Құдайға енді қазақ тілінде де дұға етеміз!..

Господу помолимся!.. и на казахском языке

Қазақстан епископтарының қолынан “ad limina apostolorum” сапары аясында Рим Папасы Францискке Құдай Анасы балықтармен бірге бейнеленген иконасы және қазақ тіліндегі дұғалар жинағы сыйға тартылды. Рим Папасы бұл дұғалар жинағының алғашқы иесі атанды.

Ағымдағы эксперименталды нұсқа 2009 жылғы орыс тіліндегі дұғалар жинағы негізінде  және кейбір қазақ тіліндегі дұғалар элементтерінің пайдалануымен дайындалды. Бұл дұғалар жинағы Қазақстанның әртүрлі шіркеулерін қамтитын адамдардың үлкен топтық жұмысының жемісі болды. Сондықтан, епископтар шынымен де Папаға Қазақстанның бүкіл шіркеуінің бір бөлшегін тарту етеді. Қазақ тіліндегі дұғалар жинағын басып шығару ниеті көптен бері бар еді, және көптеген шіркеу қауымдастықтарында еріктілер бұл дұғаларды аударудың өз нұсқаларын дайындады. Кейінірек осы нұсқалардың негізінде редакторлардың шағын тобы алғашқы ресми нұсқаны жасады. Осы жұмысқа “Кредо” газетінің редакциясы жетекшілік етті.

Бұл дұғалар жинағы қазақ тілінде сөйлейтін діни қауым мүшелері үшін пайдалы болады. Сондай-ақ, ол қазақ тілін күнделікті өмірде пайдаланбайтын адамдар үшін дұғада осы тілдің қолданылуына қадам жасайды.

Әдебиет редакторларының қатарында жұмыс істегендерге, сондай-ақ осы дұғалар жинағының авторларының қатарына кірмесе де, бірақ оның пайда болуына үлкен үлес қосқан адамдарға алғыс айтқымыз келеді. Осы жобаны жүзеге асыру үшін рухани және материалдық қолдау көрсеткендерге алғысымызды білдіреміз.

Құдай Анасы балықтармен бірге бейнеленген иконасына келер болсақ, ол Солтүстік Қазақстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған католиктердің аса зор құрмет пен алғыс белгісі ретінде жасалған бейненің көркем көрінісі болып табылады, өйткені егер сол кезде Құдай Анасы Мәриямға көптеген дұғалардан кейін Озерное ауылы жанындағы балыққа толы көл бірден пайда болмаса, олар ашаршылықтан өлетін еді.Бұл ауыл әлемнің патшайымы Мәриямның Ұлттық Киелі Үйі болып жарияланды.

Қазақ тілінде болмаса да, Рим Папасы Қазақстан халқы үшін дұға ететініне сенеміз. Енді ол бұл дұғаларды осындай символдық иконаның алдында да жасай алады.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top