Бұл заң ақпан айының соңында Епископтар конференцияларының басшылары, соның ішінде епископ Хосе Луис Мумбиела Сиерра қатысқан кәмелетке толмағандарды қорғау мәселелері бойынша өткізілген кездесуден кейін жасалған алғашқы қадам болды.
Бұл құжатты революциялық деп атау қиын, себебі ол көбінесе Ватиканға қатысты, онда кәмелетке толмағандар көп емес, мемлекет кішкентай, ал оның тұрғындары негізінен отбасын құрмайтын дін қызметшілері болып табылады. Бірақ ол сондай-ақ бүкіл әлем бойынша Ватиканның дипломатиялық өкілдіктеріне де таралады.
Соңғы жылдары баспасөзде діни қызметкерлердің кәмелетке толмағандарға қатысты өрескел қылықтар көрсету тақырыбы кеңінен талқылануда. “Reuters” жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, құрбандар соңғы кездесуді бұрын берілген уәделердің қайталануы ретінде бағалағанымен, «BishopAccountability.org» американдық теріс пайдаланушылықты қадағалау тобынан Энн Барретт Дойл: «Ең болмағанда бір баланы неғұрлым қорғалған ететін заңдар құпталуы тиіс», – деді ол. Ол үш құжатқа қол қоюды «дұрыс бағыттағы шағын қадам» деп атады.
Жаңа заңның негізгі постулаттары кәмелетке толмағандарға қатысты теріс пайдаланушылық туралы жағдайларға және осыған байланысты рәсімдер, қызметкерлерді мұқият іріктеу, жұмыстан босату, осындай фактілерді жасырғаны үшін айыппұлдар және түрмеге қамау, сондай-ақ осындай әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккендерге және олардың отбасыларына көмек көрсету жөніндегі міндеттерге қатысты.
Аталған құжат тек қана балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға ғана емес, сондай-ақ «VaticanNews» атап өткендей, ол «әлсіз, дене немесе ақыл-ой кемістігі және жеке бас бостандығынан айыру жағдайында» деп құжатта анықталатын ересектерге бағытталған.
Сонымен қатар, «VaticanNews» хабарлауынша, «заңнама кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін олар 18 жасқа толған кезде басталатын жиырма жылдық ескіру мерзімін белгілейді». Осы құжат қылмыс құрбаны болғандар мен олардың отбасыларының кек алудан немесе қорқытудан қорғау үшін қажетті құпиялылық туралы қамқорлық мәселесін де айналып өтпеді.
Құрбандарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсететін «Қиянат құрбандарына қолдау көрсету қызметі» құрылғанын атап өту қажет.
www.reuters.com және www.vaticannews.va сайттарынан алынған мәліметтер бойынша.
Мұқабасындағы фото www.vaticannews.va сайтынан алынған.