Белгісіз Мистик: Мариам Терезия Ана

Рим Папасы Франциск Төтенше Миссионерлік айы уақытында 13 қазан күні 5 жаңа әулие(қасиетті) адамдардың есімін жария етті.Католиктер әулиелер арасындағы байланысқа,яғни, Шіркеудің физикалық тұрғыда тірі мүшелері мен дүниеден озған мүшелері арасындағы қатынасқа сенеді. Аты белгілілерден басқа да әулиелер әлдеқайда көп,олардың барлығын біз кейін кездестіреміз,әрине егер жолымыз болып жатса. Әзірше жер бетінде әулие деп танылған адамдармен танысайық. Және бүгінге жаңа есім- Мариям Терезия Ана.

Мариам Терезия 1876 жылдың 26 сәуірінде,Үндістанның Керала штатында дүниеге келді. Бала кезінде-ақ ол анасының Иса Мәсіхтің крестегі құрбандығы жайлы әңгімелерін естіп қатты толқитын еді. Кішкентай Мариам Терезия анасынан сұрайтын: «Неге Иса біз үшін өлуі керек болды?» Және де ары қарай ойланып-егер Иса жеке мен үшін соншама азап шегіп қиналса,мен оның махаббатына жауап беруім керек қой дейтін. Исаның махаббатына жауап беруді көздеген Мариам Терезия үнділік моральдік қағидаларға қарсы келсе де,кедейлерге,науқастар мен өлім аузындағыларға көмектесуді бастады. Ол тіпті қызылша мен алапеске ұшырағандарға да көмектескені белгілі.

Мариам Терезия отбасыларға көмектесуді бірінші орынға қойды,оның ойынша егер отбасында барлығы жақсы болса,онда бүкіл әлемде денсаулығы мықты әрі бақытты адамдар саны көбейеді деп есептеді.

Мариам Терезия – XX ғасырдың мистигі,оның өмірін әлі де зерттей түсуіміз қажет. Терез Авильская сияқты ол да экстатикалық күйді және левитацяны жиі басынан кешірген. 1909 жылы стигматтары пайда болды,алайда олармен бірге зұлым күштердің мистикалық шабуылдары да өрши түсті. Мариам Терезияның мистикалық күйлерінің табиғатын түсіне алмаған Шіркеу билігі оған бірнеше мәрте экзорцизм жасау керек деп шешті.

Мариам Терезияның мистикалық күйлерді бастан кешіруі оған өзі қалаған діни қауымды ашуға кедергісін тигізді. Оның рухани тәлімгерлері екі рет оған монастырге түсуге кеңес берді: бірінші рет 1903 жылы Кедей Клариссалардың монастыріне,сосын 1912 жылы Кармелит монастыріне. Алайда,Мариам Терезия монастірде біраз уақыт өткізген соң Исаның оған басқа жолды дайындап қойғанын түсінді.

Ақыры 1914 жылдың 14 мамырында епископтың рұқсатымен және оның рухани тәлімгерінің басшылығымен, қазірде рақымға бөленген Иосифа Виф Вифаутильмен,Қасиетті Жанұя Конгрегациясының негізін қалады. Қауым бүкіл әлемге таралып кетті,Африкадан Америкаға дейін таралып,қазірде 176 үйде тұратын 1500 монах әйелдер бар.

Мариам Терезия Ананың беатификациясын Папа Иоанн Павел II 2000 жылы жасады,және осы жылдың 12 ақпанында Рим Папасы Франциск оның қолдауымен орын алған ғажайыпты мойындады. Ғажайыпты толық түрде Бенедикт Вадаккекара әке-Мариам Терезияның канонизациялауының постулаторы әңгімелейді: «Жаңа туған сәби өкпе жетіспеушлігі ауруынан өте қиын жағадайда еді. Емдеуші дәрігер ата-анасына хабарласып,баланың өлетіні туралы айтып,туыстарға жеткізе берсін деді,себебі өмір сүруге тіпті үміт жоқ еді. Мұны естіген баланың әжесі Мариам Терезияның реликвиясын алып келіп, Қасиетті Жанұядан шыққан медбикеден реликвияны баланың басына қойып тұрып,дұға жасауын сұрады,оның бұл тілегі орындалды». Осыдан кейін бала қалыпты тыныс ала бастады. Балағы Кристиан деген ат берілді. Биыл 12-ге толды. Және де ол өз отбасымен бірге Римдегі Қасиетті Петр алаңында канонизацияға қатысты.

Мәтін: Алексей Готовский

Фото мұқаба: DanielIbáñez

Scroll to Top