келуі мүмкін деп қорқамын, ал одан кейін мен қалыпты түрде жақсы көре алмаймын.

Егер сіз біреумен кездессеңіз және бақытты болғыңыз келсе, махаббатыңызды тереңдете алмайтын, керісінше, сізді ажыратуға әкелетін, дене  тазалығына байланысты ештеңе жасамаңыз. Егер сіз шынымен жақсы көргіңіз келсе, онда өзіңізді-өзіңіз қанағаттандырудан, порнографияны көруден, петтингтен бас тартыңыз… Жүрегіңіздің тазалығы туралы дұға жасаңыз, сонда Құдай сізді тыңдап, қорғайды. Тазалық үшін күресті тоқтатпаңыз, тәуелділікке түспеңіз. Егер бұл мәселе шешілмесе, ол сізге ғана емес, сондай-ақ болашақ қалаулыңызға да әсер етеді.

Менің әңгімем сендердің кейбіреулеріңе көмектеседі деп үміттенемін. Басқа адамдардың әңгімелеріне мен мән бермедім, мен үшін бәрі нашар аяқталды. Мен басқалардың қателіктерінен сабақ алғым келмеді, сондықтан маған өз қатемді өзім көріп үйренуге тура келді.

Дереккөздер: Невозможно быть чистым чуть-чуть. Любите друг друга! 2018 ж, №2(24), – 54-55 б.

Католическая информационная служба Казахстана

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top