КӨРШІ ТӘЖІКІСТАНДА ПАЙЫМДАУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МОНАСТЫРЬ АШЫЛДЫ

Көрші Тәжікістанда алғашқы пайымдаушылық бағыттағы әйелдер монастырі ашылды, елдегі католиктік қауымның жалпы саны 100 адамнан сәл ғана асады.
Созерцательный монастырь открыт в соседнем Таджикистане

27 маусымда Тәжікістанның  100 адамнан сәл ғана асатын католиктік қауымы үшін өте маңызды оқиға орын алды— мемлекет астанасы Душанбе қаласында пайымдаушылық бағыттағы монастырь Missio Sui Iuris қолдауымен ашылды.

Тәңір мен Матарлық Құдай Анасының  Қызметшілері Институты діни отбасының басты қорғаушысы Лухандық Құдай Анасының құрметіне, 2018 жылдың мамырында миссионерлік мекендерде бірнеше пайымдаушылық бағыттағы қауымдар ашамыз деп серт берген еді. Бұл оқиға— аталған уәдені орындау жолындағы қадамдардың бірі.

КӨРШІ ТӘЖІКІСТАНДА ПАЙЫМДАУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МОНАСТЫРЬ АШЫЛДЫ

Жаңа монастырдың негізін қалау рәсімі Өзбекстанның Апостолдық Администраторы епископ Ежи Мацулевичтің төрағалығымен өткен Қасиетті Мессадан басталды, оған бұл елдегі қызмет етуші қасиеткерлер қатысты. Қасиетті Месса уақытында пайымдаушылық бағыттағы қауымды құраушы 4 монах әйел формуланы оқып,сәйкесінше олар ең алдымен Азияда евангелиенің таралуы үшін дұға жасауға міндеттелді. Құдайға құлшылық Лухандық Құдай Анасының бейнесімен салтанатты процессия өткізу арқылы аяқталды.

КӨРШІ ТӘЖІКІСТАНДА ПАЙЫМДАУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МОНАСТЫРЬ АШЫЛДЫ

Өздерінің аспандағы қорғаушысы ретінде монастырь әулие Иоанна Павла II санайды, себебі ол осы елде 1997 жылдың 29 қыркүйегінде Missio Sui Iuris құрып, сол елде евангелиенің таралуын Тән алған Сөз Инситутына сеніп тапсырды.

КӨРШІ ТӘЖІКІСТАНДА ПАЙЫМДАУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МОНАСТЫРЬ АШЫЛДЫ

Өздерінің руханиятына сүйене келе орден  Иоанн Павел II үйреткендей, пайымдаушылық өмір дегеніміз «сендер (ред. — монахтық өмірдегілер) Христостың мына әлемге жіберген адамдары ретіндегі діни өмірлеріңе толық мән беруге дайындайтын өзек» болып табылады. Бұл сөздерден монстырдың негізін қалаған діни отбасы Тәжікістандағы пайымдаушылық қауымның мақсатын көреді.

Сондай-ақ Тәңір мен Матарлық Құдай Анасының  Қызметшілері Қазақстанның екі қаласында— Шымкент пен Шахтинскте жұмыс атқаруда.

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top