Католиктер медитация жасай ала ма?

Могут ли католики медитировать?

Ең алдымен,бүгінгі таңда медитация жасаудың сәнге айналғанынан бастайық. Психологтар,коучтар,әртүрлі ой-пікірлердің көшбасшылары,шоу-бизнес жұлдыздары,барлығы бірауыздан медитацияны стресспен күресудегі бірден-бір панацея және әртүрлі психоздардан құтылудың жолы деп санайды.Заманауи ғаламтор медитацияның сан алуан техникаларына үйретуге шақыратын ұсыныстарға толы,сонымен қатар Google, Apple, Facebook,Twitter және тағы басқалары медитацияны өз қызметкерлерін дамыту бағдарламасына енгізіп қойған.Осыған орай заңды сұрақ туындайды:біз,заманауи христиандар,медитацияға қалай қарауымыз керек?Біздің христиандық дәстүрімізге бұл бөтен бе,және медитацияның біздің сенімімізге қайшы келетін тұстары бар ма?

 «Медитация» сөзі христиандарда когнитивтік диссонанс тудырады,және христиандардың көбі бұл сөзді естігенде  тынышсыздық сезіміне бой алдырады,себебі медитацияны буддистік ілммен байланыстырады. Дегенмен,бұл сөздің этимологиясына және кең таралу тарихына үңіліп көрейік.

 «Медитация» сөзінің түбірі латын тілінен алынған және «ойлану» деген мағынаны білдіреді. Католик Шіркеуінің Катехизисі медитацияны ауызша және ойша дұғалармен қатар қойып,дұғаның 3 негізгі формасының біріне жатқызады(КШК 2721).Катехизис медитацияны «ойды,қиялды,эмоцияларды және ниетімізді жұмыс жасауға қозғайтын дұғадағы ізденіс»деп анықтама береді(КШК 2723). «Мұндай мобилизация сенімдегі тұрақтылықтың тереңдеуіне,жүрегіміздің Құдайға бет бұруына және Христостың соңынан еруге деген шешімді нығайту үшін қажет.Христиандық дұға «Христостың құпиялары» туралы медитацияға,сонымен қатар Құдай Сөзін оқудағы (lectio divina) немесе Раушантәж дұғасындағы медитацияларға көп көңіл бөледі. Бұл дұғадағы ойлану формасы өте маңызды,алайда христиандық дұға алға қарай ұмтылуы қажет-Иса Тәңірімізді махббатта тануға,Онымен біртұтас болуға» (КШК 2708).

Олай болса,христиандық ықыласпен ойлану дұғаларының және буддистік практиканың бір «медитация» сөзімен аталу себебі неде? Жұмбақтың кілті өткен жүзжылдықтың басы мен ортасындағы қоғамда болып өткен жағдайларда жатыр. Көптеген жылдар бойы Шіркеудің басты назары сөз түріндегі дұғаларда болып келді. Медитация немесе ақылды қамтитын дұғалар монахтар мен сенімнің ұлы кемеңгерлеріне тиесілі деп саналып, дүнияуи адамдардың тәжірибесіне енуі қолдауға ие болмады. Бірақ 20-60 жылдары Еуропаға шығыс мәдениеті,сонымен қатар буддизм да ене бастады. Адамдар бұл жаңа практикаларға атау бергісі келді, және де «бхавана», «смрити», «пранджа» сияқты буддистік қиын терминдерді қолданбау үшін естіп үйреніп қалған «медитация» сөзімен атай бастады, олар  бұл шығыстық практикалардың монастырьдегі монахтар дұға еткеніне сырттай ұқсайды деп осы сөзді қолдануді жөн көрді. Осылайша,заманауи қоғамда,әсіресе орыстілді қоғамда, «медитация» сөзіне  әртүрлі мағына берілді,олар сырттай ұқсас әрекеттерді сипаттайды.

