өзара түсіністік туралы меморандум

Қазақстандағы Рухани келісім Күні қарсаңында, 2020 жылдың 15 қазанында Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңес пен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Соңғы айларда өткізілген көптеген іс-шаралар іспетті,қол қою Қазақстан мен Ватикан арасындағы бейнеконференция арқылы өтті.  Веб-камераның арғы жағында,Ватиканнан Дінаралық диалог жөніндегі Папалық Кеңес президенті Кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксот, ал Нұр-Сұлтаннан елші  Алтай Абибуллаев, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы,сонымен қатар Католик шіркеуінің Қазақстандағы өкілдері: Қазақстан Республикасындағы Апостолдық Нунций Архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт,ҚКЕК бас хатшысы епископ Атаназиус Шнайдер, Қазақстандағы Апостолдық Нунциатура хатшысы Пшемыслав Август Левински әке, ҚКЕК баспасөз-хатшысы прелат Петр Пытлованы.

өзара түсіністік туралы меморандум

Тараптар бір-бірін қарсы ала отырып, Ватикан мен Қазақстан арасындағы достық және институционалдық қатынастарды одан әрі дамыту аясындағы осы қадамның маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері шеңберінде дінаралық диалогты ілгерілетудің маңыздылығын еске салды.

Екі тараптың бірлескен талқылауы мен ынтымақтастығының нәтижесі болған құжатта Ватикан мен Қазақстан арасындағы дінаралық диалогты дамытуға бағытталған қазіргі заманғы даму тарихының маңызды кезеңдері, дәлірек алғанда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1998 және 2003 жылдары Ватиканға сапары, сондай-ақ Папа Иоанн Павел ІІ-нің Қазақстанға 2001 жылғы тарихи сапары айтылған.

өзара түсіністік туралы меморандум
өзара түсіністік туралы меморандум

Аталған келісімге қол қою түрлі дін өкілдері арасындағы өзара құрмет пен өзара түсіністікті ілгерілету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктері мен болашағы зор жолдарын ашады.

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Перевод: Раушан Таупикова

Если вам понравилась эта публикация, просим порекомендовать ее друзьям, поделившись ссылкой в социальных сетях или мессенджерах:

Facebook
Вконтакте
Одноклассники
WhatsApp
Распечатать

Подпишитесь на нас в YouTube,  ВконтактеFacebook или  Instagram, чтобы не пропустить новые материалы, видео и трансляции

Scroll to Top