75 ПАТША МЕН ПАТШАЙЫМ, АМЕРИКАНДЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТАР КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛІ

Қазақстанда алғаш рет дене және когнитивті мүмкіндігі шектеулі 75 адам үшін патшалар мерекесі өткізілді. Мұндай науқан әлемнің 33 елінде біруақытта орын алды. Мереке Night to Shine– Жарқырау кеші деп аталады, және де Тим Тибоу Қорының қолдауымен,әлем бойынша 7 жыл қатарынан, 12 ақпанда,яғни Ғашықтар күні қарсаңында тойланып келеді. Қазақстанда бұл мерекені Қарағанды және Теміртау қалаларынан 90 шақты ерікті ұйымдастыруға ат салысты.
75 королей и королев, американский футбол и необычный способ отпраздновать День всех влюблённых

Мерекенің ресми уақыты, 12 ақпан,кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Жарқырау кеші Әулие Валентин Күнінің алдын алып, Құдайдың махаббатын, әр адамның өмірінің құндылығы мен бауырмалдыққа басты назар аударады. Махаббаттың христиандық түсініктемесі де осы туралы емес пе,оқшаулануды жеңу, дене мен рухтың шектелулерін бұзу.

75 ПАТША МЕН ПАТШАЙЫМ, АМЕРИКАНДЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТАР КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛІ

Жыл сайынғы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған патша балының бастамашысы-американдық спортшы  Тим Тибоу. АҚШ –тың Ұлттық футбол лигасындағы, сосын бейсболдағы жарқын әрі аса ұзақ емес мансап жолын жасағаннан кейін Тим Тибоу өзінің танымалдығын, табысы мен қаражатын Құдайдың даңқы үшін қолдануды жөн көріп, бірнеше әлеуметтік жобалар ұйымдастырды,солардың бірі – Night to Shine. Харизмаға толы спортшы тек қана спорттағы үлкен жеңістерімен ғана емес, өзінің  берік діни көзқарасымен және христиандық сенімді ашық дәріптеуімен де атақты.

75 ПАТША МЕН ПАТШАЙЫМ, АМЕРИКАНДЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТАР КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛІ

Тим Тибоу әр ойынның алдында дұға жасап, және әр тачдауннан соң бір тізесін бүгіп тағзым ететін. Тіпті tebowing деген термин  заманауи сленгтер сөздігіне енген, ол айналада болып жатқанға қарамастан дұға жасау үшін бір тізені бүгу деген мағынаны білдіреді. Алаңға шығар алдында Тибоу көзінің астына Евангелиедегі сүйікті жолдарын жазып алатын, мұны көрген мыңдаған адам гуглға кіріп жазбаның нені білдіретінін қарайтын еді. Өткен жылы Римдегі бірінші Жарқырау кешінің қарсаңында Тим Тибоу Папа Францискпен жеке кездесті, өзінің жобалары туралы айтып,Папаның батасын алды.

75 ПАТША МЕН ПАТШАЙЫМ, АМЕРИКАНДЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТАР КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛІ

Қазақстанда Жарқырау кеші 2 қалада–Қарағанды мен Теміртауда өтті. Коронавирустың таралуын болдырмау шараларын ескере отырып, іс-шара әр қатысушының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ететін форматта, онлайн және офлайн түрде өткізілді. Мерекелеу бірнеше топқа бөліп ұйымдастырылды, бұл адамдардың топталуын болдырмай және әр құрметті қонаққа жағымды атмосфера сыйлауға септігін тигізді. Кейбір құрметті қатысушыларды еріктілер үйлерінде құттықтады, оларға өз қолдарымен  сыйлыққа қолдорбалар тарту етіп,онлайн мерекелеудің  қуанышын бөлісті.

75 ПАТША МЕН ПАТШАЙЫМ, АМЕРИКАНДЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТАР КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛІ

Еріктілер барлық құрметті қонақтарға адын-ала мерекенің уақыты мен орны көрсетілген шақыртулар,сонымен қатар олар мерекеге салтанатты түрде келуі үшін гүлтүйреуіштер мен гүлді білезіктер жіберді.Кейбір қонақтар мереке қарсаңында сән салонына да барып үлгерді.

