Бейбітшілік және толеранттық

Мир и толерантность

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесіне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» тақырыбында Халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл конференцияға Қазақстан Католик Шіркеуі атынан Қазақстандағы Ватикан елшісі архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт,Астанадағы Қасиетті Мәриям Бике Архиепархиясының архиепископ митрополиті Томаш Пэта,нунциатура хатшысы Пшемыслав Левинский әке, сонымен қатар ҚКЕК баспасөз-хатшысы Петр Пытлованы қатысты.

Бейбітшілік және толеранттық

 «Көптеген мәселелермен бетпе-бет келе,діни көшбасшылар әділдік пен бейбітшіліктің жаршылары болып,бұлжымас адам құқығының жақтаушылары атанып,бейбітішілік пен толеранттық жайлы хабарды жария етулері керек,сонымен қатар әлсіз,қорғансыз,қорлық көрушілер,қудаланушылар мен кемсітуге ұшырағандарға қамқорлық жасап,өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінен айырылғандардың дауысына айналулары тиіс»,- деп атап өтті өз сөзінде архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт.

Иса бізге биліктегілер үшін дұға жасауды тапсырды. Оның өсиеттеріне құлақ аса отырып,алдағы мереке қарсаңында мемлекетіміз үшін кеше және бүгін де  жауапты болып отырған адамдар үшін дұға жасауды ұмытпайық.

aýdarý: Таупикова Раушан

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top