Атырау апостолдық әкімшілігінің болашақ пірадары Патрик Напалмен біздің сұхбатымыздың бірінші бөлімінде оның қалай шақырылғаны және оның пірадарлыққа қалай жол бастағаны туралы білдік. Үш жылдық демалыстан кейін не болды және ол Ресейге неліктен келді?
2-бөлім. Ресей
– Сіз монастырьге қайтып оралуға ниет білдірген едіңіз, бірақ неге басқа жаққа ауысып, Ресейге келдіңіз? Ол Филиппин елінен сондай алыс жерде орналасқан ғой.
– Иә, ол туралы айтқан кезде мен монах қызметіне қайта оралуды шештім. Мен бұрынғы монастырьде мәңгілік ант беру алдында кеткеннен кейін, Исаның тұрақты канониктері конгрегациясының монахтарымен қарым-қатынас бастадым. Олар мені Ресейдегі Владивосток монастріне шақырды.
– Бірақ неге Ресей? Сіз орыс тілін меңгердіңіз бе?
– Мен үшін Ресейге келу қайтадан туылу сияқты болды, өйткені мен орыс тілінде бір де бір сөз білмедім, бірақ көптеген басқа тілдерді меңгердім: ағылшын, итальян, туған себуан тілі және тагало – Филиппиндердің ресми тілі. Кішкентай балалар қалай сөйлеуді үйренеді, мен солай орыс тілінде сөйлеуді үйрендім. Тіпті орыс әріптерін қалай дұрыс жазу керектігін үйрету үшін, жазған кезде менің ұстазым менің қолымды ұстап тұрды. Бірақ менің тілдерді үйренуге деген қабілетім бар, сол себепті мен орыс тілін тез меңгердім, үш айдан кейін адамдармен өте еркін сөйлесе алдым. ҚШМУ-да (Қиыр Шығыс мемлекеттік университетінде) орыс тілін үйрену процесі бір жылға созылды. Ресейге келмес бұрын мен монахтардың өздерімен ағылшын тілінде сөйлескенмін, өйткені Владивостокта қызмет ететін екі пірадар-монахтар АҚШ-тан келген болатын.
– Мұндай қиындықтарға қарамастан, сіз Ресейді таңдадыңыз. Бұл үшін орынды себептер болса керек.
– Бала кезімде Құдайға дұға еткенде, мен әр түрлі елдерге барғым келетінін айтқан болатынмын, бірақ көптеген филиппиндіктер сияқты ақша табу үшін емес, Оның есімі үшін, Оның қызметшісі болуды тіледім. Кейінірек, 15 жасымда мен Давао Архиепархиясындағы ең жас катехизатор болдым. Филиппиндік мектептерде катехизис оқытылады, мен 1-ші және 2-ші сынып оқушыларына сабақ бердім – барлығы 13 топ болды. Маған өте ұнайтын. Яғни, бала кезімнен бастап, менің Евангелизациялауға деген құштарлығым болды, бірақ мен католиктер аз жерде және қызметкерлердің өздері аз болған жерде қызмет атқарғым келеді деген сезімде көңілімді тоқтаттым, себебі онда қызықты болмағандықтан немесе сенушілер қауымы аз болғандықтан көптеген адамдар қызметке барғысы келмейді. Ресей мен үшін осындай орын болды.
– Сіз бұрынғы монастырьде мәңгілік ант беруге дейін жеткенсіз ғой. Мұнда жолды қайтадан бастау керек болды ма?
– Мен Ресейге алғаш рет 2009 жылдың қазан айында келдім. Маған аспирантура мен постулатты жіберіп қоюға рұқсат берілді, мен бірден новициатқа кірістім. Бір жылдан кейін алғашқы анттарды бердім. Діни білім алу үшін маған мерзімді түрде Филиппинге баруға тура келді. 2014 жылдың наурыз айында мен Мәңгілік анттарды бердім.
– Сіз Ресейде соңғы жылдары Филиппин еліндегідей жастармен жұмыс істеуді жалғастырдыңыз ба?
