қазақстан және орта азияны мәриям бикеге бағыштауға 25 жыл толуына орай АПОСТОЛдық НУНЦИйдың насихат сөзі

Проповедь апостольского нунция к 25-летию посвящения Казахстана и Средней Азии Деве Марии

Қазақстан мен Орта Азияны Мәриям Бике Бейбітшілік Патшайымына бағыштауға 25 жыл

Озерное, 6 және 7 шілде 2020 ж.

___________

Иса Мәсіх Мадақталсын!

Құрметті, Христостағы ағалар мен әпкелер,

Бұл «Бейбітшілік Патшайымы»ұлттық қасиетті ордасы бізде Қазақстан тарихында болып өткен оқиғалардан ойдан кетпес естеліктерді еске түсіруге итермелейді.  Осындай естеліктердің бірі сенушілердің жүрегінде тереңнен орын алды, өйткені бұл елде өлім мен өмір мәселесі тұрды. Мен 1940-1941 жылдардың қысындағы оқиғаны еске түсіргім келеді.

Озерное қиын кезеңге әрі ешқандай жағдайға дайындықсыз күйде еді,осыған қарамастан ол кеңес режимімен жер аударуға ұшыраған, белгісіз  әрі қайғылы тағдырмен бетпе-бет келуге мәжбүр жандарға қонақжайлық танытты. Оған қоса, онсыз да қаһарлы әрі аязды қысқа адам естімеген, ажал әкелетін аштық қосылды. Жер аударылғандар(ер адамдар, әйелдер және балалар)сөздің тура мағынасында өз өмірлерінің соңғы сәттерін бастан кешірді. Уақыт өте келе, ақырында олардың суықтан, аурудан және аштықтан жаппай ажал құшатындары белгілі бола бастады.

қазақстан және орта азияны мәриям бикеге бағыштауға 25 жыл толуына орай АПОСТОЛдық НУНЦИйдың насихат сөзі

Жер аударылғандар өздерін қорғауға да, біреуден көмек сұрауға да мүмкіндіктері болмады. Сол кезде олар аса зор сеніммен, тереңнен орын алған мызғымас үмітпен, Мәримяға,біздің Аспандағы Анамызға , Раушантәж дұғасы арқылы көз жасымен көмкерілген дұғаларын жеткізді. Мінеки, 1941 жылдың 25 наурызында Ізгі Хабарды Жеткізу мерекесінде, көктемнің ерте жылымық сәтінде, ауылдың жанындағы құрғап қалған көл суға тола бастады.Кенеттен ол жерде сансыз көп балық пайда болды. Одан кейінгі жылдары көктемнің жылымығында көл жауын-шашыннан толғанымен, 1941 жылғыдай көп балық ешқашан пайда болған емес. Әрине,сенім тұрғысынан қарағанда, ауыл тұрғындары Мәриям Бикенің қатысуымен нағыз ғажайыптың орын алғандығын түсінді.  Бұл Мәрия Бикенің аналық,құдіретті және ғажайып қатысуымен болған жайт Оған сенім артып, қандай қиын әрі азапты өмір сынақтары болғандығына қармастан Құдайдан үміт ететіндерге, Мәриям Бикенің үздіксіз көмегінің үлкен белгісі еді.

қазақстан және орта азияны мәриям бикеге бағыштауға 25 жыл толуына орай АПОСТОЛдық НУНЦИйдың насихат сөзі

