«Адвент» термині Киелі Кітаптың латынша аудармасында, қазақ тіліндегі сөзбен айтқанда, «келу», «ақырзаман» дегенді білдіреді.
Адвент кезінде Құдайға сенушілердің тек қана әлемге Құтқарушы сыйланған күнді,Рождество мерекесін асыға,қуана күтіп қана емес, Христостың жер бетіне екінші рет келуі жайлы көбірек ойлана бастауы кездейсоқ емес. Сол себепті де Адвент- бұл қасиетті және қуанышқа толы күту уақыты (Cal. № 39).
Адвентті екі бөлімге бөлуге болады,оларға Қасиетті Жазбаны оқудың екі префациясы мен тәртібі сәйкес келеді: бірінші бөлім-16 желтоқсанға дейін-ақырзаман жайлы ойларға тоқталу,ал екіншісі-17 желтоқсаннан басталады-Тәңіріміз Исаның, Христостың Туылуына дайындалу.
Бұл кезеңнің ең басты әшекейі – 4 шамға оранған адвент гүлдестелері,шамдардың әрқайсысы апта сайын жағылады,ал Адвенттің аяғында барлық төрт шам жанып бітеді.
Ерекше дәстүр Рорат Қасиетті Мессаларымен тығыз байланысты,ол күннің шығуымен орындалады. Күннің шығуын асыға күту-Христосты, түнекті жойып тарқатқан Ақиқат Күнін күтудің белгісі болып табылады. Құдайға құлшылық ету жартылай қараңғылықта басталады және тек «Көктегі Құдайға мадақ» гимнінен кейін храмда жарық жанады.
Сонымен қатар Адвент рухани жаттығуларсыз өтпейді,және де оны әркім өзі үшін белгілейді,құрбандық пен өзіне жағымды нәрседен бас тарту арқылы Христостың Туған Күніне жақсырақ дайындалу үшін.
Фотомұқабалар Алевтина Самусеванікі