Әлемдік діндер съезі өте терең мағынаға ие. Өйткені сенім – кез келген қоғамның, халықтың және мемлекеттің іргетасы болып табылады. Руханилықсыз, Құдайға деген сенімсіз, бір-біріне деген махаббатсыз барлығын жоғалтуға мүмкін. Сондықтан Қазақстан руханият, діни сенім бостандығы мен өзара сыйластық болып табылатын мықты іргетаста мемлекетін құруға тырысады деп, рим-католиктік архиепархияның архиепископ-митрополит Томаш Пэта «Қазақпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында ерекше көңіл аударды.
– Құрметті архиепископ Томаш, жақын арада Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі өтеді. Діни қайраткер ретінде сіз осы кездесуден не күтесіз?
– Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер конгресі – барлық конфессиялар үшін өте маңызды оқиға. Бұл съезд алтыншы болады. Діни даудың сипатына ие болмаса да, бұл жерде әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері кездеседі.
Съез барлық адамдарды, ұлтары мен діндеріне қарамастан, немесе Құдайды әлі іздеп жүрген адамдарда да бір-біріне тілектестікпен қарағанына ықпал етеді. Өйткені біз географиялық, рухани, тілдік тосқауылдарымен бөлінсек де, бір-бірімізді жақсы түсіне аламыз.
Менің ойымша, сол съезде талқылайтын мәселелерден зор маңыздысы – бұл өздеріміздің арасымызда ізгі қарым-қатынастар орнатуға ортақ ұмтылысымыз. Адамдардың бір-біріні отбасымыз деп осы жерде сезінуі үшін әрбір конфессияның дұғалары өте қажет. Өйткені біз бәріміз бір Құдайдың балаларымыз.
– Сіздің ойыңызша, әлемдік көшбасшылар съезі дәл Қазақстанда өткізілетін дұрыс па?
– Мүмкін, әлемдік көшбасшылар съезін елімізде өткізу туралы шешімі 2001 жылдың қыркүйегінде Рим Папасы Жохан Пауыл II Қазақстанға сапарынан кейін қабылданды. Елбасымен кездесу барысында Қазақстанның ерекше миссиясы бар екендігін Папа бірнеше рет атап өтті, өйткені бұл ел Еуропа мен Азия, діндер мен мәдениеттер арасындағы көпір болып табылады. Ал менің ойымша, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуда дін мен континенттердің қиылысында орналасқан Қазақстан ерекше рөл атқаратыны туралы Киелі Әкенің сөзін біздің Президентіміз жүрегімен қабылдады.
– Қазақстандағы сенушілер қалай өмір сүріп жатқанын туралы айтыңызшы. Діни бірлестіктердің қызметтері үшін жағдай жасалған ба?
– Біздің егеменді мемлекетте кез-келген конфессияның сенушілері үшін барлық жағдай жасалған деп санаймын. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 100 мыңға жуық католиктер бар, біз Астанада, Алматыда, Шымкентте, барлық облыстарда және облыс орталықтарында тұрамыз. Қазақстанда католик приходы тіркелмеген облыс жоқ. Бұл католиктік сенушілердің бірге жиналуға, өз қызметтерін жүргізуге мүмкіндік бар екенін көрсетеді, өйткені Құдайға деген сенім тек жалғыздан ғана жүретін жол емес, бұл қауымның іздеуі. Өйткені адам Құдайға қауымдастықта, шіркеумен бірге, ол тиесілі болғысы келетін Құдайдың халқымен барып жұреді. Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы мынадай мәнбі де дәлелдейді: мұнда, Астанада, апостолдық нунций деп аталатын Рим Папасының өкілі бар Ватикан елшілігі орналасқан.
– Сіз Польшада туып өстіңіз, бірақ сұхбаттарыңыздың бірінде Қазақстан Сіз үшін екінші үй болғанын айттыңыз. Бұл қалай болды?
