Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті

Жазғы демалыс кезінде өткізілген Таза жүректер қозғалысы (ТЖҚ) кездесуі 50-ден астам адамды жинады. Кездесу 4-8 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Корнеевка ауылында өтті және «Сену және сүю» тақырыбына арналды. Махаббатты адам өміріндегі дене, жан және интеллект мағынасының сүзгісі арқылы қарастыра отырып, кездесу тақырыбын Қарағандыдан келген Войчех Шубзда әке аша түсті. Сонымен қатар, бұл басқаларды қалай жақсы көру туралы ғана емес, сонымен қатар өзімізді де жақсы көру туралы болды.
В Корнеевке прошла очередная встреча ДЧС

Топтық кездесулер қатысушыларға қызықты тақырыптарды еркін талқылауға және достық пен сенім атмосферасында тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік берді. «Мұндай кездесулер  басқа жерден жауап таба алмайтын мазасыз сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. Мұнда әдемі адамдар жиналады, әрқайсысына жақындауға, сөйлесуге болады, сіз қолдау алатыныңызды білесіз және сізге сын көзбен қарайды-ау деп қорықпайсыз», — деп бөлісті Виногородская Виктория.

Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті
Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті
Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті

Бұл кездесудің басты оқиғасы Бейбітшілік Патшайымы  Мәриям Бикенің салтанатты мерекесін тойлау күні болды, оған қатысушылар Тонкошуровка ауылынан Озерное ауылына жаяу ғибадат сапарын жасады, бұл басқасымен қосқанда, таңғы сағат 4-те ерте тұру сияқты үлкен құрбандықты талап етті. Жақсы ауа-райының және дұғалармен, гитарамен ән айтумен, конференциямен жол жүрудің арқасында сапардың өзі тым ауыр болған жоқ.

Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті
Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті

Жақында ТЖҚ-на сенім мен дұғаны тереңдету, сондай-ақ басқа адамдардың куәліктерін тыңдау және сұрақтарына жауап табу үшін қосылған Аня Пославская бұл ғибадат сапарын былай деп еске түсіреді: «Маған жалпы Корнеевкадағы кездесу өте қатты ұнады, бірақ бәрінен бұрын Тонкошуровкадан Озерноеға дейінгі ғибадат сапары керемет әсер қалдырды. Бұл ұмытылмас жағдай болды. Ғибадат сапарындағы дұға мүлдем басқаша сезіледі. Мен дұға еткен кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын».

Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті

Ғибадат сапаршылар Озерное ғибадатханасына жақындаған кезде, оларды қоңыраулардың соғуымен салтанатты түрде қарсы алуы оларға қатты әсер етті. Мұнда олар Кардинал Роберт Сара басқарған салтанатты Мессаға монахтық жолдағылармен, басқа ғибадат сапаршыларымен, қасиеткерлермен  бірге қатысып, Құдай Анасының қолына дұға ету ниеттерін тапсыра алды.

Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті
Корнеевкада тжқ-ның кезекті кездесуі өтті

Корнеевкаға оралғаннан кейін, ғибадат сапарынан кейінгі  шаршап-шалдыққандарына қарамастан, ТЖҚ мүшелері соңғы кездесудің көңілді кешін қатысушылардың өздері дайындаған билермен және түрлі ойындармен қуанышты өткізді. Қасиетті Сый алдында дұға ету кешінде қатысушылар Құдайға деген сүйіспеншіліктері мен ризашылықтарын білдіріп, Киелі Кітаптан оның сүйіспеншілігі туралы әдемі үзінділермен бөлісті, мысалы: « Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім  де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие»  (Ис 54:10). Сеніммен жаңарып, Құдаймен және бір-бірімен достықта нығайтылған жастар келесі кездесулерді күтіп, өздерінің приходтарына тарасты.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top