Папа Иоанн Павел II 1997 жылы 02 ақпанда Бүкіләлемдік Құдайға бағышталған өмір күні тойланады деп жариялаған болатын. Бұл мереке күні Шіркеу пәктік,кедейлік және құлақ асу серттерін беріп,өз өмірін Құдайға бағыштағандар үшін және де жаңа құдайға бағышталған өмірдің(монахтық ордендердің,конгрегациялардың және апостолдық өмір қауымдарының мүшелері) дүниеге келуі үшін дұға жасайды.
Бұл күн литургиялық мереке –Тәңірдің Бағышталу күніне(Сретение Господне) орайластырылған,яғни Жүсіп пен Мәриямның жаңа туылған нәресте Исаны Мұсаның ескіөсиеттік заңына(Мысырдан шығу. 13:1-2,11-16) сәйкес қырық күннен кейін Иерусалим ғибадатханасына(Лк. 2:22-40) таныстыру үшін әкелуіне арналған. Орыс тіліндегі «сретение» сөзі «кездесу» дегенді білдіреді және де тақуалар Симеон мен Аннаның тұлғасындағы адамзаттың Құдаймен кездесуін бейнелейді.
Бұл мереке «Мәриямның тазару күні» және «Шырақтар күні» атауларымен де танымал. Мерекелік литургия кезінде майшамдарды қасиеттейді және Мессаның алдында шеру жасалады. Қасиеттелген майшамдар Христостың белгісі,Ол әлемнің Жарығы, Құдайға бағышталған тұлғалардың, яғни Христостың жарығын барлық адамдарға таратуға шақырылғандардың өмірі де сол сияқты. Олар Құдайдың шақыртуына құлақ түреді, барлығын тастап, өздерін толықтай Құдайға және Құдай халқына дұғамен және апостолдық істермен қызмет етуге бағыштайды.
Бүкіләлемдік Құдайға бағышталған өмір күні—бұл Христосқа осы сый үшін алғыс білдіру,бағышталғандарға олардың Шіркеуде және әлемде баламасы жоқ миссияны алып жүргендерін түйсінуге көмектесу,сонымен қатар сенушілер су рәсімінде иеленген міндеттерді орындаудың бір тәсілі аталған өмірді таңдауы екендігін жеткізу мүмкіндігі.
Бүкіләлемдік Құдайға бағышталған өмір күнін бекітудегі себептерін түсіндіре келе Әулие Иоанн Павел II бұл мерекені тойлау«бүкіл Шіркеуге Христостың соңынан евангелиелік кеңестерді орындау арқылы еруді таңдаған адамдардың өмірлерін одан сайын құрметтеуге көмектесуі,сонымен қатар Құдайға бағышталаған өмір иелерінің өз серттері мен қызығушылықтарын жаңартуға қолайлы себеп болуы, бұл оларды Құдайға өздерін құрбан етуге рухтандыруы тиіс» екендігін айтып өтті.
Біз сіздерді өзіне Құдайға бағышталған өмір міндеттерін алғандардың қасиеттілігі үшін дұға жасауға және оларға бұл ерекше мерекеде алғыс айтуға шақырамыз. Олар әрі қарай да Иса Мәсіхпен рухтанып, арнайы борыштары арқылы берілген Құдайдың сыйларына молынан жауап берулері үшін.