– Иә, мен Польшада туып өстім, бұл елде білім алып, пресбүтер болдым. Бірақ 28 жыл бұрын католиктік сенушілердің өтініші бойынша мен Қазақстанға келіп, басында Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданының Озерное ауылына бардым. 2003 жылы Қазақстан азаматы болдым. Азаматтық қабылдау – бұл өте маңызды қадам, сондықтан мен ылғиПольша мен үшін – анам, ал Қазақстан – әкемболып табылатынды айтамын. Әр адамның екі ата-анасы бар: әкесі мен анасы. Польша – менің тарихи Отаным, ал Қазақстан енді менің екінші Отаным деп санаймын.
28 жыл – менің жаңа Отаным туралы көбірек білу үшін жетерліктей көп. Осы жылдар ішінде мен қазақ тілін аздап үйрендім, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көп нәрсені білдім. Қазақстанда достарым өте көп, біреуді қалдырып алмау үшін ешкімді аты бойынша атағым келмейді. Бұл діни қызметкерлер мен күнделікті өмірде араласып жатқан адамдарға да қатысты. Көптеген адамдар мұнда мен үшін туған бауырлар болып қалды.
Қазақстан шіркеу мемлекеттен бөлінген зайырлы демократиялық мемлекет екенін білеміз. Дегенмен, мемлекетте де, шіркеуде де – Қазақстанымыздың дәл сондай азаматтары. Осы жерде бұл жолдар қиылысатынды еліміздің жетекшілігі жақсы түсінеді. Сондықтан бізді, діни қызметкерлерді, Мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының қатысуымен өте маңызды іс-шараларға, «дөңгелек үстелдерге» шақырады. Мен сенушілердің проблемаларына әрдайым үлкен назар аударатын біздің Мемлекет басшысына – Елбасына өте ризамын.
– Әлеуметтік желіде кейбір пайдаланушылар осындай іс-шараларға ақша жұмсаудың қажеті жоқ деп жазды. Ал Сіз қалай ойлайсыз: съезді өткізу керек пе және оның маңыздылығы неде?
– Білесіз бе, біздің өмірімізде бәрі ақшамен өлшенбейді. Барлығы емес. Мысалы: мен Солтүстік Қазақстан облысы Озерное ауылына келгенде, онда адамдар шіркеуні салып жатқан. Бұл кеңес дәуірінің соңғы айлары болды. Міне 1989 жылы Озерное ауылының, сол кезде Көкшетау облысы Киров ауданының Авангард колхозының тұрғындары шіркеуні салуға рұқсат Мәскеуден сұрады. Авангарды аудандағы, облыстағы ең бай колхоз деп атауға болмайды. Әлдеқайда артығырақ бай да болған, мысалы, колхоздар-миллионердер. Бірақ адамдар колхоз басшылығының қолдауымен шіркеу салды. Бір қызығы, кейбір ауылдар қазір жоқ, колхоздар ақсап бітті, адамдар кетіп қалды. Озерныйда да колхоз жоқ, бірақ Озерное тірі, адамдар шіркеунің құрылысына соншама көп шығын жұмсаса да.
Бұл шіркеуде 2012 жылы 10 қазанында Папа Бенедикт XVI киелі еткен «Қазақстан жұлдызы» алтарьі орналасқан. Бұл приход католиктер үшін Бейбітшілік Патшайымының ғибадатхана болды. Енді оны біздің мемлекетіміз «Рухани жаңғыру» Президенттік бағдарламасына қосты. Озерное далада болса да, мемлекет Үкімет деңгейінде оған жол салуды шешті, өйткені бүкіл Қазақстаннан және әлемнің түрлі елдерінен адамдар осы ауылда дұға ету үшін, оның тыныштығымен тынығу, бейбітшілік пен келісім орнаған және достық іздеу бар Қазақстанның рухына ену үшін оған барады.
Сондықтан бәрін ақшамен өлшеугеболмайды. Барлығын емес. Дәл солай әлемдік діндер съезі де туралы айтуға болады. Егер барлығын тек ақша деп санасақ, көп нәрсені жоғалтып аламыз. Иә, біреу одан да аурухана немесе мектеп салу жақсы болушеді деп айту мүмкін. Мұның бәрі әрине қажет. Бірақ халықтың рухын көтеріп, руханилықты дамыту да қажет. Өйткені сенім – кез келген қоғамның, халықтың және мемлекеттің іргетасы. Руханилықсыз, Құдайға деген сенімсіз, бір-біріне деген сүйіспеншіліксіз барлығын жоғалтуға болады. Қазақстан руханилық, діни сенім бостандығы және өзара құрмет болып табылатын берік іргетаста мемлекет құруға ұмтылады. Сондықтан әлемдік діндер съезі өте терең мағынаға ие.
