ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВАТИКАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІ—ЖАҢА ҮМІТТЕР

Қазақстанның Ватикандағы елшісі жаңа лауазымына тағайындалған Әлібек Әсетұлы Бақаев өзінің жоспарлары және алған әсерлерімен бөлісті.
Новый посол Казахстана в Ватикане - новые надежды
Сурет: Vatican Media and Courtesy of the Embassy of Republic of Kazakhstan to the Holy See

Жаңа лауазымға тағайындалған сәттегі алғашқы әсерлеріңіз қандай?

– Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 17 қазанынан бастап орнатылды, және де мен үшін сенім грамоталарын табыстап,Қазақсан Республикасы атынан Ватикандағы Қасиетті Тақ алдында болу үлкен мәртебе болды.Салтанатты рәсімнің өзі өте қызықты өтті, оған әлемнің әртүрлі елінен келген елшілер қатысты,жалпы бәріміз он адам болдық.  Әсіресе, салтанатты рәсімнің өте жайлы және ізгі ниетті ортада өткені ұнады, және оған отбасы мүшелерін әкелуге рұқсат етілді. Мен бұл салтанатты рәсімге өзімнің кішкентай ұлымды алдым, оның жасы небәрі бір жыл төрт ай. Ол мұны есінде сақтамаса да, бірнеше жыл өткен соң,видео мен фотосуреттерді қарап отырып, осындай кішкентай кезінде Папаның алдында,сол залда болғанын мақтан тұтады деп ойлаймын.

—Салтанатты рәсімде Папа Францискпен сөйлесу мүмкіндігі болды ма?

—Менде тек қысқаша түрде Папамен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан,және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сәлемдесуге, сәлемді жеткізе отырып, Рим Папасына оның Рим-Католик Шіркеуінің басшысы ретіндегі жауапты қызметіне зор табыс тілеуге ғана мүмкіндік болды. Хаттамаға сәйкес уақыт өте аз. Алайда, біздің қарым-қатынастар 1992 жылдан бастап,ресми түрде орнатылған,және осы 28 жыл ішінде Қазақстан жағынан аз сапар жасалған жоқ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті,Ұлт көшбасшысы Ватиканға екі рет ресми сапар жасады:бұл 1998 жылдың қыркүйегінде және 2009 жылдың қарашасында болған еді.  2001 жылдың қыркүйегінде Рим Папасының Қазақстанға мемлекеттік пасторалды сапары орын алды, бұл өте ерекше оқиға еді,себебі Папа бұл аймаққа бірінші рет келді, және  сол кезде Астана атанған елордадағы Рим-католик шіркеуінің өкілдері Папаны қарсы алуға жиналды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВАТИКАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІ—ЖАҢА ҮМІТТЕР
Әлібек  Бақаев

Қазақстан мен Ватиканның бірлескен жобаларынан қайсысын ерекше деп айта аласыз?

-Өзіңіз білетіндей, Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлт Көшбасшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әлем және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін құруға бастамашы болған еді. Ватикан, Рим Папасы тұлғасында және Ватиканның жоғарғы басшылығы аталған бастаманы үнемі қолдап келеді. Келесі жылы біз Әлем және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезін өткізуді жоспарлап отырмыз және Рим Папасының Қазақстанға келуге мүмкіндігі болады деген үлкен үмітті арқалаудамыз. Бұл тарихи сапар болмақ,және сонымен қатар Рим Папасының Қазақстанға алғаш рет келгеніне жиырма жыл толуымен тұспа-тұс келеді.

– Папа Иоанн Павел II-нің сапарынан кейін Қазақстан мен Ватикан арасындағы екіжақты қарым-қатынаста не өзгерді?Бұны неден байқай аламыз?

-Көп нәрсе өзгерді.Екі мемлекеттің де бірінші басшыларымен қатар, Сенат Төрағасы деңгейінде де сапарлар орын алды. Бірнеше мәрте біздің үкіметтің өкілдері Папамен кездесуге ғана емес,Ватикан министрлігінде келіссөз жүргізу үшін келіп кетті. Бірінші, және екі мемлекет арасындағы ең сәтті ынтымақтастық бағыты,бұл-дінаралық ынтымақтастық,соның арқасында Ватикан үнемі қолдаған және қолдап келе жатқан ,өз мақсаттары мен міндеттеріне ие Съезд бар.

Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынасты қандай жолмен дамыту керектігі туралы жоспарыңыз бар ма?

—  Бізде екіжақты қарым-қатынастарды басқа да бағытта дамытуға қызығушылық бар. Қазақстан Ватиканмен ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық білдіруде. Ватиканның кітапханасы бүкіл әлемге әйгілі,қазақстандық ғылыми орта ондағы сақтаулы жатқан ақпараттан көп нәрсе ала алады, біздің тарихымыз жайлы тың ақпарат көздерін табады.Бүгінде Жібек жолының дамуы мәселесіне ерекше назар аударылуда. Қазақстан оның тоғысқан тұсында орналасқан,және сонымен қатар Шығыс пен Батыстың арасындағы, атап айтқанда Қытай мен Ватикан арасындағы қарымқатынас та орнатылған. Осы сауда жолының арқасында бұл қатынастар дами түсті.

– Қай бағыттағы қарым-қатынастардың болашағы зор деп ойлайсыз?

—Ватиканмен қарымқатынаста медицина саласына зор қызығушылық бар. Біріншіден, біз Ватиканның әйгілі балалар клиникасы мен біздің мекемелер арасындағы тәжірибе алмасуды ұйымдастырғымыз келеді. Қазақстан тәуелсіздігінің 29 жылдық кезеңінде елімізде медицина саласы біршама дамуды бастан кешіруде. Сондықтан да біздің бөлісетініміз де, Ватиканнан үйренетініміз де бар. Біз кішкентай бірақ өте маңызды, әсіресе қарапайым халыққа  арналған қадамдардан бастағымыз келеді.

