Қазақстанның католик епископтары мен ординарийларының Пасхаға арналған құттықтау сөзі

Пасхальное поздравление католических епископов и ординариев Казахстана

Құдайды сүйген ағалар мен әпкелер!

Христос қайта тірілді!

Христиандықтың күші осыда. Біздің өміріміз бізге тәуелді емес, біздің күшіміз адамдардан, құрметтен, байлықтан немесе жер күшінен келмейді. Біздің сеніміміздің күші Құдай Махаббатының өлім мен күнәні жеңуінде.

Сүйіктілер, бірақ осы дүниенің кейбір күштері қоғамда дін мен Иса Мәсіхке деген сенімнің маңыздылығын төмендетуге тырысып жатса да, қайтадан періштелердің бізді қанаттандырушы сөздерін тыңдайық: «Өлгендердің арасында тіріні іздемендер!» (Лк. 24, 5). Оның Қасиетті Қайта Тірілу сәтінен бастап, Христос әрдайым біздің арамызда.

Бүгінгі күні барлық адамдар – ерлер мен әйелдер, өмірде сәтсіздіктер, қақтығыстар мен қорқыныштың әсерінен түңілгендер Қайта Тірілушінің күші арқылы үміт жарығы пен тыныштық жолын табуға шақырылады. Папа Франциск : «Христос тірі және біздің де тірі болғанымызды қалайды», – деп еске салады. Құдай бізді Өз өмірімен толтыру үшін Жер бетіне келді; Христос бізді күнәнің азаптауынан құтқару үшін Жер бетінде өлді; дүние жүзі өзінің шынайы жүзі мен міндетіне ие болу үшін Құтқарушы Жер бетінде қайта тірілді: барлық адамдар Оның баласы болып, бейбітшілік пен келісімге толы өмір сүретін ортақ үй болуы үшін.

Биылғы жыл Қазақстанда жастарға арналған, біз оған ерекше назар аударғымыз келеді. Әрбір жаңа ұрпақ қоғамның шынайы жаңаруы болып табылады. Қазіргі уақытта жастар жаңа идеяларға, өзгерістерге, жаңалықтарға, жақсартуларға ұмтылады. Бізге Шіркеудің ішіндегі және сыртындағы осы жасөспірімдердің ынтасы қажет. Иса Мәсіхтің Қайта Тірілуі біз өмір сүріп жатқан, осы жерде, мәңгілік өмір сүруді бастай алатынымыз туралы айтады. Оның осы жолдауында біздің миссиямыз да бар. «Жер мен жаңа көкжиектерге» күнәні жеке жеңіп шыққаннан кейін қол жеткізу мүмкін.

Біз Қайта Тірілуші Құдайдың рақымдары мен сыйлықтарынан жастық ынта-жігеріңізді жаңартып, шынайы құндылықтарға ұмтылуды тілейміз. Өмірді жақсы жағынан жаңартуға талпынатын адам оның әдемілігі мен қасиетін  табады.

Христос қайта тірілді!!!  —  Шын тірілді!!!

Ақ баталарымызбен,

Қазақстанның Католик епископтары мен ординарийлары


Нұр-Сұлтан, Пасха 2019 ж.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top