– Бір жағынан иә, мен жетім балалармен біраз жұмыс істедім. Бірақ бұл монастырьдегідей толыққанды жетімдер үйі емес, біз уақытша барып тұрған қарапайым мемлекеттік жетімдер үйі. Негізінен, мен хосписте көмек көрсете отырып, қарттарға, әлсіз және күні санаулы адамдарға қызмет еттім. Сол жерде балалары күтімнен бас тартқан, жалғыз қалған қарт адамдар, сондай-ақ әл үстіндегі адамдар өмір сүрді. Мысалы, мен өзіне қызмет ете алмағандарға тамақтануға көмектестім.
– Сіз тек католиктермен ғана жұмыс істедіңіз бе?
– Керісінше, онда католиктер жоқ еді. Жоқ болса да, менің қамқорлығыма алынғандардың бірі кейінірек католик болды – бұл өте әсерлі оқиға. Ол әйелдің аты Лена еді. Мен онымен бірнеше ай таныс болдым. Ол сол кезде 80 жастан асқан болатын. Ол діншіл емес еді, бірақ, әрине, менің монах екенімді білді, өйткені күн сайын оны тамақтандыруға келіп жүрдім. Ол өлер алдында мен оны Құдайға барғысы келеді ме деп сұрадым. Ол оған оң жауап берді. Сол кезде мен одан дайындалғысы келетіні туралы сұрадым. Ол сондай-ақ оң жауап берді. Сонда мен: «Сіз Исамен бірге болу үшін су рәсімінен өтуді қалайсыз ба?» – деп сұрадым. Ол «Иә» деп жауап берді. Сол кезде мен төсекте күшсіз жатқан оған су рәсімін өткіздім. Үш күннен кейін ол Құдайға барды. Лена осы хосписте жалғыз католик болды және ол енді Құдаймен бірге.
– Демек, сіздің қызметіңіз негізінен әлсіздерге дене күтіміне байланысты көмек көрсету болды. Олар сізді рухани көмек көрсетуге шақырды ма?
– Өзіңіз ойлап көріңіз. Владивостокқа келген
тағы бір украин әйел болды, аты Мария. Оның
Вера, Надежда және Любовь деген үш қызы болды. Сол кезде олардың біреуі қайтыс болып, қалған екеуі де қартайып,
анасына тиісті қамқорлық жасай алмаған. Мен оны баба
Маша деп атадым. Баба Машаның оң қолымен қиындықтары
болды. Мен массаж жасай аламын, оны баба
Машаға жасаған кезде, ол өзін жақсы сезінетін.
Бір күні біз онымен өлімнен кейінгі өмір туралы сөйлестік. Мария балалық шақта православие дінінде су рәсімін өткеніне қарамастан, ол өзін Құдайға сенбейтін адам деп санайтын. Сол кезде ол қатты ауырып, азап шегіп, үнемі қиналуын тоқтатқысы келетінін айтты. Мен оған бұл туралы біз, христиан дініндегі адамдар, дүниеден кейінгі өмірге сенеміз деген ойға да жол бермейтінін айттым. Ол менімен келіспеді. Егер олай болмаса, онда Иса бұл туралы айтпайтын еді деп қарсылық білдірдім. Сонда ол көкте не болады деп сұрады? Мен білмеймін деп жауап бердім, бірақ бәрі жақсы болатынына сенімдімін, ешқандай ауырсыну болмайды, тек тыныштық пен махаббат болады дедім. Ол маған қарап, сол жаққа қалай жетуге болатыны туралы сұрады. Мен өлімнен кейін өмірге сену керек дедім және күнәсін мойындауды ұсындым. Ол оны қалады. Мен православиелік дін қызметшісіне қоңырау шалдым, бірақ ол өкінішке орай келмеді, содан кейін өзімнің ғибадатханадағы басшымнан келіп күнәсін мойындауды(исповедь) жасауды сұрадым, ол оны өткізді. Және осыдан кейін де ол көкте болатынына күмәнданды. Ал мен оған былай дедім: «Қорықпаңыз, соңында мен де сол жаққа барамын, және біз сізбен бірге көрісеміз». Ол: «Шын айтасың ба? Ал біз сонда көріскенде, маған массаж жасайтын боласың ба?» – деп сұрады. Мен оған ешқандай ауырсыну болмайтынын айтсам да, көңілін көтеру үшін «Иә» деп жауап бердім. Ол былай деді: «Онда мен көкке барамын да сені күтемін». Егер ол көкте өмір бар екеніне сенбесе, онда ол тозаққа барады, бірақ мен оған барғым келмейді, сосын бір-бірімізді көрмейміз дедім. Баба Маша мені ұлым деп атайтын, және мен келгенде, ол бәріне менің ұлым келді деп айтатын.
