ХРИСТИАНДАРДЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫ ҮШІН ДҰҒА ЕТУ АПТАЛЫҒЫ (18-25 ҚАҢТАР 2021 Ж.)

Христос Шіркеуді біртұтас етіп құрды, барлық адами бөлінушіліктерге қарамастан,қазір де осыны қалайды. Міне сол себептен де біз барлық христиандардың біртұтастығына қол жеткізу үшін еңбек етуіміз қажет. Ол үшін біз бір-бірімізді тануымыз,диалог құрып,әртүрлі салаларда ынтымақтастықта болуымыз керек. Алайда бұл татуласу жоспарын жүзеге асыруға адами күш пен қабілеттердің жетпейтіндігін түсінгендіктен,біз бірге дұға жасаймыз және Тәңірімізге үміт артамыз.
Виноградная лоза - один из символов христианства
Сурет: Stefano Zocca / Unsplash

Католик Шіркеуінде 18 қаңтардан бастап Христиандардың біртұтастығы үшін дұға ету апталығы басталды,бұл әртүрлі христиандық демонация өкілдері қатысатын жыл сайынғы бүкіләлемдік дұға ету бастамасы. Христиандық біртұтастық үшін дұға ету шаралары туралы идеяның өзі  XIX  ғасырда пайда болған еді, католиктік пірадар Игнациус Спенсер «Христиандардың біртұтастығы үшін дұға ету одағын» құруды ұсынды,кейіннен бұл бастаманы Папа Лев XIII  мен Англикан Шіркеуі қолдады. Ең алғашқы бұндай дұға ету апталығы 1908 жылы өткізілді,ал мерзім уақытын(18 және 25 қаңтар аралығы)ұсынған Пол Уотсон —кейіннен католиктер қатарына қосылған  англикандық. 1935 жылы Франциялық пірадар Поль Кутюрье бұл экумендік бастаманы халықаралық етуді ұсынды, бұны жүзеге асыру Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылып, 1968 жылдан бастап қазірге дейін осы шараның ұйымдастырылуына қатысып келе жатқан  Бүкіләлемдік шіркеулер кеңесінің жәрдемімен орындалды.

Папа Франциск христиандардың біртұтастығы үшін дұға жасауды жиі сұрайды. Жексенбі күні 17  қаңтарда ол тағы да католиктерге Twitter  желісіндегі хабарламасы арқылы және Тәңірдің Періштесі дұғасы аяқталғаннан кейін осындай шақыртумен үндеу жасады. Қасиетті Әке бұл дұға ету апталығының тақырыбы «біздің Исаның махаббатында болып, мол жеміс әкелуіміз туралы Оның өтінішін» білдіреді деп түсіндірді,және аптаның соңы  25  қаңтар күні Қасиетті Павел базиликасының қабырғасы сыртында, «Римдегі барлық басқа да Шіркеулердің өкілдері және христиандық қауымдармен бірге» кешкілік құлшылықпен мерекелеу ретінде аяқталатынын ерекше айтып өтті. Бұл күндері Папа «Исаның барлығы біртұтас болсын деген тілегі орындалсын деп дұға етейік,біртұтастық қақтығыстан үнемі жоғары тұрады» деген сөздерімен дұғаға шақырды.  Папаның Апта соңында православтармен және протестанттармен бірге дұға жасау дәстүрі рақымға бөленген Папа Павел VI понтификатынан бастау алған. 1965 жылдың 4 желтоқсанында Екінші Ватикан Соборының аяқталуына аз уақыт қалғанда,ол экумендік бақылаушыларды Соборға қатысқандары үшін алғыс білдіру ниетімен қала сыртында(Рим), Қасиетті Павел базиликасындағы литургияға шақырды.

Жыл сайын Бүкіләлемдік шіркеулер кеңесі және Христиандық біртұтастыққа жәрдемдесу бойынша Папалық Кеңес осы Апта бойы қалай дұға ету керек екендігі жөнінде арнайы бүктеме басып шығарады. Бірақ мәтіннің өзін, әр күнге арналған Киелі Кітап оқуларын,түсініктемелер мен дұғаларды ұсынылған тақырыптар негізінде,белгілі бір экумендік топ дайындайды. 2021 жылы христиандарды евангелие жазушы Иоанның жүзім сабағы мен бұтағы туралы барлығына белгілі үзіндісі бойынша ой түйіп,дұға жасауға шақырады: «Менің махаббатымда болыңдар және мол жеміс әкелесіңдер» (Ин 15:5-9). Сенушілерге көмек материалдары Граншан монахтық қауымының  (Швейцария) әпкелерімен дайындалған,олар күн сайын христиандардың біртұтастығы,сонымен қатар бүкіл әлемдегі сенушілер мен шіркеулер үшін дұға жасайды.  Орыс тіліндегі бүктемені мына сілтеме арқылы жүктей аласыз(docx).

Сонымен қатар бастамаға қосылып, өз сөзімізбен дұға етуге немесе мына қысқа дұғаны оқуға болады:

Құдіретті Мәңгі Құдай,Сен барлық бөлініп кеткендерді біріктіресің және Біртұтас қылып сақтайсың,Сені Ұлыңа сенушілердің барлығына  рақымыңды төге гөр,бізді бір су рәсімі қасиетке бөлегендіктен де, ақиқат сенім мен өзара сүйіспеншілік бізді біріктірсін. Тәңіріміз Иса Мәсіх арқылы,Сенің Ұлың,Сенімен бірге Қасиетті Рухпен біртұтастықта өмір сүруші және патшалық етуші, мәңгі бақи   Құдайымыз. Аумин.

Қазақстанның Католиктік ақпарат қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top