Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені коронавирус эпидемиясы кезінде қайтыс болғандарды еске алуға арналған Қаралы Күн деп жариялады. Бұл күні Нұр-Сұлтандағы католиктік Соборда эпидемия құрбандарына бағышталған Месса өткізілді. Құлшылықты Архиепископ Митрополит Томаш Пэта жүргізді.
Қазақстан Католик Шіркеуі коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болған адамдардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Тағы бір айта кететін жайт, Соборда 14.04.2002 ж. бастап,Қасиетті Сый алдындағы Құлшылық дұғасы бар, «тәулік бойы кезекшілік» іспетті, бұл уақытта католиктер көптеген игіліктер үшін ,әсіресе Қазақстан үшін дұға етеді.