КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

Кардинал Роберт Сара посетил Казахстан

2022 жылғы 6-9 шілде аралығында Қазақстанға кардинал Роберт Сара үшінші рет келді. Оның 2020  жылғы Қазақстан мен Орта Азия елдерінің Бейбітшілік Патшайымы Аса Қасиетті Мәриям Бикенің қамқорлығына тапсырылуының 25 жылдығына орай сапары коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған еді.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Көкшетаудағы Қасиетті Месса

Бағдарламаның алғашқы нүктесі және кардиналдың сапарының басты мақсаты-Озерноедағы Бейбітшілік Патшайымы Мәриямның Ұлттық Қасиетті Ордасына бару еді. Жолда кардинал Көкшетаудағы Әулие Антони Шіркеуінде Қасиетті Мессаны атқарды.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Жергілікті билік өкілдерімен кездесу
КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Жергілікті билік өкілдерімен таңғы ас
КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Ғибадат сапаршылары үйін қасиеттеу
КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Ғибадат сапаршылары үйін қасиеттеу
КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Ғибадат сапаршылары үйінің кіреберісінде

Ғибадат сапаршылары үйінің кіреберісінде 7 шілдеде кардинал күнді Дін істері басқармасының өкілдерімен және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасарымен бірлескен таңғы астан, сондай-ақ құрылысының маңыздылығы Ұлттық санктуарийге келетін қонақтарды орналастыру үшін жағдай жасау қажеттілігімен тікелей байланысты, жаңадан салынған ғибадат сапаршылары үйін қасиеттеуден бастады. Кардинал 250 -ге жуық ғибадат сапаршылары жиналған Бейбітшілік Патшайымы Аса Қасиетті Мәриям Бикенің мерекесінде салтанатты құлшылықты басқарды. Олардың кейбіреулері жолдың бір бөлігін жаяу жүріп өтті: енді бір топ шамамен 15 км жүріп өтіп, Тонкошуровкадан Озерноеға, екіншілері Келлеровкадан Озерноеға дейін шамамен 30 км жүрді.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Келлеровкадан Озерноеға бара жатқан ғибадат сапаршылар
КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

8 шілдеде Кардинал Сара Озерноедан келе жатып, жолда Щучинск қаласындағы Әулие Ыбрайым шіркеуіне де барды.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ
Щучинск қаласындағы Әулие Ыбрайым приходында

Ол күнді Нұр-Сұлтандағы кафедралды соборда Қасиетті Мессамен аяқтады. Барған барлық приходтарда кардинал Роберт Сара Қазақстанда 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланғанына орай балаларға ерекше батасын берді.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

9 шілдеде кардинал Қайырымдылық миссионерлерінің әпкелерімен (Тереза Ананың әпкелері ретінде танымал) кездесті, сондай-ақ конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев Орталығының төрағасы Болат Ерғазыұлы Сәрсенбаевпен кездесу өткізді. Осы кездесу барысында Орталық Төрағасы діни дамуға назар аудара отырып, Қазақстан тарихына, оның мемлекет ретінде қалыптасуына қысқаша шолу жасады. Кардинал Қазақстандағы тарихи ескерткіштер мен жалпы мәдениеттің байлығы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде сирек байқалатын құндылықтардың болуы: отбасыларға, балаларға, қарт адамдарға көңіл бөлінетіні оның жүрегін елжіреткенін айтты. Кардинал Сара Қазақстанның табиғи байлығынан басқа, сондай-ақ мұнда тұратын түрлі мәдениеттер мен діндердің өкілдері ортақ тіл таба алатын жағдайлар жасау қабілетінің сөзсіз байлығы бар екенін, бұл құндылықтар нағыз байлық болып табылатынын атап өтті және қазақстандық қоғам оларды өз елінің игілігі үшін ғана емес, сонымен бірге әлемнің басқа елдеріне үлгі болу үшін де сақтап қалуына дұға етуге  уәде берді.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

Екі жыл бұрын, 2020 жылғы 15 қазанда Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы мен Папалық дінаралық диалог кеңесі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесу Қазақстан мен Ватикан арасындағы жемісті ынтымақтастықты растайды.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

Өмірбаяндық анықтама: Роберт Сара 1945 жылы 15 маусымда Гвинеяда кедей, сенуші емес фермерлердің отбасында дүниеге келген. Ол Католик Шіркеуіне француз миссионерлерімен танысу арқылы келді. Кот-д ‘ Ивуардағы бастауыш семинарияда, содан кейін Франциядағы жоғарғы семинарияда оқыды.

Роберт Сара 1969 жылы Конакриде (Гвинеяның астанасы) қасиеткер болып тағайындалды, содан кейін оқуын жалғастыру үшін Римге кетті. 1979 жылы 34 жасында Сара Конакри архиепископы болып тағайындалды, ол әлемдегі ең жас католик епископтарының бірі болды. 2001 жылы Римге ауыстырылды және халықтарға евангелие тарату қауымының хатшысы болып тағайындалды. 2010 жылдың қазан айында «Бір жүрек»Папалық кеңесінің төрағасы және көп ұзамай кардинал атағына көтерілді.2014 жылдың қарашасында Рим Папасы Франциск кардинал Сараны Құдайға құлшылық пен құпиялар тәртібінің префекті етіп тағайындады: прелаттың куәлігі бойынша ол бұл лауазымнан үш рет бас тартқан және оған понтификтің талабы бойынша ғана келісіпті. Кардинал Сара консервативті иерарх ретінде танымал, ол Мессаны «шығысқа қаратып» орындауды және латын дәстүріндегі қаисеткерлердің целибатты сақтауын қолдайды. Қасиеткерлердің рөлі туралы, неке туралы, жалпы сенім туралы «Құдай немесе ештеңе», «Тыныштық күші», «Ерлі-зайыптылар, махаббатты оятыңдар», «Жүрегіміздің түкпірінен» және т.б. сияқты бірқатар танымал кітаптардың авторы.

КАРДИНАЛ РОБЕРТ САРА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

Қазақстандағы Католик Шіркеуінің атынан кардиналға оның назары үшін, елдің басты қамқоршысы болып табылатын Бейбітшілік Патшайымы — Аса Қасиетті Мәриям Бикенің салтанатты мерекесіне  қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл әрекет қазіргі уақытта бүкіл әлемде соғыс қимылдары жалғасып жатқан жерлерде бейбітшілік орнату туралы дұғалар оқылатын кезеңде өте маңызды.

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top