Рим Папасы Франциск Төтенше Миссионерлік айы уақытында 13 қазан күні 5 жаңа әулие(қасиетті) адамдардың есімін жария етті.Және де Барлық Әулиелердің Мерекесінен кейін әулиелермен танысу сериясын ерекше тұлға- әулие Дульче Лопезбен аяқтаймыз.
«Әулие Терезаның үлгісіне ере отырып,менің ойымша кішкентай болса да,махаббаттың әр белгісі Сәби Исаға ұсынылуы тиіс»,-дейді Дульче Лопез әпке,ол Нобель сыйлығының екі дүркін лауреаты,Бразилиядағы ең үлкен қайырымдылық ұйымын салған, XX ғасырдағы қайырымдылықтың жарқын үлгісі.
Мария Рита Лопез 1914 жылы 26 мамырда,Бразилияның Сальвадоре-де-Байясында дүниеге келген. Дульче әпке өз қызметін 16 жасында,өзінің үйінде балалар мен қарттарды паналатудан бастаған.18 жасында Дульче Құдай Анасының Күнәсіз Ұрықталуының Миссионер әйелдеріне қосылып,кедейлер мен жарлыларға көмектесуін жалғастыра берді.
Бірде Дульче әпкеге өзі қамқор болып жүрген жетпіс науқасқа баспана іздеу керек болды,оларды тұрып жатқан ғимараттан қуып жіберген еді. Сол кезде монастырдың басқарушы-анасы Дульчеге тауыққораны беріп,тауықтарға да қамқор бола жүруін сұрады. Дульче әпке оп-оңай өз шаруасымен айналысып кетті,тауықтарды бөлшектеп,өз науқастарын дәмді тауық сорпасымен тамақтандырды. Қазіргі кезде бұл монастырь тауыққорасы Әулие Антоний атындағы аурухана,онда күн сайын 3 000-нан аса науқас ем алады.
Дульче әпке өзінің махаббатқа бағышталған кішкене істерін атқарып жүріп,кейінірек католиктік синдикаттың негізін қалады,кітапхана,мектеп,тіпті үш кинотеатр салды.
1959 жылы
ол Дульче әпкенің Қайырымдылық Қорын ашты,бүгінде бұл қор Бразилиядағы ең
құрметтілердің бірі деп саналады.
1979-1980 ж.ж. Дульче әпке Калькутталық әулие Терезамен кездескен,және Папа
Иоанн Павел II-мен кездескен. Папамен ең соңғы кездесуі дүниеден озар алдындағы
1992 жылдың 13 наурызы еді.
Беатификация процесінің аясында Дульче әпкенің денесі тексеріліп,бүлінбейтін болып танылды. Әулие болып 2011 жылдың 22 мамырында жарияланды,ал 2016 жылы Краковтағы Бүкіләлемдік жастар күнінің жебеушісі деп бекітіліп,үлгі аларлық тұлға ретінде кең таралды.
Мәтін: Алексей Готовский
Фото мұқаба: Daniel Ibáñez