Пірадар емес, бірақ монах

Еще не священник, но уже монах

24 жасқа келгенде рухани деңгейде көп нәрсе жасап үлгеруге болатындығы белгілі болды. Бұған дәлел ретінде Қарағандыдағы Мария Шіркеу Анасы Жоғарғы Рухани Семинариясында оқып жүрген, Грузиядан келген Лаша есімді жас жігіт бола алады.

Пірадар емес, бірақ монах

Өзінің жасына қарамастан 14 шілдеде ол Камиллиандықтар орденінде өзінің мәңгілік анттарын орындай алып үлгерді. Лаша Телави қаласында дүниеге келген, 3 жасында оның ата-анасы әлі күнге дейін тұрып жатқан Абастуманиге көшіп келді. Ол 2010 жылы Аралидегі басты шіркеуде  Рождество мерекесінде суға шомылдыру рәсімінен өтті, қазір енді онда  Мераби әке қызмет етеді, ол бір жыл бұрын Қарағандыдағы семинарияда оқыған, сондай-ақ Тамази, Георги және Бека семинаристер де бар.

Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Мераби әке (оң жақта)
Пірадар емес, бірақ монах

Лашаның камиллиандықтар және Әулие Камилл де Леллис харизмасымен танысуы оның үйінде басталды, ол жерге осы орденнің әкелері қасиетті Месса рәсімінде қызмет етуге келді, өйткені Абастуманиде шіркеу жоқ. Орденге қосылмас бұрын 2 жыл Лаша олармен бірге оқу демалысы кезінде ерікті ретінде жұмыс істеді, содан кейін ол мектепте соңғы оқу жылын аяқтағанға дейін  әкелер оған ғибадатханада тұруға рұқсат берді. 2014 жылы мектепті бітіргеннен кейін ол бірден орденге қосылды және поляк тілін үйреніп, Польшада формацияны бастады. 2015 жылы новициатты бітіріп ол бірден Қарағанды қаласындағы семинарияға оқуға аттанды, осы күнге дейін ол оқуын жалғастырып келеді.

Міне, 5 жыл өткеннен кейін, Әулие Камилл де Лелистің мейрамында Лаша Құдайға Мәңгілік монахтық қызмет көрсету жолына қадам басты: ол қалтқысыз құлақ асу, тазалық, кедейшілік және тіпті өз өмірін құрбан ету арқылы кедейлерге қызмет ету болып табылады. Осы орденнің көптеген мүшелеріне медициналық көмек көрсететін шайқастарда, сондай-ақ өз емделушілерінен жұқтырғаннан кейін өз өмірін құрбан етуге тура келген сәттер де болды. Салтанатты Қасиетті Месса рәсімі  Ахалцихе қаласында өтті, бұл оның туған үйіне жақын маңда орналасқан. Шіркеудің жанында бенедиктиндік монах әйелдердің жабық шіркеуі орналасқан, ал осы приходта капуциндық әкелер қызмет етеді.                                

Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах

Құдайға кұлшылық ету рәсімінде епископ Джузеппе Пазотто қызмет етті, оған Поляк Провинциясынын Провинциалы Мирослав Шваинох көмектесті, ол Лашаның мәңгілік анттарын қабылдады, сондай-ақ, ол бізбен Құдай бізге сыйлаған өз дарынымызды жоғалтпау үшін адамдарға берілген қасиетті Камиллдің соңғы өсиеттелген кейбір ойлары туралы терең уағызбен бөлісті. Ал камиллиандықтар  жағдайында бұл ауру адамдардың мұқтаждықтарына сезімталдық және оларға көмек көрсетуге әзірлік екені сөзсіз, өйткені науқасқа қызмет көрсету осы орденнің рухани өзегі болып табылады. Сондықтан ғибадатханада көптеген пірадарлар, монах әйелдер және Лашаның туыстары жиналды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Талита Кум” орталығының шәкірттері бірінші қатарға жайғасты.

Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах

Уағыздауда және қасиетті қарапайымдылықтың өмір сүруге негізін қалаушының өсиеті туралы, қауымға шақыру және бауырлас махаббат берілгендігі туралы айтылды, бұл тек өз игілігіне ғана емес, сонымен қатар ғибадатхана бойынша бауырластардың игілігіне қамқорлық жасауды көздейді.

Пірадар емес, бірақ монах

Қасиетті Месса рәсімінен кейін қонақтарды “Талита Кум” орталығының өкілдері дайындаған концерт, сондай-ақ шағын фуршет күтіп тұрды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар дайындаған бұйымдар көрмесі өтті.

Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах
Пірадар емес, бірақ монах

Орталықтың аты Марк Евангелиесінің жолдарынан алынған (5,41): “Қызға қолынан ұстап, оған: талифа куми” дейді, демек: қыз, саған айтамын, тұр”деген сөз. Көрмеде ұсынылған бұйымдардың сұлулығына, концерттегі көрсетілген өнерге  қарап, Құдай үшін шынымен мүмкін емес ештеңе жоқ екеніне көзіміз жетті.

Католическая информационная служба Казахстана

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top