Бір филиппин жігітінің қалай қазақстандық пірадар болғаны туралы (жалғасы)

Как один филиппинец стал казахстанским священником (продолжение)

Міне, біз Патрик Қазақстанға келген уақытқа да жеттік. Бірақ, есіңізде болса, ол мұнда келгісі келмеді. Неліктен соңында, бір аптадан кейін, ол дәл Қазақстанда осы уақытта пресвитер шеніне ие болады?


Егер сіз   бұл циклды  енді ғана бастасаңыз, онда басынан, екінші және үшінші бөлімдерінен бастап оқысаңыз болады.


4-бөлім. Қазақстан

– Сіз Армениядан көз жасыңызмен кеткеніңізді айттыңыз. Бұл тек сіздің сонда болуыңыздың керектігін сезінгеннен бе немесе Қазақстанға бару қажеттілігі қорқытқаннан ба?

– Армения мен үшін жүрегім іздеп тұратын орын болды. Бірақ Қазақстан мені қорқытпады. Әрине, мен ол туралы өте аз білдім. Филиппиндерде бұл қандай ел және қайда орналасқаны туралы ешкім білмейді. Бірақ есіңізде болса, ешкім білмейтін жерлерге бару маған қызықты екенін айтқанмын. Әлемде Қазақстан және оның көршілес елдері туралы мәлімет аз. Ал маған пірадарлар мен монахтардың саны аз жерде жұмыс істеген ұнайды. Дәл осындай жерде жұмыс істеу ниетімен мен Ресейге келдім.    

– Жаңа бейтаныс ел… жаңа өмір сүру жағдайына бейімделуге не көмектесті? Немесе кім?

Бір филиппин жігітінің қалай қазақстандық пірадар болғаны туралы (жалғасы)

– Біріншіден, Құдай.  Оның рақымы арқылы барлығы да мүмкін. Әрине, Құдай бізге басқа адамдар арқылы көмектеседі. Сондай адамдардың бірі – Қарағанды қаласындағы семинарияның бұрынғы ректоры Петр Пытлованы әкей, ол менің Қазақстандағы өмірімде өте үлкен рөл атқарды. Ол өте ашық адам және мен үшін өте қымбат жан. Ол маған сенім артты, мен де онымен ашық болдым, қорқынышсыз бәрін айттым. Ол Қазақстанда болған семинариядағы оқуды өз Отанындағы оқумен салыстыра отырып, тәжірибесімен бөлісті. Құдайдың маған көмектескен тағы бір адамы – семинарияның рухани әкесі Петр Сакмар әкей болды. Басынан бастап ол менен мұнда қалғың келмейді ме деп сұрады.

– Сіз белгісіз елден қорықпадыңыз, бірақ қазір сіз осындасыз және ауа-райы жағдайының қаншалықты ауыр екенін білесіз. Осындай жағдайларға бейімделу үшін қандай лайфхактар ұсына аласыз.

– Бұл тіпті жылы емес, ыстық елден келген адам ретінде мен үшін қызық болды. Маған қазақстандық қатты аяздар кезінде де өте ыстық болды. Құдайға құлшылық ету кезінде барлығы жылы күртешеде, етікте жүрсе, мен өзімді өте ыстық сезінуден құтыла алмадым. Барлығы таң қалатын. Бірақ бұл шынында да солай болды, мен қара терге түсіп жүрдім. Егер суық болса, жылы киінуіңізге болады. Ал, ыстықтан зардап шегетіндерге үйрену керек. Маған тек осылай істеуге тура келді. Менің ойымша, мұның бәрі жергілікті адамдардың бізге, шетелдіктерге, деген махаббаттынан. Егер онда жаман адамдар өмір сүрсе, елдің сұлулығы ештеңені де білдірмейді. Әрине, барлық жерде жақсы және жаман адамдар бар. Бірақ сізді мейірімді адамдар қоршаған кезде, бұл сіздің көз алдыңызда елді немесе қаланы әдемі етеді. Және басқалардан шыққан бұл махаббат мен үшін жылыжайдың бір түрі болды. Басымда бұл өлең жолдары: «Ал махаббат бидайдан да жылы…».

– Сіз Қазақстанда қалу шешіміне қалай келдіңіз? Неге дәл Атырауда?