Құрметті ағалар мен әпкелер,

Ешқашан адамның көңілін қалдырмайтын үміт, тек Құдай арқылы тереңдеп ене алады.  Сенім арқылы үміт біз өзіміз көруге қабілетсіз және өзіміз қол жеткізе алмайтын нәрселерді сыйға тартады. Басқаша айтқанда, үміт әлі жоқ,бірақ жүзеге асырылатынды жақсы көреді және өмірге әкеледі. Сондықтан да үміт, болшақтағы игіліктерге , Құдай жоспарындағы толыққанды уақыттағы құтқарылудың жүзеге асуына бағытталған. Үміт әлі жоқ нәрсені көреді және дәмін тата алады, бірақ үміт үшін ол қол жеткізуге болатын, күту үстіндегі игілік. Яғни, шынымен сенетін адамнан,оның үмітін тартып  алу мүмкін емес, оның өмірінде қандай жағдай орын алса да жойылмайды. Осыған орай Павел апостол бізге Абраамның бейнесін осы ізгілік иесі ретінде үлгі етеді: ол «үміттен асып, үмітпен сенді» (Рим. 4:18),және де бұл тірі сенімнің белгісі. Құдай Оған сеніп және Оған үміт артқандарды ешқашан тастамайды, өйткені біз Мәриям, Құдай Анасы арқылы Оның балаларымыз.

Бұл туралы Рим Папасы Бенедикт XVI былай деп жазды: «Шын мәнінде өмірді тек өзімізде және өзімізден деп санауға болмайды, себебі өмір  қарым-қатынаста сақталған. Және өмір дегеніміз  оның бастауымен,яғни Құдаймен қарым-қатынастың жиынтығы болып табылады. Егер біз өлмейтін және Өмірдің Өзі болып табылатын Біреумен […],  қарым-қатынаста болсақ,онда біз өмір сүрудеміз. Онда біз шын мәнінде «тіріміз» (Spe salvi, 27). Сол себепті бізге Иса Иоанн жазған Евангелиеде айтады: «Маған сенуші және өмір сүруші әркім мәңгі өлмейді» (Ин.11:26).

Үміт сенімді қолдайды. Міне бізді Озерноеға жер аударылған адамдар не нәрсеге үйретеді:тіпті, кез-келген қиындықтар мен қайғы,сынақтардың арасында Құдайға сенуді тоқтатпау,себебі,біз Оған үміт жолымен бізді жүргізуіне келіссек, Құдайдың біздің кез-келген мәселемізге, уайым мен мазасыздығымызға  лайықты шешімі бар. Сондықтан Павел апостол Еврейлерге хатында былай дейді: «Сенім дегеніміз,күтіп жүргеніміздің жүзеге асуы және көзбен көре алмайтынға деген сенімділік» (11:1).

Дәл осы сенімділік Озерноеға жер аударылғандарға өмірлерінің ең қиын сәттерінде Құдайдың бұл іске кірісетініне сенім берді, және Құдай кірісті де, аштықтан өшіп бара жатқан өмірге жарық берді. Осылайша олар «көрді де сенімдері артты» (Ин 20: 8б),Құдайдың өз ұлдары мен қыздарын үнемі қорғайтынына, жетім қалдырмайтынына,және ешқашан түнектің жарықты,қайғының үмітті, зұлымдықтың мейірімділікті, өлімнің өмірді жеңуіне жол бермейтініне көздері жетті, өйткені  «Құдай бізбен бірге болса, онда кім бізге қарсы болмақ?» (Рим. 8:31), қасиетті Павелдың бұны бізге еске салатыны қандай жақсы.

Міне осы себептен де, Мәриям адамзат тарихында әрекет етуін тоқтатпайды, әсіресе, Оның бізбен болуына және жолдауына мұқтаж болғанда тастамайды. Оның Ұлы Иса сеніп тапсырған барлық халықтың Анасы ретінде, әсіресе Оның азаптары кезінде Өзін көрсетеді. Мысалы, Оның Фатимада, Лурдта және әлемнің басқа да жерлерінде Өзін көрсетуі,қазіргі заман дәуірінде де аса жарқын үлгі. Осы арқылы Мәриям үнемі Өзінің Ұлымен, өміріміздің аса қиын және қайғылы сәттерінде үнемі жанымыздан табылатындығын көрсетеді.  Біздің тарихымыздағы Оның әр қатысуы,ана ретінде өмірдің ең қараңғы кезеңінде тастамайтынын дәлелдейді. Егер біз Оны балалық сенім артумен шынайы шақыратын болсақ,онда Ол бізге аналық нәзік махаббатпен көмекке келетініне сенімді бола аламыз.

