Ақ Ордаға жолдаған ресми хатында Орталық Азияның Католиктік Епископтары Конференциясының басшысы, Қазақстаннан басқа тағы алты елдің атынан жаңадан сайланған президентке мынадай сөздермен құттықтау жіберген еді:
«Жоғары Мәртебелі,
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза,
Орталық Азияның Католиктік Епископтары Конференциясының атынан Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауымды білдіргім келеді.
Өз мансабыңыздың жолында Сіз Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға, нақты демократияны жетілдіруге, сондай-ақ халықаралық саладағы диалогты ілгерілетуге және біздің көпұлтты және көпконфессиялы республикамыздың халықтары бауырлас қатар өмір сүруіне деген мызғымас ұмтылысты көрсеттіңіз. Сіздің әділеттілік идеалдарына деген адалдығыңыз, әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу мен өмірдің құндылығын мойындауыңыз күмән келтірмейді. Қазақстан халқы Сізге үлкен миссияны және осы қиын кезеңдерде еліміздің тағдырын бағыттауды жалғастыруды жүктеді.
Сіз біздің қолдауымыз бен дұғаларымызға, сондай-ақ біздің пасторлық қызметіміздің ортақ игілікті, бейбітшілік пен келісімді құруға қосатын үлесіміне сенім арта аласыз деп сендіреміз, оны біз заңды түрде сайланған билікпен ынтымақтастықта, құрметпен дамытамыз.
Сіздің қызметіңізді және бүкіл Қазақстан халқын Бейбітшілік Патшайымы Мәриямның шапағатына тапсырамыз».
Епископ Хосе Луис Мумбиела-Сиерра,Орталық Азия Католиктік Епископтары Конференциясының Төрағасы