– Қарағанды семинариясында мен бір жыл оқыдым. Осы уақыт ішінде Грузиядағы епископпен байланысымыз әлсіреді. Ал мен Қазақстанға деген сүйіспеншілікке ие болдым. Менен мұнда қызмет етуге қалғың келмейді ме деп бірнеше рет сұрады. Бірақ мен Арменияда қызмет етуге дайындалып жүрдім. Содан кейін Атырау Апостолдық Әкімшілігінің әкімшісі  Дариуш Бурас әкей мені Қазақстанның батысында қызмет етуге шақырды. Содан кейін мен дұға етуге шештім. Бұл менің өмірімдегі ең үлкен ғажайыптардың бірі. Мен Қарағандыдағы часовняда дұға еттім. Бірінші күні Тәңірден маған қандай әрекет жасау туралы бір белгі беруін сұрадым. Бірінші күні ештеңе болған жоқ, екінші күні – тыныштық, ал үшінші күні менің басыма «Келдіңіз» сияқты естілгендей таныс емес сөздер келді. Бұл сөздер маған ештеңе айтпағандықтан, оларды елемеуге шешім қабылдадым. Төртінші күні тағы да тыныштық болды, ал бесінші күні қайтадан басымда бұл сөздер естілді, бірақ бұл жолы,анығырақ. Сол кезде мен бұл дыбысты интернеттен іздедім, ал маған қазақ тілінде – «Қош келдіңіз» деген өзге сөйлем шықты. Аудармасын таптым: «Қош келдіңіз». Сол кезде мен ректормен сөйлесуді баяулатпадым, сырыммен бөлістім. Оған өзімнің ізденістерім туралы айтып бердім. Ол қазақ тілін еркін меңгерген досына қоңырау шалуды шешті, және ол бұл жай ғана «Қош келдіңіз!» емес, «Ақыры, сен келдің, мен сені көптен күттім»дегенді білдіреді деді. Осы сөздердің мағынасын естіген кезде, менің эмоцияларымды сөзбен жеткізу мүмкін емес еді. Мен әлі күнге дейін бұл туралы ойланамын. Адам ретінде мен Қазақстанға баруға қорқатынмын. Ал енді Құдай менің осында келуімді қалағанын түсіндім. Менімен қалай болса солай емес, сондай-ақ филиппиндықтардың ауызша сөз тіркестерінің қысқарту бейімділігін ескере отырып, қазақ тілінде айтқан болатын. Ол маған «Кош келдиниз» деген толық фразаны жолдаған жоқ, тек қысқаша «Келдіңіз». Құдай ақылды және бізге таныс стильде сөйлейді. Құдай мені осында көптен күтіп тұрғанын түсіндім. Және бұл мен үшін ауыр болды. Маған қорқудың қажеті жоқ, Құдай жақын жерде және ұзақ уақыттан бері орын дайындап, мені көптен күтіп тұр. Әрине, менің монастырімнің басшысы менің қызметім бұл жерде пайдалы болады деп шешті, сондықтан Қазақстанда қызмет етуді жалғастыру идеясын қабыл алды.

Бір филиппин жігітінің қалай қазақстандық пірадар болғаны туралы (жалғасы)

– Сіздің қай жерде қызмет ететініңізге қатысты жоспарлар бар ма?

– Алдымен үш аптаға жуық уақыт бойы мен жартылай Еуропада,  жартылай Азияда орналасқан Атырау қаласында болдым. Содан кейін      Дариуш әкей мені Атыраудан үш сағат жерде орналасқан Құлсарыға жіберді. Қазақстанның батысында келушілер өте аз және шіркеулер бір-бірінен алыс. Бұл қалашықта 50 мыңға жуық тұрғын бар,ал шіркеуде шамамен 17 адам. Кейде қасиетті Месса рәсімінде 3-5 адам ғана болады. Бір күні шіркеу басшысы тіпті адамдар саны аз болғандықтан мұнда қалудың қажеті жоқ екенін айтты. Бірақ мен үшін міндетті түсіну біршама ерекшеленеді. Біздің міндетіміз – осы адамдармен бірге өмір сүру және өз үлгімізбен куәлік ету. Мен адамдарға католик болу керек деген оймен бармаймын. Әрине, бұл жақсы болар еді, бірақ бұл маған байланысты емес. Мен үшін бұл адамдармен өмір сүру, оларға менің өмірімнің үлгісін көруге мүмкіндік беру өте маңызды. Өйткені, біздің қызметіміз тек сенушілер үшін ғана емес, сонымен қатар, Құдай біздің жолымызға жіберетін барлық адамдар үшін де.

Сіз жергілікті тұрғындармен ортақ тіл табыса алдыңыз ба?

– Мұнда қарапайым адамдар тұрады. Менің байқауымша, олардың көпшілігі шаруашылықпен айналысады. Мен де шаруашылықпен айналысқым келеді, себебі бұл жақсы куәлік болар еді. Адамдар менің пірадар екенімді, қарапайым өмір сүретінімді, менде де сол сияқты шаруаларым бар екенін көріп, біз адамдардан жоғары емес, бір деңгейде екендігімізді түсінетін болады. Сонымен қатар, шаруашылықтың бары жалпы тақырыптағы әңгімелерге жақсы себеп болуы мүмкін. Сол малды бағып, адамдармен қарым-қатынаста болу тіптен оңай.  Оның үстіне менің сыртқы келбетім қараторы,қазаққа ұқсайды, олар мен ақшырайлы емес бола тұра, католик екеніме таң қалады.

Бір филиппин жігітінің қалай қазақстандық пірадар болғаны туралы (жалғасы)

2 сәуір күні сағат 19.00-де Атырау қаласында Патрик бүкіл өмір бойы, ал біз соңғы төрт аптада дайындалған іс-шара өтті. Ал Патриктің жаңа қызметте не істейтіндігі туралы және осындай батылдыққа ие Құдай жолаушысының басқа жаққа бару жоспары туралы жақында біле аласыздар.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top