«Ad limina apostolorum» Қазақстан епископтарының сапары

Визит епископов Казахстана "аd limina apostolorum"

Жақын күндері, 10 жыл өткен соң, Қазақстан епископтары дәстүрлі  «ad limina apostolorum» – апостолдар табалдырығына сапар жасайды. Бұл сапар Рим кафедрасында қызмет ету орнының қашықтығына және белгіленген мерзімге байланысты әр түрлі жиіліктегі әлемнің барлық епископтарымен дәстүрлі түрде жасалады.

Әртүрлі ғасырларда бұл жиілік әртүрлі болды. Қазақстанның көптеген рухани басшылары үшін ағымдағы сапар олардың епископтық қызметі  тарихында бірінші болады. Қазақстан Католиктік епископтары Конференциясының Төрағасы Хосе Луис Мумбиела Сиерра, сондай-ақ епископ Аделио дель Оро және администратура басшысы Дариуш Бурас үшін бұл бірінші ғибадат сапары.

Рим – католиктердің ең қастерлі орындарының бірі болып табылады, өйткені бұл жерде азапты өлім шеккен апостолдар Петр мен Павелдың қабірлері орналасқан. Бұл ғибадат сапары арқылы, апостол Петрдің ізін басушы, Шіркеудің көзге түсер басшысы Рим Папасымен және бүкіл Шіркеумен   бірлігі бір екенін білдіреді. ҚКЕК-ның төрағасы Хосе Луис Мумбиела Сиерраның айтуынша: «Бұл сапар – Рим Папасымен бірлігімізді білдіреді, біз бір шіркеу екенімізді және әлемнің барлық епископтары және апостол Петрмен бірге бір жолмен жүретініміздің белгісі».

Ғибадат сапарының бір бөлігі ретінде епископтар апостол Петр мен Павелдың қабірлері орналасқан жерге барады, Папамен кездеседі, сондай-ақ өздерінің  мүдделеріне, епархияның мүдделеріне және Қазақстанның бүкіл Шіркеуінің мүдделеріне байланысты Рим Куриясының түрлі ведомстволарына барады. Бұл ведомстволар декастерия немесе конгрегация деп аталады. Осылайша, әртүрлі мәселелермен айналысатын арнайы конгрегациялар бар: епископтар конгрегациясы, монахтар конгрегациясы, христиандар бірлігін қалпына келтіру конгрегациясы және тағы да басқалары. 

Ағымдағы кездесу 25 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтеді. ҚКЕК-ның төрағасы атап өткендей: «Мен Қасиетті Рух осы ғибадат сапарын не үшін жасағанымызды ойымызға салады деп үміттенемін, өйткені, бірінші кезекте бұл әкімшілік сапар емес, ең алдымен ғибадат жасау сапары. Қазір барлық формальды сұрақтарды электронды пошта және басқа да техникалық құралдар арқылы қашықтан байланыса отырып анықтауға болады. Ал бұл сапар — Папамен, Шіркеумен, оның тарихымен бірлігімізді білдіру, бұл біздің түп-тамырымызға оралу болып табылатын рухани сапар. Қасиетті Рухтың еркімен бұл сапардың нәтижесі Қазақстан Шіркеуінің қандай да бір құрылымдық дамуына әсер етіп, жаңа серпін, жаңа ұсыныстар әкелуі мүмкін. Бірақ, ең алдымен, біз Римге барып, ортақ дін  басшымыз Папа Францисктің жүрегін қуантып, еліміздің барша халқы үшін оның батасын алу үшін аттанамыз. Барлықтарыңыздан Петр мен Павел сияқты қызмет ету үшін құлшылық жасаушы епископтардан бастап, біздің қызметіміздің жемісін көретін басқа жандармен аяқтап, бұл сапар барлығымыз үшін пайдалы болуын сұрап дұға етуді өтінеміз».

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top