қазақстан және орта азияны мәриям бикеге бағыштауға 25 жыл толуына орай АПОСТОЛдық НУНЦИйдың насихат сөзі

Құрметті ағалар мен әпкелер,

Қазақстан және Орта Азияны Мәриямға,Бейбітшілк Патшайымына бағыштауға 25 жыл толу мерейтойы бізге тағы да бір рет Құдайға осы 25 жыл ішінде Мәриям Бикенің сұрауы арқылы иеленген игіліктер үшін алғыс айту мүмкіндігін береді,алғыс белгісі ретінде өзімізді Мәриямға, Бейбітшілік Патшайымына бағыштайық.Ол –Үміттің Анасы, осы христиандық ізгілікпен, Құдайдың жоспарымен толықтай үйлесімділікте өмір сүрген жалғыз адам.Оның бар өмірі үмітке толы, « Маған айтқан Сөзің орындалсын» деген сәттен, Ізгі Хабарды Жеткізу сәтінен бастап, Өзін толықтай Құдайдың қолына тапсырды. Өмірдің барлық қиындықтарында да Мәриям Бикенің үміті міз бақпады және жоғалмады. Айқыштың астында жаны ауырып,Ұлының өлімін бастан кешіріп,үміт оты сөнді деген кезде,Ол сенуін тоқтатпай, Өзі және біздің атымыздан «Маған айтқан Сөзің орындалсын» деп қайталаумен болды. Ол үнемі сенді және Құдайдың уәделеріне күмән келтірген емес. Осындай ерекше және мықты сенімнің арқасында Ол ақырында жаңа болашақтың таңын,көптен күткен Құдайдың жаңа күнін,Пасхалық таңды қарсы алды.Сондықтан да Мәриям бар адамзаттың үмітінің түпбейнесі атанды.

Дәл  осы сенімділік Озерноеның жер аударылған адамдарына, христиандық өмірдің баға жетпес куәлігімен рақымға бөленген жер бетіндегі көрген азаптарына шыдауға күш берді. Христиандық өмірдің қайта жандануын біз азапқа ұшыраушылар мен сол заманның батыл куәгерлерінен көреміз:епископ Никита Будка, Владислав Буковинский әке, Алексей Зарицкий әке,Құдайдың құлы епископ Александр Хира, Бронислав Джепецкий әке,Иосиф Кучинский әке,Тадеуш Федерович әке,Гертруда Детцель және басқа да аты белгісіз адамдар. Олардың шынайы және терең сенімі жеңілу,үмітсіздік,түңілу, абыржу болып көрінген түнек,қиын жағдайлар мен уайым кезеңінде  берілуден бас тартты.

Біз тарихтан Мәриямның ана ретінде Оның құдіретті қорғаушылығын сұраған Өз балаларын үнемі қолдаумен болғандығын көреміз. Құдай Анасынан, Бейбітшілік Патшайымынан,Қазақстан және бүкіл Орта Азия халқы үшін Құдайдан әлемнің мол рақымын,гүлдену мен бауырластық пен келісім беруін сұраймыз. Мәриям, біздің үмітіміз, біз үшін және барлық адамзат үшін сенім мен үміттің жарық шамы бол. Өмірімізді Аспандағы Әкеге ұнамды сый болып, ағалар мен әпкелерімізге аянбай,қуанышпен  қызмет ету үшін,Исаның, әлемнің жалғыз Құтқарушысының соңынан адал еру үшін сұраймыз. Бейбітшілік Патшайымы әрқайсымызды және отбасыларымызды рақымға бөлеп, бізге  көмектесіп, қазір де және  үнемі, әсіресе коронавирус кезінде қорғасын.

Сондықтан да осындағы  барлығымыз бірігіп, Мәриям Бикеге қысқа дұға жасауға шақырамын: «Сенің қорғанышыңа сүйенеміз,Аса Қасиетті Құдай Анасы, біздің қасіретімзді елеме,бірақ барлық қауіп-қатерден құтқар, Мадаққа толы Бике және Рақымға толы!»

Иса Мәсіх Мадақталсын!

Архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top