– Томаш әке, Сіз діни қайраткерсіз, бірақ қоғамдық өмірге де белсенді қатысасыз. Діни адам өз елінің патриоты болуы керек пе және неге?
– Көптеген сенушілер Құдайды тапқан кезде өз елінің патриоттары артырақ болып кеткендігін маған айтады. Олар бұрын да өз елін жақсы көретін, бірақ Құдайға деген сенім оларға әр адамды одан әрі сүюге, өз Отанын көбірек сүюге көмектеседі, өйткені Құдайға деген махаббат – әр адамға деген махаббат, ал бұл Отанға деген сүйіспеншілік. Сенімі бар адам барлық қасындағы адамдармен мейірімді болғысы келеді. Құдай бізді жақсы көреді, біз оның махаббатына жауап бергіміз келеді, сондықтан сенімі бар адам өз елінің патриоты міндетті түрде болады.
Поляк және қазақ халықтарының қарым-қатынастарының тарихы өте әрменде, орта ғасырларға да шейін тамырларын жаяды. 1245-1247 жылдарында Рим Папасы монахтардың делегациясы арқылы Алтынорданың ханына хат жолдап, осы делегациянын арасында поляк Бенедикт болған. Олар екі жыл саяхат жасап, хатқа берілген жауаппен Рим Папасына оралды. Қазақстан елшілігі бірнеше жыл бұрын поляк монах Бенедикт авторы болып табылатын осы саяхаттың хроникасын басып шығарды. Бұл кітап латын түпнұсқада, сондай-ақ поляк, қазақ және орыс тілдерінде шығарылған.
– Адольф Янушкевич, Бронислав Залеский сияқты поляк халқының көрнекті ұлдары өз өмірі мен шығармашылығын Қазақстанға арнағанын білеміз. Александр Затаевичтің жалғызы қазақ музыкалық фольклорының 2300-ден астам шығармаларын жинап, оларды жүйеге келтірді. Затаевич жариялаған жинақтар қазақ фольклорының антологиясына айналды.
– Иә, біздің достығымыздың тамырлары тереңде жатыр. Бұл байланыстар XVIII ғасырдың соңынан, XIX-XX ғасырлардан бүгінгі күнге дейін әсіресе арта берді. Патшалар кездерінде, содан кейін 1930-1940 жылдарында Сталин режимі көптеген поляктарды жерлерін аударып Қазақстанға жіберді. XIX ғасырда көптеген поляктар қазақ тілін үйреніп, едәуір әндер мен өлеңдер жинады. Сондай-ақ, қазақ халқының өмірін жырлаған «Қырғыз» поэмасын жазған Густав Зелинский да еске алуға болады. Ол қазақ тіліне және әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Және мұндай мысалдар өте көп. Бұл біздің ортақ тарихымыз. Бұны еске алу ретінде Астанада және басқа Қазақстан қалаларында көшелеріне атақты поляктардың аттары койылған. Мысалы, біздің шіркеуміздің жақында Адольф Янушкевич көшесі бар.
ХХ ғасырда жерлері аударылған поляктар олар аштық пен суықтан өліп жүрген кезде қазақтар оларға көрсеткен көмегі туралы көптеген естеліктер қалдырды. Қазақтар сол кезде өздері де бай болған жоқ, бірақ соңғы нан бөле білді, материалдық ігіліктерімен, кеңеспен, мейірімділікпен көмектесті. Қазақтардың және басқалар да жерлері аударылған адамдардың көмектері туралы жүздеген әңгімеден көбірек шығар да естідім. Қазақтардың көмегі арқылы қалай аман қалғанын адамдар сондай алғыспен айтады. Ал бұл біздің Қазынамыз. Құдайға шүкір, бізде жаңа мерекеміз – 1 наурызы, Алғыс айту күні бар.
