Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16: 00-де Қасиетті Тақтың ресми сайтында келесі ақпарат пайда болды:
«Азаматтық және шіркеу билігінің шақыртуын қабылдай отырып, Папа Франциск Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Көшбасшыларының VII съезіне орай, Нұр-Сұлтан қаласына барып, ағымдағы жылғы 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстанға жарияланған Апостолдық Саяхат жасайды».
Осылайша, Ватикан Рим Папасының Қазақстанға сапармен келетінін ресми түрде растады. Сапар бағдарламасы туралы қосымша хабарланатын болады.