Католиктер тұрғылықты жерлері бойынша жасалған кәдімгі күнтізбені қолданса да, литургиялық күнтізбеге көз жүгіртетін болсақ, әр «жыл мезгілін» басқа дін өкілдеріне қарағанда, мүлдем өзгеше белгілер бойынша қабылдайтынын байқаймыз. Литургия бұл –құдайға құлшылық,оның басты өзегі Еухаристия болып табылады, яғни нан мен шарапты қасиеттендіру, олардың Христостың Тәні мен Қанына айналуы. Демек, литургиялық күнтізбе осы литургияны өткізу бойынша өзгерістерден хабардар етеді. Мысалы, бір апта басында қатардағы уақыт кезеңі басталды, бұл уақыт негізінде Католиктік күнтізбенің ең көп бөлігін алады. Қатардағы уақыттан басқа литургиялық күнтізбеде Рождество уақыты, Ұлы Пост уақыты, Пасха уақыты, және Адвент уақыты бар.
Ұлы Пост уақыты осы жылы 26 ақпан күні басталды, сонымен бірге Қазақстан Католик Шіркеуі ерекше бастамаға ниеттенді, еліміздің католиктері және кейбір көрші елдер үшін өте маңызды оқиға– Қазақстанды және Орта Азия елдерін Аса Қасиетті Мәриям Бике Бейбітшілік Патшайымына бағыштау.
Барлығының бастауы 1995 жылғы Мәриям Бейбітшілік Патшайымының Мерексінде Ян Павел Ленганың ықпалымен орын алды,ол бұл аймақты Мәриям Бикенің қамқорлығына бағыштады.
Осы орайда,Қазақстан Католик Епископтарының Конференциясы Қасиетті Әке Әулие Иоанн Павел II Қазақстанға сапары кезінде, Астанада, Тәңірдің Періштесі дұғасының алдындағы сөздерін еске алды: «Қазіргі сәтте, құрметті ағалар мен әпкелер, мен сіздердің, Озерноеға жақын орналасқан, Аса Қасиетті Мәриям Бикені – Бейбітшілік Патшайымын құрмет тұтатын,Құдай Анасының Ұлттық Қасиетті Ордасына рухани ғибадат сапарын жасағым келеді. Құдай Анасының аяғына жығыла отырып, Қазақстанның бүкіл халқы үшін дұға етемін»,осылайша Қазақстан халқына, монахтық қауымдарға,рухани семинарияларға,науқастарға,сонымен қатар ниет етушілерге Мәриям Бике Бейбітшілік Патшайымының жанына дұғада жиналуға шақырды.
Негізгі идея ол Озерноеда бір күнді Қазақстан немесе Орта Азия елдерінің біреуіндегі нақты приходқа арнау еді,ол Ұлы Постпен басталып, және дәл мереке күнімен аяқталды. Бұл нені білдіреді? Әр жоспарланған күні барлық дұға бір приход үшін жасалды, арнайы Қасиетті Месса орындалып,Раушантәж дұғасы оқылды, сол приход туралы «Қазақстан жұлдызы» алтары алдында қасиетті сый дұғасына келушілер де, Қасиетті Ордада орналасқан кармелит монах әйелдері де, Қазақстанның басқа да монахтық конгрегациялары да дұға жасады, сонымен қатар Озерноеның және еліміздегі басқа да приходтардың науқас жандары мен егде жастағы келушілері де қосылды. Бұл мақсатта арнайы бүктеме де жасалды. Приходтар өз кезегінде олардың қалаулары бойынша белгілі бір интенция үшін дұға жасауға өтініштер бере алды, және өз тараптарынан оларға бөлінген күні өздеріне қолайлы түрде Аса Қасиетті Мәриям Бикені қастерлеуді тереңдетуге арналған шаралар жасады. Дұғалар тәртібі жасалды.