– Көптеген елдердің өкілдері Қазақстанның конфессияаралық келісімді сақтаудағы бірегей тәжірибесі туралы айтады. Мүмкін, бірлігіміздің құпиясы жалпы тарихымызда жатыр?
– Әрине, біздің қоғамдағы мейірімді, бауырластық қарым-қатынастар – бұл, ең алдымен, осы достықты азаптарымен жеткен бұрынғы буындар еңбектерінің жемісі. Қазақ және басқа ұлттар өкілдері киелі қазақ жерінде өте көп азап көрген. Мұнда қан да көп, көз жасы да көп төгілген. Ал, мүмкін, бұл жазықсыз азап шеккен адамдардың қаны, көздерінің жасы – олар бізді біріктіреді. Католиктер үшін Құдайға қызмет етудің осындай мысалы – баталылар қатарына көтерілген Қазақстанның апостолы Владислав Буковинский әке. Ол Орта Азияның ең үлкен католик храмында Қарағанды кафедралды соборында жерленген. Ол бірнеше рет діни қызметі үшін қуғын-сүргінге ұшырап, 16 жыл түрмеде өткізген. Өз өмірінің соңғы 20 жылында ол Қарағандыда тұрып, әртүрлі ұлттар өкілдеріне қызмет етті. Владислав әке дәл сенім, дұға және сүйіспеншілік адамы болған. Түрмелерде көп жылдар өткізсе де, өте жайнақы болды. Құдай бұны көреді. Біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүреміз, бірақ бұл баға жетпес байлықты сақтау үшін әрқашан да күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Өйткені қоғам, халық, отбасы, күйеуі мен әйелі арасында адамдарды бөлісу үшін арам рухтың әрекеттері бар. Дұға ету тиіс. Міне неге дұға соншама маңызды. Рим Папасы 2002 жылы Астанаға келген соң кафедралды соборымызда тәулік бойы дұға етіледі. Часовняда әрқашандабіреу бар, онда Қазақстан үшін, бүкіл әлем үшін дұға етіледі. Зұлымдық күштер бізді осы бейбітшілік пен келісім жолынан бурылуымызға еліктіре алмау үшін, дұға ету керек.
– Томаш әке, соңғы сұрақ: Әлемдік діндер съезінің қатысушыларына, сондай-ақ біздің сайтымыздың оқырмандарына қандай тілек білдіргіңіз келеді?
– Съездің барлық қатысушыларына тілегім мұндай болады: Қазақстан астанасындағы тілдесуіміз әрқайсымызға Құдай Тағалаға сеніп қалуымызға көмектессін және дұға жолына онда да көп бағыттасын. Өйткені дұға ету – бұл уақытты босқа жоғалту емес. Бұл шын мәнінде күш іздеу, бұл болашақ энергиясы. Дәл осы сөздер – «Дұға – болашақ энергиясы» – EXPO-2017-дегі Ватикан павильонында түйінді сөздерге айналды. Кез келген технологиялар, адамзаттың кез келген жетістіктері тек жасампаздық пен ізгілікке бағытталуы тиіс.
Сайт оқырмандарына дұғаға уақыт аямас беруілеріңізге тілек білдіргім келеді. Тіпті егер біреу өз жолын таппаса да, қандай қауымға қосылғанын білмесе де, ғибадатханаға, дұға үйіне кіріп, тыныштықта аздап отырсын. Құдай оны естігеніне және сый беруіне сенімді болсын. Бұл дұға Құдайға қажет емес, себебі Ол Өзі бақытты. Бірақ, егер Оның баласы оның алдында тыныштықта болу үшін уақыт тапса, Тәңір оған риза болады. Бұл біздің әрқайсымыз үшін үлкен пайда болады. Құдай алдында ғибадатханада немесе үйде тыныштықта отырудан қорықпаңыз.
– Мазмұнды сұхбат үшін рақмет.
Автор: Азамат Сыздықбаев
Дереккөз: «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі