Сапарды ұйымдастыру комитетінің идеясына сәйкес логотипте зәйтүн бұтағын ұстаған көгершін бейнеленген. Қанаттар бір-біріне жанасқан екі қол болып бейнеленген, яғни бейбітшілік пен бірлік хабаршыларының қанаттары ретінде көрсетілген.
Қанат ішіндегі жүрек сүйіспеншілікті білдіреді – өзара түсіністік, ынтымақтастық және диалогтың жемісі. Стильдендірілген зәйтүн бұтағы қазақтың ою-өрнекті бейнесімен ұсынылған.
Артқы жағында аспан түстес «шаңырақ» – қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйі –«киіз үйдің» элементі , ал ішкі жағында-сары түсті айқыш.
Логотипте Қазақстан туының түстерін қайталайтын аспан түстес көк және сары түстер, сондай – ақ Ватикан туындағы сары және ақ түстердің үйлесімдері қолданылған. Бұтақтың жасыл түсі үмітті білдіреді.
Сапардың мемлекеттік қазақ тіліндегі және елде ресми мәртебесі бар орыс тіліндегі ұраны бейнені көмкереді.
Папа Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу үшін Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына барады. Бұл конгресс 3 ондықтан астам уақыт бойы мәдениетаралық және конфессияаралық диалог саясатын ілгерілетіп келе жатқан елдің визиттік картасына айналды. Рим Понтифигінің Қазақстанға бұдан бұрынғы сапары 2001 жылы орындалды. Әулие Иоанн Павел II сапарының ұраны: «Бір-біріңді жақсы көріңдер!» сөздері болған еді.