Нұр-Сұлтанда, «Polska Jedność» ҚБ арқылы әрекет етуші Полониялық қоғамдық кітапханада, эпидемиологиялық жағдайлар шектеуін ескере отырып, суретші Марианна Поляковскаяның жеке көрмесінің ашылуы өтті. Салтанатты бөлімі Instagram парақшада тікелей эфирде өткізіліп, залда тек бетперделік режимді ұстанушы бірнеше қонақ болды.
Трансляцияны полониялық кітапхананың директоры, «Polska Jedność» ҚБ вице-президенті Ринат Дусумов ашып, суретшіні таныстырды. Қазақстандағы Польша Елшілігінің атынан консул Иоланта Рабяк көрермендерді жылы қарсы алып,суреттерді тамашалаудан алған әсерімен бөлісті,сонымен қатар барлығын көрмеге баруға шақырып, суретшіге болашақта шығармашылық табыс тіледі.
Марианна Поляковская мамандығы бойынша заңгер және бұқаралық шараларды ұйымдастырушы,бала кезінен суретпен және бимен айналысады. Бала кездегі қызығушылық кәсібилікке ұласып,қазір Марианна сурет және би мектебіне жетекшілік етеді, ол жерде өзінің тәжірибесімен, білімімен балалар мен ересектер үшін қуана-қуана бөліседі,олар үшін мастер-класс,пленэрлер және басқа да іс-шаралар ұйымдастырады. Педагог пен хореографтың жұмысы суретшінің айтуынша, аз уақытты алмайды, дегенмен осыған қарамастан ол кенеп пен қылқаламды студияда да, демалыста да қолынан тастамай, шығармашылықпен айналысуда. Жақында ол Казақстандық «Адольф Янушкевич және Ұлы Дала Елі» арт-байқауында жюри мүшесі ретінде бой көрсетті.
«Polska Jedność» ҚБ және Полониялық қоғамдық кітапхана ұйымдастырған «Гармония чувств» жеке көрмесі Марианна Поляковская үшін алғашқысы еді. Өзінің суреттері туралы айта келе суретші көрмені ашқан картина поляқ ұлттық киіміндегі би билеуші жұптың бейнесі болғандығы кездейсоқ емес екендгін жеткізді. Көрмеде барлығы 16 туынды ұсынылған. Олардың ішінде автордың туған қаласы, Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанға, сонымен қатар Ақмола обылысында орналасқан керемет демалыс орны Бурабайға арналған жұмыстары бар. Дегенмен, Марианна Поляковскаяның көрмесіндегі басты туынды деп астаналық кафедралды собордың аясында суретке салынған Әулие Иоанн Павел II портетін атауға болады.
«Бұл картинаның тұсаукесері символдық мәнге ие,себебі осы жылы Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Астанаға сапарына 20 жыл толды. Понтифик біздің қаламызда 2001 жылдың 23-25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прездиденті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен болған еді. Бұл жайт Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынастың даму тарихындағы басты оқиғалардың бірі. Иоанн Павел II Отан қорғаушылар монументі жанында өткізген Қасиетті Мессаға 35 мыңнан астам адам қатысқан. Көбісі бұл күнді әл ікүнге шейін естерінде сақтап қалған. Біз бұл картина тек қана сенушілерге, сол құлшылық куәсі және қатысушыларына ғана емес, Рим Папасы атанған жалағыз поляк феноменін зертттеушілерге де қызық болады деп үміттенеміз», — деп айтып өтті Полониялық қоғамдық кітапхана директоры Ринат Дусумов.
Марина Поляковскаяның «Гармония чувств» атты көрмесі тамызға дейін жұмыс жасайды. Кіру тегін. Мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, Абылай хан даңғылы, 4/1. Жұмыс уақыты -дүйсенбі-жұма, сағат 10 00-18 00.