Мерекенің виртуалды трансляциясы Тим Тибоу Қорын қабылдаушы барлық Шіркеулер үшін дайындалды. Салтанатты мерекені Тим Тибоудың өзі және де Әлем Аруы 2017 байқауының жеңімпазы атанған сүйкімді жұбайы Деми  жүргізді. Барлық елдердегі карантиндік шараларға қарамастан, Жарқырау кешінің міндетті атрибуттары саналатын қызыл кілемде жүріп өту, би мен караокені виртуалды бағдарламаға енгізудің сәті түсті. «Коронавирус көп нәрседен бас тарутға мәжбүрлей алады, бірақ адамның қадір-қасиетін,абсолютті құндылықтар мен махаббатты шектей алмайды», —деді Тим Тибоу өзінің сұхбатында. Оған қоса виртуалды мерекеге әлемдік танымал жұлдыздар,әнші Кэрри Андервуд, актёр кіші Гарри Конник ,Әлем аруы 2019 Зозибини Тунзи, боксёр Мэнни Пакьяо және де тағы да басқалары қатысты. Сөз сөйлеушілер әр құрметті қонақтың қандай маңызды, қымбат әрі сүйікті жан екендерін,Құдайдың әр адам үшін қайталанбас ерекше жоспары бар екенін айтып өтті.

Мерекенің шарықтау шегі барлық құрметті қонақтарды кештің патшалары мен патшайымдары деп хабарлау сәті болды. Мұның дәлелі ретінде еріктілер салтанатты түрде Қазақстандағы Жарқырау кешінің 75 құрметті қонағына тәж бен диадеманы тақты,бұл мерекенің міндетті атрибуты әр адамның Құдай баласы және Патшалардың Патшасының мұрагері  ретіндегі шынайы қадір-қасиетіне меңзейді.

75 ПАТША МЕН ПАТШАЙЫМ, АМЕРИКАНДЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТАР КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛІ

Ары қарай бағдарлама офлайн форматқа ауысты. Қарағандыдағы құрметті қонақтарға еріктілер, аниматорлар мен қуыршақтардың қатысуымен көңіл көтеретін бағдарлама ұйымдастырып берді. Сонымен қатар, әр қатысушы жеке хат пен әртүрлі сыйлықтар салынған Жарқырау кешінің фирмалық қолдорбасын иеленді.

Жарқырау кеші іс-шарасы христиандық құндылықтарға негізделген,бірақ конфессияаралық сипатқа ие,  ұлттық немесе діни айырмашылықтарға қарамастан, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектесуге дайын барлық мейірбан жандарға арналған алаң. Қазақстандағы алғашқы Жарқырау кеші Әулие Жүсіп католиктік приходы еріктілерімен, Теміртаудағы Грейс шіркеуі, коммерциялық емес «Менің періштем» қоғамдық қорымен, және де Қарағанды қаласының мерекелерді кәсіби ұйымдастырушыларымен бірлесе жасалды.

75 ПАТША МЕН ПАТШАЙЫМ, АМЕРИКАНДЫҚ ФУТБОЛ ЖӘНЕ ҒАШЫҚТАР КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ЕРЕКШЕ ТӘСІЛІ

Біз қазір көптүрлілік пен әртүрлілікті ашық қабылдап, барлығы үшін мүмкіндіктер беретін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Алайда мүгедектікке шалдыққан жан жиі қиын өмір жағдайында және өзін жалғыз сезінеді. Отбасы мүшелері де қолдауға мұқтаж.  Жүкті әйелдер теріс туу алды диагноздарымен бетпе-бет келгенде белгісіздік үрейіне бой алдырып, қолдауды қажет етеді.

Жарқырау кеші тек ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ғана емес,қиындықты бірге бөлісіп отырған жақын жандарына да қажет, сонымен қатар еліміздегі және әлемдегі жақсылыққа бетбұрысты жандандыру үшін керек. Әлеуметтік қарым-қатынас, инклюзия,толеранттылық, диалог,және шынайы сенім мен мейірімділік адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертеді және біршама жеңілдете алады.

Қазақстандағы Жарқырау кеші жыл сайынғы мерекеге айналып, жаңа еріктілерді өзіне тартып, ерекше қажеттіліктері бар жандарға қызмет жасаумен айналысып жүрген қауымдарды нығайтады деп үміттенеміз.

Ксения Готовская
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top