Қазақстан кәмелетке толмағандарды қорғау мәселелері бойынша кездесуде

Казахстан на встрече по вопросам несовершеннолетних

Бұл күндері Ватиканда кәмелетке толмағандарды қорғау мәселелері бойынша кездесу өтуде. Бұл кездесуге бүкіл әлемнің Католиктік Епископтары Конференцияларының төрағалары қатысып жатыр.  Қазақстан атынан бұл кездесуге Қазақстанның Католиктік епископтары Конференциясының төрағасы Хосе Луис Мумбиела Сиерра қатысты.

«Vatican News» ақпараты бойынша, бұл кездесуді ашу барысында Рим Папасы Франциск былай деді: «Құдайдың Қасиетті халқы бізге қарап, бізден жай ғана, айқын айыптауды емес, нақты және тиімді шаралар дайындауды күтеді. Бізге нақтылық қажет».

Бұл кездесу  21-24 ақпан аралығында төрт күнге созылады және «Vatican News» бас редакторының бағанындағы Андреа Торниеллидің сөзі: «Әңгіме ең алдымен заңдар мен нормалар туралы емес, бюрократиялық қарсылықтар емес, тіпті статистика туралы да емес. Бұл зардап көрушілерді тыңдау, олардың ауыр драмасын бөлуге тырысу, оларға келтірілген зардаптарды өзінікіндей сезіне алу. Менталитетті өзгерту қажет, ешкім жасырып, тығып, кемітіп көрсетіп және көрмегендей кейіп танытпауы үшін».

Сондай-ақ Андреа Торниелли өз сөзінде бұл «ұзақ жолдағы жаңа қадам Шіркеу үшін кезекті болып табылады, ол осыдан жиырма жылдан аз уақыт бұрын теріс пайдалану апатымен күрес барысында аса қатал және тиімді заңдарды қабылдаудан басталғандығына» екпін жасады.

Фотомұқабалар www.vaticannews.va сайтынан алынған.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top