Католиктік сенім ілімнің ақыл-ойды қосатын дұға формасын қалай түсіндіретіне назар аударайық. Ақыл-ой дұғасын біз сонымен қатар пайымдау немесе латынның «контемпляция» сөзімен атаймыз. Катехизис бұны «дұғаның жоғарғы формасы» (КШК 2714) деп атайды және мынадай анықтама береді: «Дұға құпиясының қарапайым түрдегі көрінісі. Ол Исаға толықтай назарын аударған сенім көзқарасын,Құдай сөзін тыңдауды,үнсіз махаббатты білдіреді. Оймен дұға жасау бізді Христостың құпиясына қатысуымызға мүмкіндік берген мөлшерінде,Өз дұғасына қосады» (КШК 2724). Сонымен,түптеп келгенде, ақыл-ой дұғасы саналылық тәжірибесімен өте жақын және медитацияның жалпылама таралған мағынасында,оған тиесілі бүкіл элементтерін қамтиды.Ақыл-ой дұғасы Құдаймен бірге саналы түрде болуды білдіреді. Әулие Павел айтады: «Өзіңе және ілімге ен» (1 Тим. 4:16). Әдетте біз ілімге жақсы енеміз,алайда бұл насихаттың бірінші бөлігі туралы ұмытып кетеміз. Алайда Құдай Патшалығы біздің ішкі жан-дүниемізде(Лк. 17:20),және христиандық өмірдің мақсаты-Христосқа ұқсау,Құдайға қарап тұрып,Одан өзіңді көру,ал өзіңнің ішкі дүниеңе еніп – Құдайды көру. «Мен Оған қараймын,ал Ол маған қарайды»,-деп Арс ауылындағы шаруа Қасиетті Сый алдындағы дұғасында өз приходының қасиетті басшысы Жан Мари Вианнейге айтқан еді.   «Ақыл-ой дұғасына ену Еухаристиялық литургияға енгенмен пара-пар: жүрекпен «толықтай көңіл бөлу»,Қасиетті Рухтың әсерімен барлық жан-дүниемізбен жинақталып,қандаймыз дәл сондай күйімізде,Тәңірдің тұрағында болу, бізді күтіп отырған Оның жанында болу үшін сенімді ояту,бетпердемізді шешіп,жүрегімізді бізді сүйетін Тәңірімізге бұру, Оған өзімізді тазартуды және өзгертуді қажет ететін сый ретінде беру үшін» (КШК 2711). 

Яғни,медитация тек қана буддистік мұраның бөлігі ғана немесе адамзаттың ойлап тапқаны емес,бұл ежелгі христиандық түбірге ие католиктік дәстүрдің маңызды бөлігі.Көптеген елдерде христиандық медитацияны іске асырып,дұға жасап жүрген топтар бар. Біз Халықаралық Христиандық Медитация Қоғамы көшбасшыларының бірі лондондық аббаттықтың бенедиктиндік монахы Лоренс Фримен әкемен Римде кездестік,ол онда медитация тәжірибесі мен ойлау-танымдық өмірге арналған кездесулерді өткізуде.

Католиктер медитация жасай ала ма?
Лоренс Фримен әке,  The World Community of Christian Meditation фотосуреті

 «Христиандық дәстүрдегі медитация бұл-жүректің дұғасы,өз бастауын Христосты тұлғасынан алады,бұл-тыныштық пен қарапайымдылықтың жолы. Бұл тек қана сенімдегі дұға емес,сонымен қатр Христоспен жеке тірі қарым-қатынас. Кез-келген қарым-қатынастың бастауы бар болса,оның дамуы да болуы қажет. Христиандық медитацияның мақсаты-Христоспен қарым-қатынасты тереңдету. Әулие Павелдың айтуы бойынша,біз қалай дұға жасау қажеттігін білмейміз,бірақ біздегі Қасиетті Рух дұға жасайды. Медитация арқылы біз Христостың дұғасына енеміз,-дейді Лоренс әке.

Біздің қауымда біз тек қана медитация жасауды ғана емес,сонымен қатар христиандық дәстүрдегі медитациямен танысамыз-Христостың Өзі бізді дұға жасауға қалай үйрететінімен,және монах-дәруіштердің ежелгі мұрасымен танысамыз. Медитация бізге «қуат береді»,алайда ол дұғаның басқа формаларының орнын баса алмайды,әсіресе Қасиетті Мессаның.

Дүнияуи ұйымдар бұрыннан медитацияның жемісін бағалаған. Көп адамдар бұл практиканы қолданып,өздері үшін жаңа тәжірибеге ие болғысы келеді. Міне,сол себептен де Христиандық Медитация Қоғамы 30 жыл бойы адамдарды бүкіл әлем бойынша христиандық дәстүрдегі медитацияға үйретіп келеді. Медитация-қарапайым және барлығы үшін қолжетімді дұға. Медитация шынымен де стрессті азайтып,ұйқысыздықтан арылуға көмектеседі,бірақ ең бастысы-ол арқылы біз Христосқа ұқсай түсеміз және жан-дүниемізді махаббат,жүрек тыныштығы,мейірім және сенімге толтырамыз».

Католиктер медитация жасай ала ма?

Қаншалықты бірсарынды естілсе де,сұхбаттан кейін біз Фримен әке екеуіміз,итальяндық тағамнан дәм тату үшін кафеге бардық,және пастадан ала отырып,мен сұрақ қойдым: Лоренс әке,ал саналылық дегеніміз не?»

 «Саналылық,-деп жымиды ол,- бұл антипаста.Ол назарды толықтай жинап,Құдаймен бірге болуға көмектеседі. Ал паста-бұл медитация. Және де,меніңше паста – әлемдегі еі дәмді және пайдалы тағамдардың бірі».

Мәтін және соңғы фотосурет: Ксения Готовская

Фотомұқабасы: The World Community of Christian Meditation

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top