– Біздің посткеңестік қоғамда әдеттегідей Құдайға әйелдер көбірек ұмтылады. Ал сізден физикалық көмектен басқа көмекті қабылдаған ерлер болды ма?
– Бір қарт адам, теңізші Владимир болды. Оның үш баласы бар. Әйелі қайтыс болған. Оған ешкім қамқорлық жасағысы келмегендіктен ол хосписке түсті. Ол әрқашан өте салмақты болатын. Мен өтіп бара жатқанда, ол маған өте қатаң қарап, менің оны тамақтандырғанымды қаламайтын, бірақ дәл осы адамның көмекке мұқтаж екені көрініп тұратын. Бірінші күні ол көмектен бас тартты, екінші күні де, үшінші күні де үнсіз болды. Содан кейін мен тәрелкені алып, оны ботқамен тамақтандыра бастадым. Ол маған: «Сен мұнда неге жүрсің?» – деп сұрақ қойды. Мен көмектескім келетінін айттым. Ол адамдарға неге көмектескім келеді деп сұрады. Мен христианмын және менің Тәңірім мені мұқтаж адамдарға көмектесуді үйретті деп жауап бердім. «Ал сенің Тәңірің кім?» – деп сұрады Владимир. Мен Иса дедім. Ол үнсіз қалды және әңгімені жалғастырғысы келмеді.
Осыдан кейін біз дос болдық. Мен күн сайын оған қырынуға, киінуге, тамақтануға көмектесу үшін келіп тұрдым. Бірде ол менің әйелім бар ма деп сұрады. Мен жоқ деп жауап бердім. Ол маған үйленуің керек, саған қамқорлық ететін біреу болуы қажет деді. Бірақ мен бұл туралы алаңдамаймын, өйткені біз, монахтар, бір-бірімізге көмектесеміз. Егер өзгелерге көмектессеңіз, Құдай да әрдайым көмектеседі деп айттым. Бірақ ол қыз тауып үйленуім керек екенін айтты. Ал мен оған былай дедім: «Өзіңіз елестетіп көріңізші, егер Филиппиндерде менің әйелім болса, мен осында болып,сізге көмектесе алмайтын едім. Сіз соны қалайсыз ба?». Ол үнсіз жылай бастады. Содан кейін былай деді: «Патрик, үйленбегеніңіз үшін рақмет». Міне, менің де бұл оқиғаларды еске түсіргенімде, қазіргі кездей көзіме жас алмай тұруым мүмкін емес.
– Сіз Ресейде қанша уақыт қызмет еттіңіз? Және сізде көмегіне сенуге болатын бауырлас монахтар бар ма?
– Владивостокта тек екі пірадар бар, екеуі де американдықтар, Америкадағы Әулие Кресттің тұрақты канониктер орденінен шыққан адамдар. Қазір онда біздің орденге Ресейден бірінші болып шақырылған орыс дьяконы бар, ол да жақында 10 сәуірде тағайындалады. Мен Ресейде 2016 жылға дейін қызмет еттім. Осы уақыт аралығында мен көптеген тамаша сәттер бастн ке, және шын мәнінде, адамдарға өзімнен бірдеңе беруді қалаған кезде, мен нәтижесінде олардан әлдеқайда көп алдым.
Елестету қиын, бірақ Патрик Ресейден бірден Қазақстанға келмеді. Патриктің қандай елде қызмет атқаруға мүмкіндігі болғаны туралы келесі бөлімнен білесіз.