Қазақстанның бірегейлігі неде? Елімізге түрлі ұлттар мен діндер өкілдеріне қатысты бейбітшіл мемлекеттің беделін сақтауға не көмектеседі?

– Бұл құпия біздің түбірімізде, дәстүрімізде, қазақ халқының тарихында жасырылған. Біз үнемі достыққа құшағымыз ашық халықпыз, дастарқанымыз барлық достар үшін үнемі жаюлы. Бүгінде,тіпті еліміздің сыртқы саясатын алсақ,ештеңе өзгерген жоқ. Біз сол баяғы достық қалыптағы саясатты жүргізіп, ешкіммен соғыспаймыз. Тіпті керсінше,Қазақстан — Еуразия құрлығындағы медиатор есебінде белсенді әрекет етуші,қандай да бір қақтығыстарды шешуге ат салысушы елдердің бірі. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Сириядағы соңғы оқиғалар кезінде Қазақстан өз алаңын ұсынды, яғни  сириялық билік пен оппозиция келіссөздерінің бірқатар раундтары Астанада өтті, оның өзі Астаналық форум деп аталды.  Біз жақын көршілерімізбен ынтымақтастыққа аса ыждаһатпен қараймыз,әсересе Орта Азиядағы бауырлас халықтармен ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Қазақстан Солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі, мықты достық,қазіргі уақытта стратегиялық қарым-қатынаста бола отырып, біз көптеген бағыттар,салалар мен өрістер  бойынша сенімді серіктес болып табыламыз. Шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі,және бұл да , ең алдымен Қазақстанның саяси және экономикалық үлкен серіктесі. Бізге Қазақстанның географиялық орналасуы да үлкен жағдай жасайды.  Егер Сіз Еуразияның картасына қарайтын болсаңыз,біз, Тұңғыш Президентіміз айтқандай, Еуразияның жүрегінде орналасқанбыз,және шығыстан батысқа,солтүстіктен оңтүстікке  созылып жатқан Еуразия құрлығындағы барлық жолдар Қазақстан арқылы өтеді.

Біз осындай сыртқы саясатты жалғастыруға ниеттіміз,әлемнің барлық елдерімен экономикалық,саяси және мәдени қарым-қатынастарды нығайтқымыз келеді. Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар жасалынуда. Ал Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан,бірақ әртүрлі діндерді дәріптейтін  адамдарға келсек,бұл бірінші кезекте сол адамдардың арқасы,және Қазақстандағы ахуал,яғни Мемлекет басшысы,Үкімет діндер арасындағы түсініспеушіліктің болуына жол бермеу үшін жағдай жасап отыр. Қазақстанда православ және католик ғибадатханалары бар,әрине мешіт саны да көп, буддалық ғибадатхана да бар. Сондықтан біз бұл бағытта ары қарай да сенімді түрде алға жылжи береміз деп сенеміз,және де Қазақстанға келген әр адам, қандай дін өкілі болса да,өзін жайлы сезініп,және осындай ортада болу мүмкіндігіне қуанса екен дейміз.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВАТИКАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІ—ЖАҢА ҮМІТТЕР
Папа Иоанн Павел II-нің 2001 жылғы Қазақстанға сапары

– Папа Иоанн Павел II-нің 2001 жылғы Қазақстанға сапарының маңызын қалай бағалайсыз? Аталған сапардың 20 жылдығына орай,тікелей мемлекет тарапынан қандай да бір бастамалар жоспарлануда ма?

—Ағымдағы 2020 жыл  — жай емес, ерекше жыл.Өкінішке орай, бұл ерекшелік бүкіл әлемде таралып кеткен коронавируспен байланысты, және менің білуімше бірде- бір ел бұдан тысқары қалған жоқ. Қазақстанның ішінде көптеген іс-шаралар жоспарланды,оның ішінде дінаралық ынтымақтастық бағытындағы шаралар да бар,алайда өкінішке орай, барлығын тоқтата тұруға тура келді. Коронавирус жайлы әртүрлі болжамдарға қарамастан, 2021 жылға біз Қазақстанда бірқатар үлкен әрі маңызды  іс-шаралар жоспарлап отырмыз. Мен айтып кеткендей, барлық жағынан алғанда аса маңызды іс-шара Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII Съезінің өткізілуі, және сөзсіз Рим Папасы Франциск өзінің өте тығыз халықаралық кестесінен Қазақстанға ресми сапарға уақыт тауып,  Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII Съезі жұмысына қатыса алғанын қалаймыз. Әрине,мұндай сапар орын алса, бұл тек Қазақстан католиктері үшін ғана емес, барлығы үшін,кем дегенде  Орта Азия аймағы үшін ерекше іс-шара болмақ.  Менің ойымша, Рим Папасын қарсы алуға және көруге келгісі келетіндер саны өте көп болады. Сондықтан да алдағы жылға арналған үлкен жоспарларды іске асыруға коронавирус кедергі жасамайды деп үміттенеміз.Әрине, оны ешкім біз қалағандай тез тоқтата алмайды,бірақ  біз Рим Папасы сапары аясында,бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоямыз деп үміттенеміз, дәлірек айтсақ, мен айтып кеткен салалардағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық Меморандумы—ғылым,білім және медицина салаларында. Яғни адамдарға ең жақын салалар бойынша.

Фотосуреттерді ұсынған Қазақстан Республикасының Ватикандағы елшілігі және Vatican Media

Әңгімелескен: Алексей Готовский
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top